|  | 

Көз қарас

Шиеленіс нүктесі: ТАУЛЫ ҚАРАБАҚ ӘЗІРБАЙЖАНҒА  ҚАЙТАРЫЛУҒА ТИІС!

Tauliqarabaq

Сәуірдің бірінен екісіне қараған түні Таулы Қарабақта Армения мен Әзірбайжан арасында кескілескен шайқастар басталып кетті. Армяндар жақтан атылған әр оққа үнсіз қалмай жауап беру туралы тапсырма алған әзірбайжан әскері оқты төгіп берді. Әрі 1994 жылдан бері армяндардың басқыншылығына деген жинақталған ашу-кегі бар.

Армения әскерін Ресей сол кезден бері қару-жарақ, азық-түлікпен толықтай дерлік қамтамасыз етіп отыр. Әзірбайжан болса Қарулы Күштерін ресейлік жүйеден түркиялық-натолық жүйеге көшіріп алған. Қазір қару-жарағы жағынан Кавказ елдеріндегі ең мықтысы.

Іс жүзінде Таулы Қарабақ атам заманнан әзірбайжандардың жері. Кеңестік кезеңде армяндар көбірек қоныстанған. 1988 жылы түлен түртіп қарабақтық армяндар Әзірбайжаннан бөлініп шығатынын мәлімдеді. Өздерін Таулы Қарабақ Республикасымыз деп жариялағанымен шынтуайтында Арменияның протекторатына айналды.

Аз-кем тыныштық орнаған 22 жылда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Арменияның Таулы Қарабахтан оккупациялық әскерін әкетуді талап етілген 4 (төрт!) қарар шығарды. БҰҰ Бас конференциясының арнайы шешімі бар. Еуропалық Кеңес Парламенттік Ассамблеясының қарары және басқа ондаған халықаралық құжаттар жетерлік. Осы құжаттарға арқа сүйеген Әзірбайжан жағы қарсы тарап әскерін таулы Қарабақтан әкеткен жағдайда ғана келіссөз үстеліне отыратындығын ашық мәлімдеп отыр. Ресейге арқа сүйеген Армения болса БҰҰ қарарларына пысқырған емес. Әзірбайжан жағын ашындырып отырған осы!

Ильхам Алиев 31-наурызда АҚШ-та Мемхатшы Джон Керримен кездескен. Іле-шала АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Джон Кирби АҚШ Әзірбайжанның территориялық тұтастығын яғни Таулы Қарабахтың Баку юридикциясына өтуін дұрыс санайтындығын мәлімдеген болатын. Армения жағынан оқ боратылуы әзірбайжан жағының шыдамын сөйтіп үзіп жібергендей. Содан бүкіл шекара бойында атыс басталды. Ұжымдық Қауіпсіздік шарты Ұйымына (ОДКБ) қатысушы елдер сепаратизге жол бермей Қарабах түйінін халықаралық құжаттарға сәйкес бейбіт келісімдер жолымен шешуге ықпал етуге тиіс. Бірақ Арменияның қолтығына су бүркіп отырған Ресейдің ұстанымы баршаға белгілі. Енді осы проблемадан Түркия мен Ресей арасы одан әрі ушығуы ықтимал.

Қазақстан үшін тілі, діні, тарихы, қаны, географиялық орны жағынан Әзірбайжан жақын. Қазақ жұрты Таулы Қарабахты Әзірбайжанға қайтару туралы БҰҰ қарарын қолдайды! Бұл шиеленіс Ильхам Әлиев айтпақшы «тек Әзірбайжанның территориялық тұтастығы негізінде ғана шешілуге тиіс!».

Марат Токашбаевтың facebook тегі парақшасынан алынды

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: