|  |  | 

Көз қарас Әлеумет

Талғат Мамашев пен Ғалым Мұтановтың назарына! Сіздер рухани мешеу адамды қолдайсыздар ма?

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалым Мұтановқа

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевке

sss-mamashev-349x218_cРектор_КазНУКеше ғана Елбасының тікелей тапсырмасымен, күллі Қазақстан халқының қолдауымен елімізде «Алғыс айту күні» тойланғаны баршамызға белгілі. Алайда дәл осы мерекенің қарсаңында “жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты”. Бұған дейін Талғат Мамашев мырза, өзіңіз басқарып отырған қауымдастықтың ғылыми бөлімін басқарған, Ғалым Мұтанов мырза, сіздің қол астыңызда істейтін білдей бір доктордың ел арасына жік салуын қалай түсінуге болады?

mendikulovaБір кезде Дүниежүзі қазақтар қауымдастығында қызмет атқарып, шеттен келген қандастарымыздың жай-күйіне қаныққан Гүлнар Меңдіқұлованың айтып отырған сөзі мынау. Сонда ол кісінің диаспорада істей жүріп, Атажұртын аңсап келген қандастарымыздың жан-дүниесін түсіне алмағаны ма? Әлде сіздерде мамандар осылай жетіле ме?

Еліміздің бетке ұстар білім ордасында, Қазақ білімінің қара шаңырағында Гүлнар секілді рухани сауатсыз, ел мұңына, қандастың жан-дүниесіне мешеулікпен қарайтын маманның қызмет атқаруы қалай? Әлде сіздердің қарамақтарыңызда қызмет атқаратын доктор, профессорлардың ұлт жайлы не деп жатқаны маңызды емес пе? «Есіктен ергеншек кетсе, иттен ұят кетеді» дейді қазақ. Әзір бүгін қазақтың есігінен ергеншек кете қойған жоқ еді ғой…

Құрметті ел назарында жүрген ағалар, ел ішіне іріткі салып, аз қазақтың ара жігін ажыратып отырған Гүлнар Меңдіқұлова ханымның сөзіне сіздер жауап бересіздер ме, әлде “оралмантанушы” апайымыз өзі көпшіліктен кешірім сұрай ма? Бірдің кесірі мыңға тимесін десеңіздер, бұндай бассыздыққа жол берген тарихшы ханымды жауапгершілікке тартқандарыңыз жөн болар. Әлде сіздер мемлекеттік тілді менсінбейтін, қазақты өз ара қырқыстыруға құштар, рухани мешеу адамды қолдайсыздар ма?

Ата жұртқа алыстағы ағайынның басын біріктіру Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей бастамасы, сол кісінің арнайы тапсырмасы екенін жақсы білесіздер. Ал өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев шеттен кім келсе де құшақ жая қарсы алуды мақсат тұтты. “Атажұртым шақырды, ашты есігін” деп аңқылдап жеткен ағайынның аяғынан шалуды Гүлнар секілді “шала молла дінбұзарларға” тапсырдыңыздар ма?

Қалай дегенмен де, Президентіміздің тікелей тапсырмасымен, қолдауымен Қазақ елінің кетігін бүтіндеп, кемтігін толтыру үшін шеттен келіп жатқан қандастарымызды көзге шыққан сүйелдей көруді тоқтататын уақыт болды. Бұны сіз боп, біз боп қолға алмасақ, басқа ешкім де істемесі анық.

Ендеше, ел сыйлаған жақсы ағалар, Гүлнар Меңдіқұлованың көпшіліктен кешірім сұрауын талап етемін!

Гүлнар Меңдіқұлованың кім екенін білгілеріңіз келсе оның шынымен не істеген адам екенін талдап жазған Жәди Шәкенұлының мақаласын осы жерден оқуларыңызға болады. Ал біз шала бүлініп, жоқтан өзгеге аттандап отыр деп ойласаңыздар, Гүлнар ханымның “Караванға” берген сұқбатының қысқаша мазмұныны мына жерден оқуларыңызға болады.

“Қазақ үні” ақпараттық порталының Бас редакторы Ержан Жаубай.

qazaquni.kz

Related Articles

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: