|  | 

Әдеби әлем

Бір дүбір кетпей қойды аспан жақтан.

Аманхан Әлімұлы 1952 жылы 20 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында туған. 1969 жылы сол ауылдағы Амангелді атындағы орта мектепті бітірген. 1975 жылы КазГУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсіп,  1981 жылы бітіреді. Оқуды бітіргеннен соң, 1981-1989 жылдар аралығында республикалық БАҚ «Қазақстан пионері» («Ұлан») , «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Түркістан» және «Қазақ радиосында» қызмет етті.

1991-1993 жылдар аралығында Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының жанындағы жоғарғы курсының күндізгі бөлімінде оқиды. 1994-2012 жылдар аралығында «Заң газетінде» жауапты хатшы және шолушы болып қызмет етті. Аманхан Әлімұлы Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты (Алаш» сыйлығының), Оңтүстік Қазақстанға Еңбегі сіңген медалімен, «Жандос» атындағы сыйлықтың иегері, «Ұлт патриоты» грамотасымен марапатталған, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Өткірдің жүзі», «Айнұры алақанымда», «Жанымның жапырағы», «Бес қоңырау», «Кездесу»   публицистикалық және өлеңдер жинағының авторы. Жақында «Атақоныс» атты жыр-жинағы жарыққа шықты.

   Қазір ұлттық қоғамдық-саяси «Ақиқат» журналының Бас редакторы.

ҚЫЛЫҚТЫ ҚЫЗ

Қылықты қыз қыпша бел, қиық қасты,

Тұрсам да мен алдыңда иіп басты,–

Менен бұрын жел сипап бұрымыңды,

Менен бұрын тағы сол сүйіп қашты.

Қылығымды құлындай тұсады ма,

Бала шағым басымнан ұша бұла,–

Менен бұрын Ай нұры аймалады,

Менен бұрын түн алып құшағына.

Аңғара да бермейтін күйді кейде,

Текке ұшпа сезіммен сүйді дей ме?–

Менен бұрын көк нөсер жуындырып,

Менен бұрын тәніңе тиді жейде.

Тартып тағдыр тағатсыз күзіңді алға,

Бойымды алған кезінде ызың, шалма,–

Менен бұрын ұйқыңнан таң оятып,

Менен бұрын Күн шайды жүзіңді алма.

Көрінісіндей көңілсіз жасты күннің,

Мысы еңсемді бір мезгіл басты мұңның.

Бақытты артық бәрінен сезінер ем,

Тисе басым шетіне жастығыңның.

КҮЗГІ НАЙЗАҒАЙ

Тіршіліктің тұңғиық арты күмән,

Айтшы, досым, қалайша парқын ұғам?!

Жатыр бұлттар жарылып, дарбыздардай,

Шарт-шұрт еткен найзағай жарқылынан.

Тыным бермей тұрған жел бастан баққа,

Кіді күнге құшағын ашқан шақ па?!

Нөсер құйып берердей, қос қарайған,

Қорқынышпен қараймыз аспан жаққа.

Құшағымда дірілдеп тұрған қызды,

Аққайыңға ұқсаттым ұрған күзгі.

Қызықтыра қоймас-ау, аспан таққан,

Оңған күміс, Ай деген, сырғаң бізді.

Екеумізде күдік бар тағы басқа,

Ұрынып қалған күзге шағы, қасқа!

Қойшы, әйтеуір, суық көз сияқтанған,

Келетұғын кез емес бағын ашқа.

Қаны қат аумайтын Күн қасқалдақтан,

Болсаң да мезгіл күтіп, бастан баққан, -

Үйір-үйір жылқы айдап өткендей ме,

Бір дүбір кетпей қойды аспан жақтан.

Көз алдыма келтірген хошы көпті,

Тапты,білем, амалын тосын епті, -

Арамызға жай түсті, со бір күзде,

Төсін көктің найзағай осып өтті.

Көңілімнің, содан соң, хошы кетті…

* * *

Күлім көз көкем-ай,

Күліп өте ме-ай,

Құндыздай құлпырып.

Қол жетпес бір арман,

Тал бойы бұралған,

Қылыққа тұр тұнып.

Өлара тұстағы,

Бұлттай ұшпалы,

Үлбіреп жүр бақта.

Күн көзі арайлы

Дегендей қарайды,

Алмаңды ұрлатпа…

Болмайды жазғырып,

Шікәмшіл жаз қылық,

Табиғат болмысы.

Сағыныш сазындай,

Қанаты жазылды-ай,

Секілді қол құсы…

Көңілді қозғады-ай,

Күлкісі тозбағай,

Жел қаузап, күн өтіп.

Шалдырмай тіл-көзге,

Ұшырар бір кезде,

Уақыт түлетіп.

Өмір

Соға-тұғын айналып,

Өткен өмір өліп-өшті азап пе ең?..

Ажалменен байланып,

Кіндіктесіп қалғанмын мен қазақпен.

Есітерім”Елім-ай”,

Қорғасындай ойлар басып еңсемнен,-

Келе жатыр желіп Ай,

Вагондармен түйе өркешті теңселген.

Құлазып тұр көңіл де,

Қызбен бірге кеткен қызық сияқты.

Өмір дейтін өмір ме,

Аяқ асты етсек,шіркін, ұятты.

Дала сәнін кетіріп,

Тұман жапқан айналаны кілкіме.

Өліп жатқан өтірік,

Бұ дұние ұқсап кетті түлкіге…

***

Қас пен көздің,бауырым,арасында,

Асқақ кеуде соңына қарасын ба? -

Басым кетіп барады білегінде,

Санам кетіп барады санасында.

Жаулап алған жанымды талма кеште,

Керемет күн кешегі қалмады есте, -

Ерінім кетіп барады ерінінде,

Шайқалады шаттығым алма төсте.

Кеш ұғынған қадірін тірегім бе,

Сол қыз қазір мұратым, тілегім де, -

Көзім кетіп барады бұрымында,

Өзім кетіп барамын жүрегінде.

ҚАЙЫРШЫ

Аяқ-қолсыз, қашалған тас түйін бе,

Қайыр тілеп отыр ол жас күйінде.

Тиын түстес жапырақ түсіп жатыр,

Алдындағы күн жеген бас киімге.

Тұнық жанар тұңғиық кеш пе дер ем,

Одан мұң да,кей-кейде сес те көрем.

Жұмба көз көрме сен де – көр соқырсың,

Жып-жылмаң желдей сен де еспе, керең.

Ашар-ашпас мұндайда сыр керек пе,

Шайпау желмен шайқалып тұр терек те.

Қас қағымда шелектеп төгетіндей,

Булығады боз бауыр бұлт еректе.

Тартты дерлік ырымға қай қабағы,

Тартылар көкте Алланың Ай табағы…

Бас киімге жиналған жапырақты ол,

Төгіп желдің өзіне қайтарады.

kerey.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: