|  | 

Көз қарас

Шымкент әкімі Ерлан Айтахановты қызметінен алып тастапты ғой. Маған бір пайдасы тиген әкім еді. 

82893973_2745548228826537_4572111644301197312_n
2015 жылы ақпанда Сарыағашта қазақ пен тәжік арасында конфликт болды емес пе? Шенеунік боп істейтін қазақ жігітін жылыжайдағы тәжік жігіті өлтіріп, жік түсті. Ынтымақ деген ауылда 20-ға жуық тәжік үйін өртеп, бір күнде дүние астаң-кестең болды. Әскер кіргізді. Әлеужелің бірде бар, бірде жоқ. Оқиғадан үш күн өте редакция тапсырмасымен Сарыағашқа жеттім. Әрі қарай ауылға барайын десем таксистер мынау сақырлаған камера, фотоаппаратыңызбен кіргізбейді деп баспайды. Ақшасын молдау беріп көндірдім біреуін. Бір топ полиция Сарыағаштан шыға берісте бір, ауылға кіре берісте екі тексерді. Құрал–сайманды таксистің темір-терсегінің астына тығып тастағам, Құдай сақтады. Ауылға кіріп келсек полиция, әскер, омон-сомон, БТР-ға дейін техника самсап тұр екен. Аттап бастырмайтыны белгілі болды. Қайдан түсірейін деді таксисім. Қайдан түсетінімді өзім де білмеймін. Төтенше жағдай орнаған жер. Шығарып жібере ме деп қауіптеніп, не де болса әкімдік табалдырығына ілінейін дедім. Сөйтсем әкімдігім әскери штабқа айналыпты да, әкімдікті ауруханаға көшіріп жіберіпті. Қол созым жердегі ауруханаға бара бергенімде біреу: – Әй, кетіңдер бұл жерден, журналистер келе жатыр,- деді. Мені айтып тұр ма деп қоямын). Сәл шетке ығысып тұрдым сонда да. Бір кезде Оңт. Қазақстан облысы ішкі саясат бастығы Берік Уәли он-он бес журналистпен сау етіп келе қалды. Сірә, жергілікті БАҚ болса керек. Бекеңнің тапсырмаларын мен де тыңдайын деп жақындадым. Байқап қалып, бірге жүріңіз, ауылды түгел аралатамыз деді. Рақметімді айтып, бас тарттым. Қайтыс болған жігіттің әкесін шақыртқан екен, қысқа коммент алдым. Журналистер кетті. Енді не істеймін?
Қарасам көше бойында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов жүр екен. Таяп барып, амандасып, жөнімді жұқалап айтып, ілестім. Сәлден соң еркінсіп, әкесі, мәжіліс депутаты Қуаныш Айтахановты ел білетінін айттым. Ол кісі 1990 жылдары аудан басқарған, шаруа адам деп еститінмін. Сонысына бір тоқтадым. Айдалада біреу әкеңді мақтап тұрса, арқаланып қаласың ғой. 
- Қасыңыздан кетсем, мына полиция тырп еткізбейін деп тұр,- деп бір-ақ тоқтадым. 
- Алаңдамаңыз,- деді Айтаханов. Сыртымыздан бақылап тұрған бір топ полицей аса жақтырмаса да сонан кейін кедергі жасамады. Онысы бөлек хикая). Сөйтіп өртенген үй, мәшине, қираған мүлік, тағы шығамыз дескен жұрт жайлы ақпарат Азаттыққа шықты. 
Айтпақшы, екінші күні жаяу салпақтап шаршадым. Әкімдік жап-жаңа мәшине беріп, қояр да қоймай мінгізді, қалаған жағыңызға барыңыз деді. Бірақ шопырым ертіп барған үйлердің бәрі дін аман боп шықты). Сосын қоя бердім де 06 жигули тауып, пластмасса канистрмен бензин құйып араладым.
Қайтатын күні ауылдан ұзай бере бір топ спецназ тұр екен. Таксиде отырып, жарқ еткізіп суретке түсіріп едім, екі шақырым ұзамай қолға түстім. Вспышканың жарқылын байқап қалған-ау. Маска киген, қару кезенген үш спецназ едел-жедел мәшинеден түсіріп, құрал сайманымды алып қойды. Журналистпін дегеніме пысқырған жоқ. Штаб бастығының өзі рұқсат берді дегенім өтті-ау деймін, жарты сағат ұстап жіберді. Түсірген фото, видеоларды көздерінше өшірдім. Пәтеңкемнің ұлтарағының астында жатқан флешка аман қалды ғой бірақ).
Ерлан Айтахановтан көрген пайдам сол. Төтенше жағдай орнаған жерге рұқсатсыз кірген тілшіні шығарып тастаңдар десе ешкім қой демейтін еді. Танитындар болса сәлем айтар, сонысына рақмет.

Асылхан Мамашұлы Facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: