|  |  | 

Көз қарас Руханият

Тәулік бойы үзілмейтін құлшылық түрін іздеймін.

17903713_1948655702087260_8261188219678499927_nКеше қызық болды. Қоянқұстан шығып қалаға такси ұстадым. Көп күткем жоқ. Жасыл ауди шиқ етіп тоқтады. Есігін ашып:
- Қалаға ма? – дедім. 
 - Иә, – деді. 
- Қанша?
- Пәлен. Келістік, кеттік! – дедім де көліктің артына жайғастым. Алдында бір ересек кісі отыр. Таксистің түріне қарап ішім қылп етті. Иегінде сүйкімсіз сақал. Балағын боса да көре алмадым. Есесіне көзіне қарап кім екенін бірден білдім. Соңғы 20 жылда елде қамыстай қаулаған таныс назар. Мейірім мен махаббаттан ада болып, агрессияға тола бастаған жансыз жанар. Ішімнен «Тәк, қазір мынау уағыз айтып бастайды. Қуатты ойларды жинақтап, шабуылға дайын отырайын» дедім де «шашылып жүрген ойларды дереу миға мобилизация жаса» деп ақылыммен сирена қостым. Дабыл бойынша жаппай миымда сапқа тұра бастаған ОЙЫМА: «Қазір қақтығыс болуы мүмкін. Бәрің майданға сақадай сай тұрыңдар!» деп команда бердім. Олар: «Құп болады, Шәнжархан!» деп честь берді де толық әскери күйге келді. Таксиші де қайта-қайта айнадан маған қарап, миға шабуылдайтын қолайлы сәтті күтіп отыр. Мен де сақ отырмын. Қасындағы кісіге қарап үзілген әңгімесін жалғап: 
- Жап-жас қой. Елу деген не тәйірі? – деді.
- Иә, ажал айтып келмейді. Кетті енді не болса да, – деп қояды серігі. Сөйткенше болған жоқ ол: «Мен келдім. Ана бұрылыстан тастап кет» деді. Көлік тоқтады. Ақшасын төлеп түсіп қалды. Ішімнен «Тәк, кезек маған тақады. Қазір ілмекті лақтыруы керек» дегенімше болған жоқ манипуляция басталды. Ол: 
- Брат, Қоянқұстың архитекторын танушы ма едің? – деді.
- Жоқ. Мұнда тұрмаймын.
- Сол архитектор кеше қайтыс болды. 
- А, иманды болсын!
- Жап-жас кісі болатын. Бар жоғы елуде. Бізбен футбол ойнап жүретін кешеге дейін. Не болғанын білмеймін. Таңертең оянбай қалыпты. 
- А, иә, қазір сондай ауру көбейді ғой…
- Қараш иә, ажал деген аяқ астынан. Өлеміз деп ойламаймыз. Ойнап күліп мәз болып жүресің, и раз, бір күні жоқсың. И, қабірде періштелер сенен дапрос алып жатыр. Ал сенде вобщее дайындық жоқ. 
- А, иә, «Ажал ақымақ үшін алтау, ақылды үшін біреу» деген ғой атам қазақ деп мен де әңгімені ілген болдым. Ол:
- Брат, қарашы. Қандай ғапылмыз, иә? Өлімді, қабірдегі азапты ойламай тек дүниені уайымдаймыз, – деді. 
 - Енді, қу тіршілік қойсын ба?
- Со ғой, сол. Аллаһ Құранда: «Өмірлерің Менің алдымда бір сәт қана. Ертең-ақ сендерді алдыма ажал айдап әкеледі» дейді. А, біз оны ұмытып, тек дүниенің соңында жүреміз. 
- Басқа не істейміз енді?
- Брат, не істегені қалай? Ақиретті ойлау керек, ақиретті. Ойнап күле бермей алда өлім барын бір сәтке ұмытпауымыз керек. Сонда ғапыл болмаймыз. 
- Жарайды, солай ойладық делік. Сонда Құдайдың адамды жаратуында не мақсат бар? Бізді не үшін жаратты? Жаратқан соң адамнан Құдай не дәметеді? Өлім туралы ойлап жүргенде Құдайға керегі не?
- Не дейсің бе? Оны Құранға қарап точно білеміз.
- Иә, Құранда не депті?
- Құранда Зурият сүресінің пәлен аятында «Мен адам мен жындарды Өзіме құлшылық ету үшін жараттым» деп жазған.
- Иә, не болыпты енді?
- Не болғаны қалай? Құлшылық ету керекпіз. 
- Жақсы, сонда жұрт жаппай құлшылықта болу керек пе? 
- Иә, да. Аллаһ бұйырды ма, болды. Құл әмірді орындау керек, – деп бір-ақ кесті. 
- Әй, елдің бәрі солай жүре алмайды ау? – дедім күмәнді дауыспен. 
- Неге? Неге жүре алмайды? Брат, өзің ойлап қарашы. Таң намазы 2 ракат. Сүндетімен төртеу. Әрі кетсе бес-ақ минутта оқисың. Дұрыс па? Ең ұзақ оқылатын бесін намазы 10 ракат. Соның өзіне ары кетсе 15-ақ минут шығын. Сосын екінті ең оңайы. Шам да солай. Құптанда 9 бас намаз. Бітті сонымен. Бәрін қоссаң бар ғой иә, тәулігіне жарты-ақ сағат уақыт кетеді. Өзің ойлашы 30-ақ минут. Ел соған қиналады ғой-е, соған. Сенесің бе осыған?
- А, жақсы екен. Құлшылыққа тек намаз жата ма, сонда?
- Жоқ, бес парыз. Намаз соның ішіне кіреді. Біріншісі: Кәлима-шаһадат айту. Екіншісі жылын бір рет ораза ұстау. Сосын, по мере возможности Меккеге қажылыққа өміріңде бір рет бару керек. Қалтаң көтерсе зекет бер. И сосын бес уақыт намазды үзбей оқу керек! – деп соңғы сөзін ерекше екпінмен аяқтады. Мен: 
- Болды ма? Бары сол ғана ма? – дедім.
- Не, бары сол ғана ма?
- Құлшылық түрлерін айтамын. Осы бесеуімен құл боламыз ба, Құдайға? Басқа жоқ па?
- Иә, да!
- Өй, мынауың аз ғой. 
- Қалай аз? – деді таксист жалт қарап. 
- Енді ондай Ұлық Құдайға өміріңде бір рет кәлима айтып, жылына бір рет ораза ұстап, өлгенше бір рет қажылыққа барып, зекетті берсең беріп, бермесең қойып, тәулігіне бес рет намаз оқу деген дым емес қой. Не болады мынауың? Өй маған мұндай дін ұнамайды, – дегенім сол еді, жігіт машинаның тормазын қатты басып қалып, «шиқ» еткізді де, жалт қарап: 
 - Қалай ұнамайды? – деді. 
- Құдайдың ұлықтығы мен құлдың шүкіршілігі бір-біріне пропорция емес қой. Түк емес қой мына санап шыққан құлшылығың. Мен сені «құл болайық» дегенге қампайтып бір нәрсе айта ма десем, дым айтпадың ғой. Не болады бес намазың?
- А, не брат, сен осының бәрін орындап жүрсің бе?- деп бейне бір супер тақуаға жолыққандай аузы ашылып қалды. 
- Мәселе онда емес.
- Енді неде?
- Маған күрделі һәм қызықты құлшылық керек. «Ей, Құдай, мә, саған осы да болады» деген сияқты бес түрлі ғибадатпен құлдықты шектеп қою Құдайға неуважение ғой.
- Қалай сонда? 
- Енді құлшылық деген 24 сағат үзілмейтін болса, сонда ғана құлшылық саналады. Маған бір секунд та үзілмей тұратын ғибадаттың түрі керек. Құдайға мынадай отношение ұстау деген, кешіріп қоярсың, масқара ғой. Өзің ойлап қарашы, бір ораза мен екінші оразаның арасы бір жыл. Бір намаз бен екінші намаздың арасы бірнеше сағат. Кәлимаң мен қажылығың бүкіл ғұмырыңа – біреу. Зекетті жағдайың біледі. Өзің жаңа айттың. Бір күнде 5 уақыт намазға жарты-ақ сағат уақытың кетеді деп. Тәулікте 24 сағат бар. Соның жарты сағатын құлшылыққа кетсе, қалған 23 сағат пен 30 минутты неге арнайсың? Қалған уақытта дүниені ойламағанда жұрт басқа нені ойлауы керек? Адам құл болып, ақиретті ғана ойлап, тек қабірдегі сұраққа дайын отыру үшін 24 сағат сонымен занять болу керек. Сонда ғана ол құлшылыққа саналады. Қой, мынаны менен басқа ешкім естімесін.
- Брат, ел осының өзін орындамай жүр ғой, Құдай бізге жеңілдік қалайды. 
- Әй, қойшы ондай скидкамен қалай құл боласың? Қожаңа барып «маған жеңілдік жасашы» деп қалай айтасың? Ұят қой, бір түрлі. Құл болған соң до конца құл болу керек қой. Алаңсыз соның дәргейінде жүретін. Жылына бір рет ораза ұстап, өміріңде бір рет қажылыққа барып, зекетті берсең беріп, бермесең қойып, арасында бес уақыт шала-пұла намазбен сүйретіліп жүру деген не масқара? Кеттім мен. Тәулік бойы үзілмейтін құлшылық түрін іздеймін. Сенің ұсынған дінің көңілімнен шықпады. 
- Барт, сені түсінбедім. Зачем саған проблема? 
- Қалай проблема зачем? Құлға жеңілдік не керек? Құл деген өлгенше нагрузкамен өмір сүру керек, егер ол шынымен құл болса. Жеңілдік берсе жаңа өзің айтпақшы құл екенін ұмытып есіріп кетеді. Ал егер жеңілдікпен өмір сүрсе оны «құл» деп емес басқаша атайық?
Таксист сасып қалды. Өзіне сенімсіздеу түрде:
- Брат сен мені дұрыс түсінбеген сияқтысың… – деді. 
- Түсіндім, түсіндім. Тек более дамыған мощный құлшылық түрін іздеуге кетіп барамын. Сенікі черезчур аз екен, – дедім бастырмалатып. Сол кезде қалаға келіп те қалыппын.
- Жақсы, мен келдім. Осы жерден тастап кет, – дедім де жол ақысын төлеп, жөніме кете бардым. Таксист жол бойғы еңбегінің зая кеткеніне қатты қапа болған сияқты. «Да, құлшылық аз деген адамды алғаш көруім. Сонда бұған не керек?» деген сұрақ көзінде жазылып тұрды. 
Ақылымды шатақ діннің матауынан аман сақтап марқайып кетіп бара жатсам бағанағы ОЙЛАРЫМ: «Оу, Сәке, қалай бізге ризасың ба?» деп қояды көңілімді жыбыршытып. «Эй, менің сенімді серіктерім, сендерге әманда риза ғой Шәнжархан пақыр! Сендер болмасаңдар ойсыз мақұлық болар едім ғой. Сендердің арқаларыңда ғана ғой надандықтың қара балшығына батып кетпей аман жүргенім. Ризамын сендерге, ризамын. Екі дүниеде қарыздарымен сендерге» дедім. Ойларым: «Бәсе, анда-санда болса да осылай деп бізді де бір елеп ескеріп, мақтап қойсайшы. А то, айқас біткен соң бәрін өзің қатырған адам құсап кісі боп адам танымай кетесің» деп өзімді қатты ұялтты. ))))

Sanjar Kerimbay    facebook парақшасынан

 

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: