|  | 

Саясат

“ОРЫСША ӨЗДЕРІҢ АУДАРЫП АЛЫҢДАР”- деген ЕР ҚАЗАҚ ҮКІМЕТ  тізгінін алды

Сағынтаев 1

Сонымен, Кәрім Мәсімов Премьер-министр бола салысымен,  бір жыл өтпей-ақ, “қашан кетеді?”-деген  елдің  тілегі 10 жылға жуық уақыттан соң  орындалды…  8 қыркүйекте Президент жарлығымен Үкімет таратылып,  9 қыркүйек күні  Бақытжан Сағынтаев  Үкімет тізгінін қолға алды.

Дамыған елдің бәрі басқа-басқа, үкімет басқаратын тұлғаның қандай қасиеттеріне баса мән беретінін бағамдап көрсек, ол қанша жерден керемет болса да, ең алдымен оның бойындағы ұлттық мүддеге адалдығын алға қоятыны анық. Осы тұрғыдан алғанда, Бақытжан Сағынтаев Иманғали Тасмағамбетовтен кейінгі  ұлттық  ұстанымы берік  премьер бола алады деген үміттеміз.

Сөзіміз құрғақ болмауы үшін  Бақытжан Сағынтаевтың Үкімет басшысының бірінші орынбасары ретінде түрлі жиындарда  мемлекеттік тілге басымдық беретінін айтуға болады. Тіпті, ана бір жылы, Оңтүстік Қазақстан облысына барғанда, Мақтарал ауданында қаптаған тілшілерге сұхбат беріп тұрғанда, “Енді орысша айтып жіберіңізші”-дегенде: “Орысшаға өздерің аударып алыңдар”-деген Үкіметтегі бірінші адам десек те артық айтқандық емес. Иә, үкіметтегі. Себебі, жалпы билікті айтар болсақ,  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылы  БАҚ-қа сұхбат беріп тұрып,  “орысша айтып беріңізші”-деген тілшілерге  :Өзің айтып бермейсің бе орысшаңды?”–деп,  қайтарып тастаған видеосы  ғаламтарда жүр.  Бір қызығы, Елбасы  осы сұхбатында, 2012 жылы қыркүйекте  Бақытжан Сағынтаевтың «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып сайлануына байланысты мәлімет беріп тұрған болатын…  Мүмкін, Бақытжан Сағынтаевтың 2014 жылы Жетісайда жергілікті тілшілерге  “Орысшаға өздерің аударып алыңдар”-деуінің негізі Елбасының сол сөзінде жатқан шығар…  Дегенмен, қазақша ойланатын, мемлекеттік тіл-мемлекеттік мүддені бірінші орынға қоятын, ерік-жігері бар батыл  саясаткер  ғана осылай айта алады деп білеміз. Тәуелсіздікке ширек ғасыр болса да,  Қазақ саясаткерлерінен Ресейдің мемлекеттік  тілін сұрай беретін, “дайын асқа тік қасық” болуға үйреніп алған тілшілерге де обал жоқ… Өзбекстанда осындай оқиға болса, ондай тілшілерді ит қосып қуып, қызықтап қарап тұрар еді…

2015 жылы желтоқсанда «Атамекен» ҰКП ұйымдастырған «Ұлы дала елі» форумында  «Қазақстанның үздік тауары» көрмесін аралаған ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев  отандық тауарлардың алуан түрлілігіне көңіл аудара отырып:  «Бүгін сәукеле, шапан немесе тағы басқа да сол сияқты ұлттық бағыттағы тауарларды көріп қана қоймай, мүлдем басқа деңгейге шыққанымызды байқап отырмыз”-деп, разылық білдіргеніне қарап, “теңіздің дәмі тамшыдан” дегендей, осы бір ауыз сөзінде де көп мән жатыр.

Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев осы форумда Еуразиялық экономикалық одақтағы экономикалық қатынастардағы  түйткілді мәселені көтерді. “Кейбір белорустық сүт өнімін өндірушілер тауарларының дизайнын қазақстандық нақышта ресімдеп, ұсақ қаріппен «Белорусьта өндірілген» деп жазады екен. ЕЭК Кеңесінің отырыстарында осы мәселелерді көтеруге тиіспіз. Бастысы, сіздер жәрдемге келіңіздер – қай жерде заң бұзушылықтар  орын алғанын айтып отырыңыздар», – дегеніне қарап,  әр ел көрпені өзіне тартысы келетін талас-тартыста ұлт мүддесін қорғай алатын зеректігін байқаймыз.

Үкімет басшысының бірінші орынбасарлығына дейін экономикалық даму және сауда министрі,  өңірлік даму министрі және Павлодар облысы әкімі болған, яғни, Елбасымыз айтқандай жан-жақты тәжірибесі мол,  экономика ғылымының кадидаты Бақытжан Әбдірұлының  алғашқы қызметтері – жоғары оқу орындарындағы саяси экономия мен әлеуметтану кафедралары оқытушысы, доцент болғанын ескерсек,  жалпы қоғамдық-әлеуметтік саланы да жетік біледі деген сенімдеміз.

Кеше Елбасы Парламент мүшелерінің келісімін алып, жаңа премьердітаныстырып, үлкен үміт артқан кезде де  ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев тек қазақ тілінде ғана  сөйледі. Сөзі мықты, көзі отты, өзі жігерлі.

Ендеше, баспасөзде баса мән беріліп айтылып жатқандай, қазақтың қасиетті саны тоғызыншы айдың тоғызыншы күні Үкіметті алған тоғызыншы премьерге  Ақ жол тілейміз.

“Тоғызыншы ұлдан сақтан”-деген белгілі фильмнің   атын өзгертіп пайдалансақ, тоғызыншы премьерден үміт  күтеміз.

kazybek 2 копия Қазыбек ИСА

 qazaquni.kz

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: