Зуқа батыр 150 жыл Қазақ хандығына 550 жыл Әдеби әлем
Зуқа батыр рухына: Басы бар дене қандай бақытты…
Қытайдың бар-ақ
«бұл қалай» дері,
Зәресін алған
Зуқадай Бөрі!..
Қарақан басын
ойламағасын –
Ойланбай тікті
бәйгеге басын!
Шабылсын нендей
жағдайда тіпті
Басы бар дене
қандай бақытты?!.
Зуқадай Ерді
туған Алашы,
Мендегі мынау
мұңға қарашы…
Басы жоқ Кене,
денеміз – ғәріп,
Жоқтаумен әлі
келеміз налып…
Кейкінің дағы,
о, неге осы
«Бірікпей» қойды
дене мен басы?!.
Ұмытылмас ұлдар
ұлтына ұран
Бағыштап тұрсақ
рухына Құран…
Бауыржан БЕРІКҰЛЫ
Пікір қалдыру