| Алтай
  • Тарих

    Алаш арысы Райымжан Марсектің ата-тегі жөнінде.

          Ресей империясының отарлық езгісіне қарсы тұрып, одан кейінгі коммунистік-шовинистік кезеңде ұлт мүддесін қорғап, ұлттық саяси партия құрып, қазақтың мемлекеттілігін қайта жаңғыртуға талпынған қазақ зиялылары мен оқымыстыларының  жарық жұлдыздарының, ірі қайраткерлерінің бірі найман-терістаңбалыдан шыққан Райымжан Марсек еді.  Райымжан Марсектің өмірі, қазасы жөнінде бірталай зерттеулер жүргізіліп, кітаптар да жазылған.  Алаш арысының артында қалған ұрпақтары жөнінде, Раймыжанның туған інісі Шериязданның қызы Тұрдықан апайымыздың «Кешулер» атты кітәбінде толығымен айтылған.  Осы апайымыздың жазған кітәбі мен  тарих ғылымдарының докторы Әбжановтың жауапты редакторлығымен жазылған Райымжан Марсек туралы «Қазақ қайда бара жатыр?» атты кітәптерде айтылмаған  бірер деректерді келтіруді жөн көрдім.    Төңкерістен кейін Райымжан Марсектің контрреволюцияшыл аталғаны белгілі. Былтыр жазда байжігіттің атақты шежіресі болған, Дәулетбай батырдың егізі Есенгелді

    71
  • Руханият

    ХАЛЫҚҚА ҚОРҒАН БОЛҒАН ДАҢЫҚТЫ ТҰЛҒА, БІТІМШІ ТІЛЕУДІҰЛЫ

    Әлемге тарыдай шашылған қазақ халқының басым бір бөлігі Моңғолия қазақтары. Абақ керейден тараған осынау көшпенді қазақтардың басынан бір қатар ауыр кезеңдер мен қиын күндер де өтті. Ел бастаған батыр бабаларымыз ұрпағының болашағы мен бейбіт күнді аңсап, бейқұт мекен іздеп байырғы мекені болған Алтайдың күнгей бітінен теріскей бетіне яғни Қобда өлкесіне қарай үдіре көшті. Абақ керейдің бір тобының Моңғолия өлкесіне қоныс аудару мәселесі жайлы біздің тарихшыларымызда көптеген зерттеулер жасап, бір қатар еңбектер жазды. Қазақтар алғаш Моңғолия өлкесіне дәл қай жылдан қоныс аударғандығы жайлы дөп басып айтатын анық дәлел жоқ. Бұл жайлы құнды деректер Моңғолияның батыс өлкесіне саяқат жасап Қобда өлкесіндегі қазақтардың көші-қоны, тұрмыс-тіршілігі жайлы арнайы зерттеу жасаған Ресей саяхатшылары, тарихшы этнограф

    191
  • kerey.kz TV

    АЛТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ АУЫЛЫ – ЖАҢА АУЫЛ

    Алтай Республикасының Қошағаш ауданы Жаңа ауыл қазақтары өзге елдің ордасында ұрпағын өсіріп, ұлттық болмысын жаңғыртып, өзгелермен терезесі тең өмір кешіп отыр- деп жазды e-history.kz. Алтай Республикасы Қошағаш ауданындағы қазақтардың ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, тіл мен дінді, ұлттық болмысымызды сақтауға деген ұмтылысы қай қазақтың жүрегін болсын елжіретпей қоймайды. «Өздерін байырғы көк түріктердің, ұлы бабаларымыздың қасиетті қоңсы мекенінде тұрып жатырмыз»,-деп әркез ұлықтайтын Қошағаш қазақтары бұл жерді ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап мекендеп келеді. Шүй жазығындағы қазақтар да басынан талай нәубеттерді, ХІХ ғасырдағы, Кеңес үкіметі және ХХ ғасыр басындағы түрлі тарихи төңкеріс кезеңдерін бастарынан өткізді. Соған қарамай Қошағаш қазақтары сол нәубеттерден ұрпағын, дәстүрін жоғалтпай абыроймен бүгінгі бейбіт өмірге жеткізді.  Шүй өлкесіне қоныстанған қазақтар тарихы

    566
  • Көз қарас

    Оларды бұл елде сол СЕНІМІ ғана ұстап отыр…

    Былтыр Қытайдан досым көшіп келді, өзі қытай қазағы. Көшірісіп басы қасында жүрдік.  Содан бір күні ол менімен хабарласып: “Хан Шатырына барып ұсақ – түйек заттар алсақ қалай, мен орысшаға жоқпын ғой, өзің білесің” деп қолқа салды. Жарайды деп тартып кеттік. Жолда келе жатып мен оның жетім көңілін жұбатқандай болып келе жатырмын.  “Ой досым – ай, үйіңнен шығып мына Хан Шатырына шейін жол – жөнекей жөн сұрасаң бәрі де қазақша жауап береді, бұл қалада қазақша білмейтін адам жоқ, қорықпағын досым, батылдау бол, бұл өз отаның” деп есіп келе жатырмын.  Содан Хан Шатырына келдік, бір бутикке кірдік, екі сатушы қазақ қыз тұр екен. Сөйтсе, оның біреуі қазақша білмейтін боп шықты. Ол қызарақтап жер шұқып тұрғасын,

    139
  • Тарих

    ӘМІР ТЕМІР, ТОҚТАМЫС хан туралы бірер сөз

    Жұмат ӘНЕСҰЛЫ (Қазақ жерінің бір тарихы) Жошының үлкен ұлы Батый   1237-жылы Орыс князьдіктерін талқандап, Киев қаласын алып, Дунайға жетіп, Венгрияны, Мордваны бағындырғаны тарихтан белгілі.  Содан бері Алтайдан Дунайға дейінгі елдер Алтын Ордаға бағынышты болып, алым төлеп тұрған.  Ғасырдың ортасына  дейін Алтын Орданы Батыйдың ұрпақтары билегенмен,   1360-жылдардан бастап іс жүзінде билік басында (беклербек, уәзір қызметін атқарған) Мамай болды. Мамай  Алтын Орданың іс жүзіндегі билеушісі ретінде Орыс князьдіктеріне ықпалы, билігі жүріп тұрған. Мамай орыс, литва княздерімен араласып, қыз берісіп, қыз алысып тұрған.(Литва князьі Глинскийх  Мамайдың қызынан туған, ал, Иван Грозный Мамайға жиен болып келеді).  Алым салық мәселесінде  қиындық  туған жағдайда Мамай Рязань, Мәскеу князьдіктеріне жорық жасап тұрған. Мамай сондай жорықтардың бірінде Мәскеу

    476
  • Көз қарас

    Алтайымыздың қадiрiн шетелдiктер бiзден артық бiледi

    “Алтай, Алтай болғалы не көрмеген, Кiмдер туып, Алтайда кiм өлмеген?! Қытай, дүңген бауырында ойнақ салып, Сорлы Алтайдың емшегiн кiм ембеген?!”, – деп, Бұқара Тышқанбаев ағамыз жырлағандай, қасиеттi Алтай сан ғасырлар бойы кiмге пана болмады дейсiз! Тарихқа көз жiберсек, бүгiнгi таңда Ресей, Қазақстан, Моңғолия, Қытай мемлекеттерi төрт емшегiн таласа емiп отырған қойнауы кенге бай, қолтығы сыңсыған қара орман, жүгiрген аң мен ұшқан құстың базары, етегi егiндi алқап, төрт түлiк малдың мамыражай мекенi Алтай ықылым заманнан берi бiздiң ата-бабаларымыздың алтын бесiгi, кiр жуып, кiндiк кескен өлкесi болғанын ешкiм де жоққа шығармаған. Жоққа шығара алмайды да. Алтай Алтай болғалы, бауырына адамзат қоныс тепкелi сан ғасыр өтсе де өзгермеген екi нәрсе бар. Бiрiншiсi, қасиеттi

    138
  • kerey.kz TV

    Қайсар қазақтар. Көшпенділердің соңғы жұрнағы

    Мұрат Алмасбекұлы Қыстауға көшкен қазақтар. Фото: “Алтай-ақпарат” торабы Мына көрініске қарап отырып, бойдағы қаның алпыс екі тарымыңды керней жұлқынады. Қайсар қазақтар деп айтуға еш күмәнданбайсың. Қақаған аяз, қаһарлы боран, қарлы дала. Бірақ, соның бәрі қазақтың қайсар малшы қауымына, кешегі даламен бірге жасасқан өр көңіл көшпенділердің ұрпағына түк те емес. Олар бағзы заманнан бері бабадан қалған байырғы жол, атадан қалған арда кәсібіне адалдығымен ғана алға құлаш ұрып келеді. Олар үшін қыстың суығы, боранның долылығы түк те емес. Табиғаттың қандай қатал сынына жолықса да, ата салтын, асқақ жігерін, арман-мұратын жоғалытпай келеді. Көште: Алтайдың ар жағындағы қазақтар «The Qazaq Times»

    290
  • Тұлғалар

    Көкжал

    Бәрі қан Үрімжінің айналасы, Ескі там, ұңғыл-шұңғыл, сай-саласы. Ішегін өлген жанның иттер сүйреп, Домалап, қарға шоқып жатыр басы. Барсаңдар Үрімжінің қаласына, Көзің сал қалтарыс сай-саласына. «Ұмытпа өле-өлгенше осыны» деп, Тапсырып кет балаңның баласына. Таңжарық – І – Қанша шамшыл, қанша қиямпұрыс, қанша қол апартпас, бет қаратпас асау болғанымен, қапыда торға түскен көк еркесі қыран да кісі қолына қараған кіріптарлық халіне бірте-бірте көндігер еді. Сол түз қыраны тектес, өмір бойы бостандық үшін алысқан дала серісі Оспан да өзінің басқа түскен тұтқындық тағдырына амалсыз бойсұнды. Соғыс өнерінен мол хабары бар, атыс-шабысқа жастайынан машыққан батыр жеңіс бар жерде жеңілістің де болатынын, адам басындағы бақ та, сор да алма-кезек ауысып тұратын дүние екенін бұрыннан

    328
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: