|  |  |  | 

Көз қарас Руханият Әдеби әлем

Балғынбек бастаған айтыскерлер шынымен уахабист пе?

65333f1b3dd9cb25418c0da0bd961b6c

Жуырда белгілі белгілі ақын, «айтыстың атасы» атанған Жүрсін Ерман «Балғынбек бастаған әсіредіншіл ақындар айтыстан кетіп жатыр» деп мәлімдеген болатын. Ал әсіредіншіл дегеніміз «Балғынбек уахабист болды» дегенмен бірдей. Алайда Балғынбек және оның әріптестері өздеріне тағылған ауыр айыпты жоққа шығарып, терістеген жоқ. Соған қарағанда, «үндемеген үйдей пәледен құтылады» деген қағиданы ұстанса керек-деп жазды 365info.kz .

Бұған дейін кейбір айтыскерлердің уахабистік ағымның жетегінде жүргені туралы талай рет айтылған болатын. Алайда бұл сөзді айтыс өнерінің ең басты жанашыры Жүрсін Ерманның айтқаны отқа май құя түсті. Себебі, ол әсіредіншілдік айтыстағы ақындардың тілін байлап тастаған деп мәлімдеді.

02310
Жүрсін Ерман

– Қазақ қоғамының дінге бет бұрғанығына біраз болып қалды. Солардың ішінде әсіредіншілдер де, өтірік дінді насихаттап жүргендер де, өзінің намаз оқитындығын насихаттау арқылы арзан ұпай жинап жүргендер де толып жатыр. Біздің айтыскерлердің арасында бірен-саран болса да солай жүргендер бар.

Дінге шырмалып қалды ма, айтыстан кетіп жатқандары да бар. Балғынбек бастағандар. Көз көріп отырып, оны не үшін жасырамыз? Тілін байлайтын болу керек. Басқа сылтау жоқ.

Мен Балғынбекті жақсы көремін. Аса талантты ақындарымыздың бірі, осы айтысты биікке көтерген санаулы тұлғалардың бірі. Бірақ түсінбеймін оның әрекетін, – дейді Жүрсін Ерман.

Шыны керек, соңғы кезде кейбір айтыс ақындарының уахабистік жолға қалай түскенін түсінбейтін жағдайға жеттік. Өйткені

Алашқа ақыл айтып, бағыт-бағдар беруі тиіс ақындардың өздері адасып кетті. Бұл ащы да болса, шындық.

1bd58d5578a772a7d45ae443756a785d_XL
Досай Кенжетай

Белгілі дінтанушы Досай Кенжетайдыңайтуынша, Балғынбек Имашевтың айтыс пен дінді қарсы қоюы үлкен сауатсыздық болып саналады. Өйткені, ислам діні қандайда бір өнер мен ғылымды жоққа шығармайды — «егер Балғынбек ислам дінін жақсы білетін болса, айтыстан кетпес еді».

– Кешегі қазан төңкерісіне дейінгі барлық ақындарымызбен батырларымыз діндар болды. Мәселен, Майлықожа ақын діннің барлық құбылысын біліп, зерттеген адам болатын. Алайда ол өлең жыр айтып, қолынан домбырасын ешқашан тастаған емес. Ал қазір кейбір айтыскерлер өнерді тастап, біржолата дін жолына түсіп жатыр. Өйткені,

елімізде уахабистік-салафиттік саяси идеологиялық жұмыстар қарқынды түрде жүріп жатыр.

Сондықтан Жүрсін Ерманның «айтыскерлер әсіредіншілдікке түсіп кетті»деп шыр-пыр болуы бекер емес — адасқан айтыскерлердің әрекеті салафизм дегенді білдіреді. Бұл, әрине, ауыр айып. Ал өздерін салафит деп айтыптаған Жүрсіннің сөзіне айтыскерлер неге үн қатпай отыр? Себебі, уахабистер қазір бұрынғыдай ашық айқасқа шықпай, үндемей отырып-ақ іс тындыра беретін тәсілге көшіп жатыр. Сондықтан уахабист айтыскерлер Жүрсінге қарсы ләм-мим деген жоқ. Демек, олар өздерінің уахабист екенін мойындады, – дейді Досай Кенжетай.

Әрине, айтыскер ақындардың барлығы бірдей уахабист болып кеткен жоқ. Осы жерде ақындар адасқан әріптестерінің мінін айтыста неге бетіне басып, жөнге салмайды деген заңды сұрақ туындайды. Себебі, айтыстың жазылмаған заңы бойынша, қарсыласын тұқыртып жеңіске жету керек.

– Аламан айтыста уахабистік жолға түскен айтыскердің мінін екінші бір ақын айта алмайды. Өкінішке қарай,

біздің айтыстың қайтыс болып кеткеніне 10-15 жылдың жүзі болып қалды. Өйткені, халықтың мұңы мен мүддесін сахнада айта алмаған ақын – сатылған ақын болып саналады.

Бәрімізге белгілі, айтыста тігілетін жүлде қомақты болып келеді. Ал ақындар жүлде тіккен адамның қас қабағына қарап, айтуға болмайтын нәрсені айтпайды. Егер қарсыласының уахабистік жолға түсіп кеткенін әшкерелейтін болса, айтыстан жүлдесіз қайтуы мүмкін. Құлқынның құлы болып кеткен айтыскерлер мұны өлсе де айтпайды, – дейді дінтанушы.

Соңғы жылдары елімізде уахабистік жолға түскен жастардың саны артып бара жатыр. Бұл, әрине, алаңдатарлық жағдай. Әйтсе де уахабистік ағымды насихаттап жүрген «көсемдер» бұл мәселені мүлде айтқан емес. Олар үшін жастардың намаз оқып, ұзын сақал өсіргені мен қысқа балақ шалбар кигені маңызды болып отыр. Алайда сақалды жігіттердің алды Сирияға аттанып, ал елде қалғаны мұсылмандар арасында фитна тудырып жүр. Бұл аз десеңіз,

қара хиджапқа оранған қазақ қыздары «кімнен екіқабат болып қалатынымызды білмейміз» дейді. Себебі, намазхан жігіттер бір әйелмен 3-4 ай некелесіп, жалыққаннан кейін жұбайын «бауырына» сыйлыққа бере салатын «мәрт» болды.

Соған қарағанда, жөзекшеліктің бұл түрі исламды насихаттап жүрген «көсемдерге» жақса керек. Бір қызығы, уахбистік ағымда кездесетін бұдан да басқа әттеген-айларды» намазхан айтыскерлер айтқан емес.

Осы ретте қазақтың «Ет сасыса тұз себерсің, тұз сасына не себерсің» деген мақалы еске түскенде, ойыңа «айтыскер ақын адасса, кім түзейді, алашым?» деген сұрақ еріксіз оралады.

Серғали Асланбек

365info.kz

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: