|  | 

Әдеби әлем

Мен де жүрген бір арман

                   

Ақын, журналист, көрнекті педагог Өнер Хамитұлы Шудабай немересі 1961 жылы 7наурызда, ҚХР Санжы дүңген автономиялы обылысы Фукаң қаласына қарасты Боғда бойында дүниеге келген. 1982 жылы Мори ауданында педагогикалы техникомды, 2000 жылы Шынжаң Университеті филология фокультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тамамдаған..

Өнер Хамитұлының «Жауынгер жауабы», «Түртіншек қозы», «Боғданың ақша бұлттары-ай», «Мысырға ұшып барамын», «Еңбекшілер», «Аралар мен балалар», «Жыл толғауы>> қатарлы 100 ден аса өлең-толғаулары түрлі басылымдарда жарық көрген. «Боғда да қарагер», «Сабақтастар», «Көріп қайт боғда көлді» қатарлы он шақты ән текістері радио-теле арналарда орындалуда. «Емілеміздегі екі мәселе» қатарлы өчерік, пубылистикалық, етногроафиялық мақалалары жоғары марапатқа ие болған. Ақынның «Боғданың ақша бұлыттары-ай» атты өлеңдер жинағы жарық көрді .Алдағы күндердің еншісінде «Ұстаз ұлағаты» атты ғылми мақалалар жинағы да баспадан шығу алдында тұр.

Өнер Хами ұлы Шинжияң Санжы обылыстық жазушылар бірлестігінің, обылыстық фолколаршылар қоғамының мүшесі.

 

                      

 

 

Қара қызсың…

Қара қызсың қара тауда ержеткен,

Қаралығың, даралығың сол таудан.

Бүгін міне ақ бесікті тербеткен,

Дана қызсың іздеп таппас бау-бақтан.

 

Алтын айың туып шыққан оңыңнан,

Алтыбақан аясында тербеткен.

Күнің шығып күлім қақса солыңнан,

Нұр жүзіңді аймалаумен жел өпкен.

 

Қаралығың тым ерекше тау тұрқы,

Өн- бойыңа гүл  бәйшешек өрбіген.

Әсемдігің баурап барады солғұрлы,

Тау ұлының талғамынан көрінген.

 

Тау қандай деп жасырына қарайсың,

Жусан исі, жұпар исі аңқыған.

Тау ұлына бір құпия арнар шын,

Ақынсың ба?  жан сезімі балқыр ән.

 

Қара қызсың, тұлғаң ерек еңселі,

Жігеріңе сезім сырын балайтын.

Жанға жақын тартып жүрем мен сені,

Қорушыдай бау-бағына қарайтын.

 

Қара шашың, қара көзің, қастарың,

Бойың керім,  бейнең бөлек берілген.

Мен-мендерді талай мәрте жасқадың,

Өзінше боп, ойсыз ғана керілген.

 

Тау самалы өпкен бетін шынымен,

Тау қызының таза демі сезінер,

Бірге жасап, таудың асыл сырымен,

Бір күн туар сол аруға кезігер!!!

 

    Қызыл тастың сол қызы

 

Тобылғы түс қызыл тастың қынасы,

Ала бұлттай көрінеді арыдан.

Қызыл түске бойялғандай сырғасы…

Шолпысы да сыңғырлайды салып ән.

 

Туған жердің қызыл тасы  көрінген,

Ыстық маған, өрмелеген қасқа жол.

Қыл түстес талдап шашы өрілген,

Қызыл тастың қыздарын-ай, басқа ол.

 

Қызыл тасты қызыл алау өпкені,

Жүрегімді жылтып менің жүреді.

Көз алдымнан кетей қызыл бөктері,

Қызғалдағы тек көктемде түлейді.

 

Балалығы қызыл таста қалғанды,

Қыратты асып, ойпаң жерде жүгірген.

Төрт маусымы тізбектетіп арманды,

Балалықты бір өзіне сімірген.

 

Қызыл тасқа жыр арнадым, табындым,

Қыз ғұмырын байлап кеткен елес қып.

Бізді де тез есеткізген, сағым мұң,

Мін отырмын еске алып, кеңес қып.

 

Ұйқыдан оян

Таңдардың салған тәлкегі,

Мең-зеңдік әкеп бойыңа.

Қиялдап жатып әр нені,

Қанағат толар ойыңа.

 

Мең-зең ғып қиял меңдеткен,

Жорығыш түске налыған.

Ұйқылы-ояу тербеткен,

Құр бесік ұстап жалынан.

 

Тірі не өлі секілді,

Ұйқылы,ояу жатқаның

Бір істің болмай бекімі,

Әуіре қиял батқаның.

 

Еңбекпен ерте оянбай,

Масылдық басқан, күң тірлік,

Қызығың қалар тойланбай,

Ойланшы, ойлан бір сұмдық.

 

Күн менен түннің парқын біл,

Қараңғы, жарық екі әлем.

Несібе төгер алтын нұр,

Түсінер деме ел әрең.

 

Күн еңкейіп бара ма?

 

 

Таңдарым қандай тамаша,

Манаурап барып атқанда,

Ойынға шыққан балаша,

Қызыққа солай батқанда.

 

Тәңертең таңым күнделік,

Өмірге көктем силаған.

Жасамай ешпір пенделік,

Рыздық солай жиналған.

 

Солай да солай күн шығар,

Шығады,тағы батады.

Секунт тықыл үн шықты,

Өмірің солай қалады.

 

Күн еңкеіп барады,

Уақыт кімге тоқтайды,

Қария күн сап қарады,

Күн еңкейді, жоқтайды.

 

Ана, туған күнім

 

Отырмын оңашада өлең жазып,

Жарты ғасыр болыпты «шыр» еткенге.

Әкем байғұс  жүретін елең қағып,

Менің жаным  жаңа бір жыр өпкен де.

 

Көктем, менің  өмірге келген айым,

Жұртқа тастап қалжатер анам кеткен.

Еске түсіп ауылға келген сайын,

Бір керемет тойлауды арман еткем.

 

Ақталды ма толғағың тым бөлекше,

Асыл ана, мен сені  ардақтаймын,

Әлпештедің, өсірдің жыр төреше,

Толықсытып толтырды, алдан айым.

 

Силаймын мен өзіңді, тірлігімде,

Көп болып өте берсін көрер күнің.

Балалы болған жақсы,білді балаң,

Өзіңе силық өлең берер мұным!!!

kerey.kz

 

Related Articles

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: