|  |  |  | 

Көз қарас Саясат Сұхбаттар

“Әлсіреген” Ресейдің Донбассты басып алуға күші жете ме? Северодонецк шайқасы қалай жалғаспақ? Сарапшыдан сұрадық


Францияның Украина әскеріне берген қаруы. 2022 жылдың маусымы.

Францияның Украина әскеріне берген қаруы. 2022 жылдың маусымы.

Қазір Украинаның шығысындағы Северодонецк қаласы үшін кескілескен шайқас жүріп жатыр. Украина тарабы Ресейдің Северодонецкіге жасап жатқан артиллериялық шабуылына тойтарыс беру қиын болып тұрғанын мойындайды. Бірақ ресейліктердің Северодонецкіге толық бақылау орнатпағаны да айтылып жатыр.

Қазір Батыс елдері Киевті қару-жарақпен қамтамасыз етіп жатқанымен, Украина билігі Ресей әскерінен басым түсу үшін мықты және көп қару керек деп отыр. Жақында АҚШ Украинаға ракета ататын артиллериялық М142 (HIMARS) қаруын, Ұлыбритания артиллериялық М270 қаруын жіберетінін мәлімдеген.

Украина президенті Владимир Зеленский “Северодонецк шайқасы Донбасс аймағының тағдырын шешуі мүмкін” деп мәлімдеген. Украина шығысындағы соғыс қалай жалғасады? Ресей Северодонецкіні алса шайқас қай бағытқа бұрылады? Украина Ресей басып алған аумақтарын қайтара ала ма?

Азаттық осы сұрақтар төңірегінде Вашингтондағы соғысты зерттеу институтының (ISW) сарапшысы Джордж Барроспен сұхбаттасты.

Азаттық: Қазір Украина мен Ресей арасындағы соғыстың негізгі шайқасы Северодонецкіде жүріп жатыр. Бұл соғыс енді қалай жалғасуы мүмкін? Жұрт Северодонецк шайқасы туралы не білуі керек?

Джордж Баррос: Кремль Северодонецк үшін шайқасты басымдыққа айналдырып, Украинаның басқа аймақтарын қазіргі жоспарынан шығарып тастады.

Джордж Баррос

Джордж Баррос

Бір қызығы, соғыс басталғалы Кремльдің мақсаттары азайып келеді. 24 ақпанда Путин соғыс ашқанда Киевті және басқа да ірі қалаларды алып, қысқа уақытта ел билігін ауыстыруды көздеген еді. Бірақ бұған қол жеткізе алмады.

Одан кейін сәуірде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров “арнайы операцияларының” мақсаты Донецк пен Луганск облыстарын басып алу екенін айтты. Бір қызығы, бір жарым ай көлемінде орыстар Донецк облысында да айтарлықтай жетістікке жете алмады да, Луганск облысына, Северодонецкіге бет бұрды. Бірақ бұл майдан шебінде де Ресей көп жетістікке жете алмай жатыр.

Ресей жоспарын қайта-қайта өзгертіп, бірнеше күнде я бірнеше аптада белгілі бір қаланың не ауылдың бір бөлігіне ғана бақылау орнатып жатыр. Бұл ресейліктердің әлі де әлсіз болып тұрғанын көрсетеді.

Вашингтондағы соғысты зерттеу институтының қазіргі бағалауы бойынша, егер Ресей Северодонецк қаласына толық бақылау орнатса, онда Луганск облысын басып алуға көшеді. Бұл Ресей басқыншылығының кульминациясы болып, олар күштерін қалпына келтіру үшін үзіліс алуы мүмкін. Себебі Ресей басып алған жерлерін ұстап тұру үшін де күш керек. Ал бұл тұста Путин атысты тоқтататынын жариялауға тырысуы мүмкін.

Бірақ осы тұста “Ресей Луганск облысын толық басып алуға күші жете ме?” деген сұрақ туындайды. Солтүстік Донецк өзенінің солтүстік жағасындағы Северодонецк – Украинаның Луганск облысындағы ең соңғы әрі ең маңызды позициясы. Ресей бұл қаланы басып алса, өзеннің келесі жағасындағы Лисичанск қаласына жетуі тиіс. Украина Лисичанск қаласында да қорғанысқа дайын отыр.

Лисичанск жоғарыда орналасқан, сондықтан ресейліктерде бұл қалаға шабуылдау географиялық тұрғыдан қиын болады. Себебі бұл соғыста Ресей әскері үшін өзеннен өту және қала ішінде шайқас жүргізу қиынға соғып жатыр.

 

Украина танкісі. Северодонецк, 8 маусым 2022 жыл.

Украина танкісі. Северодонецк, 8 маусым 2022 жыл.

Азаттық: Ресей әскері алға қойған мақсатына жете алмай жатыр дедіңіз. Бірақ олар күштерін жинап, кейбір жерлерді басып алды. Ресей қазірге дейін басып алған жерлерді сақтап қала ала ма?

Джордж Баррос: Қазір “Украина қарымта шабуылға шығып, Ресей соғыс басталғалы басып алған аумақтарын қайтара ала ма?” деген басты сұрақ болып тұр.

Мен былай айтар едім, қазірге дейін Украинаның Ресей басып алған аумақтарын қайтарып алуға қауқарлы екенін көрген жоқпын. Киев маңайындағы, Харьковтың солтүстігіндегі жерлерді Украина әскері қайтарып алды деп жатыр ғой, бірақ көп жағдайда бұл жерлерден Ресей әскері шығып кетті.

Меніңше, қазірге дейінгі соғыстан шыққан тұжырым, Ресейге жаңа аумақтарды басып алғаннан гөрі бақылау орнатқан жерді ұстап тұру оңай. Ал Украина үшін Ресей басып алған аймақты қайтарудан гөрі басқа аумақтарын қорғау оңай болып тұр.

Ресей Украинаның оңтүстігінде басып алған аумақтарды ұзақ уақыт ұстап тұру үшін жағдай жасап жатыр. Украина тарабы да Ресей бұл жерлерді бермес үшін әрекет етіп жатыр деп айтып отыр.

Азаттық: Демек Ресей Украинада басып алған жерді сақтап қалуға қауқарлы деп ойлайсыз ғой?

Джордж Баррос: “Кеткен жерді қайтару қиын” деп кесіп айтқым келмейді. Бірақ, айтарым, Украина Ресейге кеткен жерлерін қайтару үшін шайқаста бұрын көрсетпеген мүмкіндіктерін паш етуі тиіс.

Азаттық: Сіз әскерлердің әлсірегенін меңзедіңіз. Соғыс қай жерге жетті? Алдағы аптада не болуы мүмкін?

Джордж Баррос: Меніңше, шешуші фактор Батыс елдерінің Украинаға қанша және қандай қару беретініне байланысты болмақ. Түрлі көмек пен қару беріп жатыр, бұл да жақсы. Бірақ Ресей кейбір майдан шебінде Украина күштерін кері итеріп тастады әрі әскерін жабдықтап жатыр. Сондықтан Украинаға алысты көздейтін, Ресейдің логистикалық шебін қирататын қару-жарақ керек.

Сондықтан Путин осыған дейінгі жетістіктерін нығайтпас үшін Батыстың әскери көмегі шешуші фактор болады деп ойлаймын.

Сұхбат ағылшын тілінен аударылды.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғысқан дегендер мына дерекке сүйенсе керек: 1691 жылы 6 ақпанда Иркутск қаласында Жоңғар ханы Галдан Бошогту (моңғол. Галдан Бошигт; Қалм. Галдан-Бошигт; 1644 – 1697) елшілерінің Қазақ хандығы туралы әңгімесі. «…Шабармандар: «Осыдан он жылдай бұрын олар, Қалмақ Бушухту ханы мен Казак Ордасы, діні әртүрлі болған. Бушухту хан қалмақтармен және басқа да орда мүшелерімен бірге Далай-ламаға сенеді, ал казак ордасы әсіресе Мұхаметке Қырымдық жолмен сенеді, бұсурмандық жолмен сүндеттеледі. Ал Бушухту хан Казак Ордасына онымен, қалмақ Бушухту ханымен және Орданың басқаларымен бір Далай Ламаға бірігіп буддаға сенсін деп жіберді. Сондықтан да олармен жанжал туындады, өйткені олар қалмақ жолымен Далай-ламаға сенгісі келмеді, осының салдарынан үлкен шайқастар болып, Бушухту хан олардың көптеген

  • …Трамп пен Масктың ештеңесі кетпейді.

    …Трамп пен Масктың ештеңесі кетпейді.

    Азаттық радиосы қызметін тоқтатса, Трамп пен Масктың ештеңесі кетпейді. Екі миллиардер арзан, уақытша саяси ұпай жинайды. Ал Қазақстанның жоғалтатыны өте көп. Азаттық радиосы қызметін тоқтатса, елімізде “Заң мен тәртіп диктатурасының” көкесі сонда болады. Ол отызға жуық саяси тұтқынның қазіргі шарасыз күйін алда бүкіл қазақ қоғамы кешеді деген сөз. Мүмкін сол кезде сөз еркіндігінің құнын ел болып түсінетін шығармыз. Бірақ, ашығын айтқанда, оған да күмәнім бар. Азаттық радиосы жабылады деп бүгін бөркін аспанға атып жатқандар, “Тәртіпке бағынған құл болмайды” деп “Азаттықсыз” Қазақстанда саяси режимнің репрессиясын ақтап алады. Оған менің еш күмәнім жоқ. Shalkar Nurseitov

  • НАУРЫЗ АТАУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕРЕКЕЛІК СИПАТЫ

    НАУРЫЗ АТАУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕРЕКЕЛІК СИПАТЫ

    Наурыз халқымыздың тарихы ұзақ, өміршеңдігі күшті, қазақы салт- дәстүрді негізгі өзек еткен бірден- бір ұлттық мереке. Ол қазақ халқының ұзақ уақыттық қоғамдық өмір ісжүзіндігінен (практикасынан) туындап, бірге жасап келе жатқан аса мерейлі мейрам. Осыбір киелі мерекені «Парсы тіліндегі (нау- жаңа, рұз- күн) деген мағнадағы сөздеріне теліп, өз маңдайымызға сидыра алмай Парсыларға қосқолдап ұсынғысы келіп жүрген таяз талғам тар өрісті «құлшылдық құмыр» шырмауынан шыға алмай жүргендеріміз де жетеді арамызда. Тіліміздің ішкі заңдылығына үңілсек, Қазақ тілі көп мағналы, ауыспалы мағналы, балама мағналы сөздері көп, түбір сөздерді негіз ете жұрнақ, жалғау, қосарлау, біріктіру т.б жолдарымен түрленіп отыратын құрылымы күшті бай тіл. Оның үстіне осынау аса бай тілімізде дәуірдің өзгеруі, ғылым- техниканың дамуына байланысты

  • Қазақстан әскерінің қауқары қандай? Министрлік өкілі мен сарапшының айтқаны

    Қазақстан әскерінің қауқары қандай? Министрлік өкілі мен сарапшының айтқаны

    Мейірім БАҚЫТЖАН “Батыл тойтарыс-2023″ стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығуына қатысып жатқан қазақстандық сарбаздар. 2023 жылдың қыркүйек айы. Қорғаныс министрлігінің телеграм-арнасынан алынған сурет. Биыл Қазақстанда екі әскери колледж ашылмақ. 27 ақпанда Астанада журналистерге осы жаңалықты жеткізген қорғаныс министрлігінің өкілі Мұрат Олжабаев қазіргі кезде Қазақстан армиясында жоғары деңгейдегі офицерлер жеткілікті, кадр тапшылығы жоқ деді. Бұл сөзге бірқатар депутаттар да қосылады. Ал кейбір сарапшы ел армиясына кәсіби білікті маман мен қорғаныс саласына түбегейлі реформа жүргізу қажет деп есептейді. “АРМИЯДА ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ МАМАН ЖЕТКІЛІКТІ” Астана, Щучинск пен Шымкент қалаларында әскери колледждер бұрыннан бар, енді олардың саны беске жетпек. Қорғаныс министрлігі әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Мұрат Олжабаевтың айтуынша, жақында Алматы мен Қарағанды қалаларында жаңадан

  • Екі түрлі шексіздік бар таңғаларлық

    Екі түрлі шексіздік бар таңғаларлық

    Саят Ыбырай Эйнштейн айтқандай, “Екі түрлі шексіздік бар таңғаларлық: бірі – Ғаламның шексіздігі, екіншісі – адам баласының ақымақтығының шексіздігі” деп, XXI ғасырдың адамының мына бір “қабілетіне” таңқалам: бақытты боп отырып, бақытсыз болу қабілетіне таңқалам мен! Жауын жаумай су боп отыру. Біреуге өкпелемей, кінә артпай жүре алмайтын, тсс. Және бұл – тоқ қоғамның қасиеті. Әсіресе Еуропаның! Екі жыл тұрғам. Көргем. Таңқалғам. (Американы білмеймін, онда болғам жоқ, оның жүзін көрсетпесін!) Сол жылауық, боркемік, бақытсыз, талайсыз еуропалықтардық ауруы бізге де жетті. Максим Горький “Басына Күн орнатып қойсаң да ырза болмай жүреді олар” деп суреттейтін мещандық психология, тоғышарлық дерт. “Дачники”-де жазатын. Қайдан келді бұл? Неден басталды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: