|  |  | 

Көз қарас Спорт

Совет жанкүйерлері “бүкіл әлем СССР құрамасы сүрініп кетсе екен деп телевизорға телміріп отырады” деп ойлайтын.

66EF19A3-E331-4B36-8832-ACFE1BAD105A_cx0_cy18_cw0_w650_r1Қысқы олимпиада кезінде ұлттық құрамаларының нәтижесіне көңілдері толмай күйініп жатқан пост-советтік елдердегі достарым, бұл – жекелеген спортшылардың күш-қуат, қарым-қабілеті сыналатын жарыс. СССР кезінде партия мен үкімет мұндай халықаралық жарыстарды идеологиялық жобаға айналдырып, “күллі капиталистік әлемнің ішін күйдірейік, мысықтілеу империалистердің бетін аймандай етіп, социализм құрылысшыларының спорт бәсекесінде де мықты екенін дәлелдейік” деп әбден саясиландырды. Сол себепті совет спортшылары алаңға жауға шапқандай түрмен шығатын. Совет жанкүйерлері “бүкіл әлем СССР құрамасы сүрініп кетсе екен деп телевизорға телміріп отырады” деп ойлайтын. Тірі мысалдары әлі бар ғой, Солтүстік Корея сияқты.

Ал шынын айтар болсақ, Батыста екі олимпиада да спортшылардың бәсекесі сияқты қабылданады. Ашылу, я жабылу салтанаты болмаса, қалған жарыстарды тұрғындардың белгілі бір бөлігі ғана көреді. Бұл тарапта көгілдір экранға кектене төніп отырған ешкім жоқ, шетте тұрып жатқан Кремльдің мүридтері болмаса  ;)  Олимпиада жаппай талқыланбайды, күнделікті ақпарат құралдарының бірінші бетіне шығып кетпейді. Егер атлеттері жүлде алып жатса, әлбетте, атап өтеді, мақала жазады, сұхбат алады. Оның өзінде көбіне спорттық БАҚ түрлері. Мысалы, дәстүрлі түрде өтіп жататын кулинарлар жарысы, я өнер фестивальдарын да халықтың бәрі емес, белгілі бір бөлігі ғана көріп, талқылайды ғой. Сол сияқты. Батыс елдерінде “биыл төрт жыл бұрынғыдан аз медаль алып қалдық, масқара, ұлттық намысымыз қорланды, елдігіміз көрінбеді” деп жатқан және ешкім жоқ. Нәтиже айтарлықтай тым қатты нашарлап кетсе, спорт төңірегіндегі топтар, саясаткерлер мен депутаттар жеке талқылап жатады. Жаппай трагедия жасамайды. “Неге өлермендік қылмады? Неге өкпесі өшкенше жарыспады? Өңшең жанын аяған қу!” деп жанықпайды. Өйткені спортшы үшін ең маңызды фактор – денсаулығы. Спортшы да теледидар қарап, диванда жамбастап жатқан жанкүйер сияқты жанын күтеді. Пост-советтік үкімет қанша жерден саяси ұпай жинағысы келіп шетелде жаттықтырса да, президент стипендиясын тағайындаса да, ұлттық компанияны спонсор қылып қойса да, спортшы әлеуеті жететін жерге дейін ғана жарыса алады.

Батыста мықты спортшы жалпы мектептің тегін, я жекеменшік мектептің элиталық спорт секциясы мен университет, я жекеменшік спорт клубтарынан сұрыпталып, шыңдалып шығады. Үкімет жалпы мектеп деңгейіндегі секцияларға қаржы аударады, бірақ жекелеген спортшыларға бір тиын бөлмейді. Кейбірі тіпті олимпиада чемпиондарына бір тиын сыйақы төлемейді. Үкімет жалпы халықтың әл-ауқатын жақсартуға күш салады. Тұрмысы түзелген елдің тұрғындары спортпен шұғылдануға уақыт та, жағдай да табады. “Бұқаралық спорт тұралап жатыр” деп ешкім аттандамайды. Әрбірден соң “бұқаралық спорт” (“массовый спорт”) деген тым советтік түсінік. Өте-мөте дерексіз, абстрактылы ұғым. “Бұқаралық спортқа” бюджеттен ақша бөлу” деген тіпті бұлыңғыр нәрсе. “Бұқаралық спортқа, я талантты спортшыларға ақша бөлу” деген желеумен бюджетті талан-таржыға салу, кәсіби спорт клубтарын мемлекет бюджетінен қаржыландыру Батыста қисынсыз көрінер еді.

Кейбір пост-советтік елдердегі жанкүйер достарым спортшыларды кінәлағанша, орта мектеп деңгейіндегі спорт секцияларын жеткілікті түрде жабдықтай алмай отырған, халықтың басым көпшілігі аптасына бірнеше мәрте спортпен шұғылданатындай тұрмыс деңгейін өсіре алмай отырған, кәсіби спорт клубтары ашық бәсекеге түсіп, ұлттық құрамаға кімнің кіретінін шенеуніктер емес, тәуелсіз федерациялар шешетіндей ахуал қалыптастыра алмай отырған үкіметті жазғырсын.

Galym BokashТЫҢ парақшасынан алынды

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: