ТҮЙСІКТЕР ТӨТЕМІ
Өркен Салубайұлы 1984жылы ҚХР-дағы Алтай аймағы Қаба ауданында дүниеге келген. 2011жылы ҚХР – Жияңсу провинциясындағы Нанкин университетін тамамдаған. жылан жылғы Қыран өзенінің жағалауында өткен атақты сүлейлер жиылған <<Алтын қанат ақиықтар>> мүшәйрасында 2орын иегері болыпты. Өркеннің <<Тас бояу>> деген поэзиялық кітабі бар. ақын бұл күндері Алтай аймағының халық радиосында қызметте. әлемдік толғаныстардың бунағы мен буынының арасында ербеңдеген адамзаттық нәзік, күңгірт ағынның төңірегінде жұртының күллі этнографиясы мен дүние танымын әләулайлатқан тым сирек кезігетін аз ақынның шоқтықтысы осы Өркен Салубай мырза!
Ақынның бағы ашылсын!
ТҮЙСІКТЕР ТӨТЕМІ
Тынштықта ұрдалды уақыт,
сағат шеңберлері ішіндегі шәшілді сифырлар,
Көзімді көлегеилеиді, мезгіл қалдықтарынан ұшқан қисапсыз қиқымдар.
Жым-жылас тіршіліктің жанарына үреи ұялап,
Жасаған оғанда болмыс санасындағы бір ой қянат.
Меннен де бүгін иесіз қалып қаңғырған текті рух,
Жасымды тұрмын көшпенділер аспаннан жауған жаңбырға кептіріп.
Босаттым сосын алақаным сызықтарына байланған шексіздік арқауын,
Ғасырдың күрсінісінен білінді тексіздік шаршауы.
Бостандық бердім деміммен үрлеп кеңстіктегі қылмысты тозаңға,
Ақиқаттан айтылмай қалған бар еді білем сөз онда.
Сол тозаң менің тарихым бетіне тамған кеңстік нүктесі,
Тілсім табиғаттың киесімен көрсеткен маған нұх сесі.
Ол-дағы бір қасыретты құрлығым еді аспанға асылған нұр жіппен,
Мәңгілік пәреллел жатқан табанымдағы құрлықпен,
Айтады дәтін кімдерге барып сол қаңғыбас құрлығым,
Меніңде аяқсыз аяқталған мандымас тірлігім.
Шаршаған олда жан айғай дауыстар ішінде сенделіп,
Шаршатқан меніде адамызат ниетіндегі пенделік.
Қарайды маған мезгіл түсіндегі реңдер оңып,
Ұрғашылар құшағындағы гүлдерде түнерген тоңып,
Айналған олар ана құрсағындағыдай көркем бір пшінге,
Сарқылған бүгіндерінде, жұтылған ғұмырлар ертеңнің ішінде.
Жоғалды бәрі ғасырлар мимыртындағы нышанға сіңіп,
Мен, сен, ол үшеуміздің арамызда тұс, арман, күдік.
Өрмекшілер жатады көзімнен аққан тор құрып жасыма,
Сорыма бола қонғам мен сор құдық басына.
Деміме жылынған тыныштықтарды ой күнәсі үркітіп,
Өлара дүниесінің ішнде жүрем, Төтемге айналған түйсіктерімді пір тұтып.
АМАЛНАМАДАН
Мен туылмай тұрғанда,
кеңістігім еді анамның құрсағы,
Әкемнің сипаған алақанының жүзіме түскен нұр табы.
Оның алақаны күн іспетті еді сол кеңстігімді айналған,
Ғажайып жылылғын өткізген маған маңдайдан.
Сездім мен оның тамырындағы қанның ағысын,
Естілді одан өз бойымдағы таныс үн.
Ауамен нұрдың көлеңкесінде,
топырақтың исын иіскедім ес кірді маған,
Алдымда тұрды жұмбақ дұниегеайналған шексіз бір ғалам,
Естідім сосын тілсім табиғаттың дұға тілегін,
Мен оны анамның құрсағында жатқанда ұғатын едім.
Киелі құстар қауырсындарын өртеп жасады аспан ырымын,
Тыңдадым тағы шайтан мен перштелердің күбірін.
Нажағайдың жарығынан жасалған ілездік күндізім,
Көрсетті маған түнекте жатқан дүниенің мұң жұзын.
Жүрдым мен содан сол түнектерді деміммен қуып,
Жүрдым мен содан сол түнектерді жәсіммен жуып.
Жарықты күттім туған топырағыма шұғыласын шәшқан,
Халымды менің жетімдік тартқан ұғынатын аспан.
Айықтру үшін ішімде жатқан осы құсамды,
Тамыздық тастар бақсының қызыл тілмен тұтанды,
Қасіретімды менің үн-тұнсыз жанған тас білді,
Жүрегімдегі жарақатымда асқынды.
—————————————————
kerey.kz
Пікір қалдыру