|  |  |  | 

Жаңалықтар Спорт Суреттер сөйлейді

Елбасы Олимпия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін марапаттауға арналған рәсімге қатысты-

Елбасы XXXI жазғы Олимпия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін марапаттауға арналған салтанатты рәсімге қатысты-дeп xабарлайды Ақорда баспа сөз қызмeті.
«Қазақстан» орталық концерт залы
 Рәсімді ашқан Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Ұлттық құраманың Рио-де-Жанейродағы ХХХI жазғы Олимпия ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады.

– Біздің спортшыларымыздың Олимпиададағы медальдары, жоғары спорттық нәтижелері мен жетістіктері Қазақстан тәуелсіздігінің алдағы 25 жылдығына лайықты сый болып саналады. Сіздер біздің еліміздің халықаралық спорттағы мәртебесі биіктігін дәлелдеп, жаттықтырушылар мен жанкүйерлердің ғана емес, барша қазақстандықтардың үмітін ақтадыңыздар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті өткен Олимпиадада біздің құраманың түрлі дәрежедегі 17 медальді иеленгенін атап өтті.

– Бұл – Қазақстанның әлемдік олимпиадалық қозғалысқа қатысу тарихындағы басқа Олимпия ойындарындағы жүлделерден әлдеқайда көп. Ресми емес медальдік есепте біздің олимпиадалық құрама әлемнің 207 елінің спорттық құрамалары ішінде 22-орында тұр. Баршамыз Риодағы Олимпиада тұғырында еліміздің әнұраны 3 рет шырқалып, туымыздың 3 рет ең биікте желбірегеніне мақтанамыз. Осылайша, боксшы Данияр Елеусінов, суға жүзуден ел тарихындағы тұңғыш чемпион – Дмитрий Баландин, ауыр атлет Нижат Рахимов ерекше жетістіктерге жетіп, Олимпиада жеңімпазы атанды. Олимпиададағы табыстың ортақ қоржынына 5 күміс және 9 қола медаль иегерлері мол олжа салды, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық құраманың жаттықтырушылар құрамына, олимпиадашылардың отбасыларына және барша қазақстандықтарға сайыста қолдау білдіргені үшін, ал спортшыларға – нағыз бәсекеде көрсеткен ерік-жігері мен олимпиадалық даңққа ұмтылысы үшін алғыс айтты.

Қазақстан Президенті Ұлттық құраманың жетістіктері Рио-де-Жанейрода өтетін алдағы ХV жазғы Паралимпия ойындарына қатысатын спортшыларға рух беретінін айтып, оларға табыс пен жоғары нәтиже тіледі.

Елбасы Қазақстанның 25 жыл белесінде әлемдік олимпиадалық қозғалысқа қатысқан атлеттеріміздің көптеген жарқын жеңістерге қол жеткізгенін айтты.

– Қазақстандықтардың 2016 жылғы жеңіп алған марапаттарын қосқанда еліміздің олимпиадалық қазынасындағы медаль саны 69-ға жетті. Біздің елімізде 1992 жылдан бергі жазғы және қысқы Олимпия ойындарында жеңімпаз болған 19 олимпиада чемпионы, 22 күміс және 28 қола медаль иегерлері бар. Бұл жоғары жетістіктер – мемлекеттің тұрақты қамқорлығының және спортты дамытуға жағдай жасаудың нәтижесі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Қазақстан Президенті барша қазақстандықтарды қол жеткен жеңістерімізбен құттықтап, әлемдік спорт биігінде жаңа табысқа жетулеріне тілектестік білдірді.

Сөз сөйлеген Олимпия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері және іс-шараға қатысушылар Мемлекет басшысына еліміздегі спорт пен дене тәрбиесін дамыту мәселелеріне ұдайы қолдау көрсетіп, көңіл бөліп отыратыны үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев рәсім барысында олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне мемлекеттік марапаттар тапсырды.

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

  • Чунциндегі кездесу

    Тарихи сурет Уақыты: 28 тамыз 1945 ж.; Орыны: Чунцин (重慶) қ-сы; Түсініктеме: Тарихи суретте АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херли және Қытай президенті Чан Кайши мен ҚКП төрағасы Мао. Чунциндегі кездесу кезінде диалогқа келе бастаған қытайлық партия өкілдері алпауыт ел АҚШ пен Совет Одағының “қытай саясатын” жаңа дағдарысқа әкелді. Көріністе азаматтық соғысты тоқтатып бүкілқытайлық мәселені шешу болғанымен үлкен қастандықтың басы содан басталды. Алпауыт тараптар қытай картасын өзгертетін жаңа диалогтарды қызу талқылап жатқанда Шығыс Түркістан аумағында бір уақытта үш бірдей уақытша үкімет өмір сүрді. Олар: Бірінші, отставкадағы Шэн Шицай кланы; Екінші, Ву Чжунсинның уақытша үкіметі; Үшінші, Шығыс Түркістан уақытша үкіметі. АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херли Шығыс Түркістан аумағын назарға ала

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: