Сезім сыры
Тотыдайын түрленгенде гүл өңір,
Қадіріне жет әрненің біле-біл.
Қиындыққа жолыққанда сабыр ед,
Сабырсызды құлатады бұл өмір.
Кім тыңдайды, мың күрсініп, мың егіл,
Бөгеттерге тосылғанда төзе біл.
Неге мені азапқа сап барасың,
Дегенің бе, аласатсын бір өмір.
Ойым бұлтқа айналарма күркіреп,
Жаңбыр болып жауар едім сіркіреп.
Махаббат па, машақат па не өзі,
Айығады қашан бастан, бұл түнек.
Ерте неге жолықпадық іңкәрім,
Бірге күтер арайлы аспан нұр таңын.
Кеудеме кеп, сағыныш құс қонақтап,
Жанарымнан кетпей қойды, бір сағым.
Сезім селге айналғанда басылмай,
Жет қасыма, ешнәрседен тосылмай.
Кеш жолығып мұншама ой арқалау,
Болды маған расымен тосын жай.
Сағынышым өзек өртеп басылмай,
Көзім жастан қалар бір күн ашылмай.
Кеш жолығу, келеңсіз бір дерт екен,
Рельс боп өтер тағдыр қосылмай.
Бүгін тағы түстер көрдім сен жайлы,
Ынтық жүрек жан- дүниемді қозғайды.
Тұсалған ат секілденіп отырмын,
Ойлануға мұрсатым жоқ, қыз жәйлі.
Тағы көрдім, қайта салдың азапқа,
Сол үшінде мына өмір ғажапта.
Сеніміңді өшірсеңде мен жәйлі,
Сезіміңді өтінемін жоғалытпа.
Өкіншке салма мені үндеме,
Сыйламады деп ойлама гүл неге?
Елесіңмен иен бақта емделіп,
Елесіммен орап жүрем бүлдеге.
Менің кеудем сағынштың мекені,
Өтікінші өмір әлі-ақ зырлап өтеді.
Бір өмірге қол ұстасып жүрмей-ақ,
Бір қайырылып қарағаның жетеді.
Сенің әурең елегізген жанымды,
Өзіңді ойлап атырамын таңымды.
Саған жақын барғанымда қол сілтеп,
Өшірмеші кеудемдегі жалынды.
ПС;
Өкініш деп аталады бұл өлең,
Жолдарына жұтылып тұр бір әлем.
Қайта өмірге келу келсе қолымнан,
Тек сендік боп туар ем.
Басыңдағы барша мұңды қуар ем,
Кеудеңдегі қатып қалған шеріңді,
Көз жасыммен жуар ем.
Көгедй ШӘМЕРХАН
kerey.kz
Пікір қалдыру