|  | 

Жаһан жаңалықтары

Қазақстан Зимбабведе платина өндіруге қатысады

Зимбабве астанасында су алуға кезекте тұрған әйелдер мен балалар. Хараре, 1 желтоқсан 2008 жыл.

Зимбабве астанасында су алуға кезекте тұрған әйелдер мен балалар. Хараре, 1 желтоқсан 2008 жыл.Finanсial Times газеті Қазақтанды инвестиция құюға ең тиімді дамушы елдердің бірі ретінде көрсеткен. Шетел баспасөзі Қазақстанның Зимбабведегі жаңа мәмілесі жайлы да хабарлайды.

ҚАЗАҚСТАНДЫ МАҚТАҒАН МАҚАЛА

Ұлыбританияның Financial Times газеті жариялаған Стив Джонсон есімді автордың «Қазақстанда ызғардың беті қайтып келеді» деген мақаласында елде шетелдік инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер бары айтылған. «Қазақстан байырғы автократ билеушісі архитектуралық зәулім ғимараттарға табынатын және экономикасы Ресей мен мұнайға барынша тәуелді ел ретінде көбірек белгілі шығар. Бірақ сарапшылар мен инвесторлар Орталық Азияның жер көлемі Батыс Еуропаға барабар осы бір ірі республикасына дамушы әлемнің ең қарымды елдерінің бірі ретінде тағзым етуге кезекке тұратын тәрізді» деп жазады мақала авторы.

Елдегі жағдайға қатысты мақалада «әлемде мұнай бағасының құлдырауына» және жалпы өнеркәсіп өндірісінің қысқаруына байланысты 2012 жылдан бері Қазақстан экспортының долларға шаққандағы құны 57 пайызға, ал импорт көлемі 43 пайызға азайды деген комментарий де жазған. Бірақ сонымен бірге мақалада Қазақстанның экономикалық жағдайы мен инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер жайлы жақсы пікір айтып жатқан сарапшылар пікірін де келтірген.

Алматыдағы "Альянс банк" бөлімшесінде. 19 тамыз 2014 жыл.

Алматыдағы “Альянс банк” бөлімшесінде. 19 тамыз 2014 жыл.

Мысалы, Ресей Сбербанкі басқармасының төрағасы Герман Греф Қазақстандағы реформалар бағдарламасын «Сингапурмен салыстыруға болатындай» деп атаған. Мәскеуде орналасқан Macro Advisory консалтинг фирмасының бас серіктесі Крис Уифер де Қазақстанның реформалар бағдарламасын жоғары бағалайды.

RenCap институтының бас экономисі Чарльз Робертсон 2017 жылы Дүниежүзілік банк есебінде Қазақстан бизнес жүргізу оңай елдер арасында 35 орынға көтерілгенін атап көрсетеді, ал әсіресе қиын жағдайдағы банктерге көмегі мен Қашаған мұнайын өндіруді жаңғыртуды мақтаған Kames Capital’s Emerging Market Bond fund қоры басқарушыларының бірі Тео Холланд Қазақстанды Шри-Ланка мен Мексика тәрізді «ең тартымды дамушы елдер» қатарына жатқызады.

Батыс баспасөзінде Қазақстанды мақтайтын осындай мақалалар жиі шығып тұрады. Мұндай мақалалардың көбі Қазақстан үкіметін жарнамалау науқандары кезінде пайда болады.

ҚЫТАЙ ЖОБАСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАТЕРЛЕРІ

Жаңа Зеландияның NZ Herald газетінде Жаңа Зеландияның Қытайдағы елшісі Ванг Лутонгтің мамырдың 14-15 күндері Пекинде өткен Ұлы Жібек жолын жаңғыртуды көздейтін «Бір белдеу – бір жол» халықаралық форумы нәтижелерін жан-жақты сипаттаған мақаласы шықты. Онда Қытай президенті Си Цзиньпин әлгі бастама жайлы Қазақстанда алғаш жариялаған сәттен бері оны 100-ден аса ел мен халықаралық ұйымдар қолдап, жобаға қатысты деп көрсетілген.

Бірақ Үндістанның Economic Times газетіндегі «БҰҰ Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» жобасының қаржылық қатерлері жайлы ескертті» деген мақалада БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхит елдері бойынша экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (UNESCAP) жуырда аяқталған зерттеуіне қатысты комментарий берген.

«Бұл елдердің кейбірінің сыртқы есеп-шоты көрсеткіштері біршама әлсіз. Қазақстанда ағымдағы шот тапшылығы (елдің сыртқы сауда нарығындағы жағдайын сипаттайтын көрсеткіш. – ред.) 2016 жылы ЖІӨ-нің шамамен алты пайызын, ал сыртқы қарыз 2015 жылы ЖІӨ-нің 80 пайыздан көбін құрады. Пәкістанда шетелдік сыртқы резервтер едәуір шағын – 2017 жылдың басындағы төрт айлық импорт көлемінде. […] Инфрақұрылымдық жобалар үшін ірі көлемде шетелдік несиелер алудың біршама оңайлығы (тіпті олардың көбі жеңілдік негізінде берілсе де) қаржы нарығы дұрыс дамымаған және қарызды басқару тиімділігі төмен экономикасы шағын елдерде сауда балансының сәл нашарлауы, макроэкономикалық ахуалдың тұрақтылығы ментөлем теңгерімінің бұзылуы салдарынан қатерлерге ұрындыруы мүмкін» делінген БҰҰ зерттеуінде.

ЗИМБАБВЕДЕ ПЛАТИНА ӨНДІРУ

Зимбабвенің New Zimbabwe сайтында Қытайдың Xinhua агенттігінің Қазақстанның Todall компаниясы Зимбабведегі Боқай платина кенішін сатып алғаны жайлы жазылған «Кабинет Қазақстанмен платина шахтасына қатысты бірлескен жобаны мақұлдады» деген хабарламасы шақты.

Зимбабвенің шахталар және шахталарды дамыту министрі Уолтер Чидхакваның сөзінше, «қазақстандық инвестор мен Қазақстан билігі бірге иелік ететін жаңа қазақстандық компания Бокай кенішін Лондон биржасында зимбабвелік компаниядан сатып алған». Бұған қоса, Xinhua агенттігінің хабарлауынша, министр «кенішке иелік етуге кірісу үшін жуырда жаңа инвестор хабарласты, екі шахтаны суға батыру мен өзге даму жобаларына олар қазірдің өзінде 60 миллионнан көп АҚШ долларын жұмсады деп мәлімдеген». Зимбабве министрі кенішті сатуға министрлер кабинетінің наразы болғанын айтқан, бірақ «олар кен өндіру басталатынына келісті» деп мәлімдеген.

Зимбабве азаматтары сайлауға дауыс беру үшін кезекте тұр. Хараре, 27 маусым 2008 жыл.

Зимбабве азаматтары сайлауға дауыс беру үшін кезекте тұр. Хараре, 27 маусым 2008 жыл.

Зимбабведегі Бокай кенішіндегі платина қоры 15 миллион унция деп бағаланады. Платина қоры жағынан Зимбабве әлемде Оңтүстік Африка республикасынан кейін екінші орында тұр. Әлгі сайтта Зимбабвенің алтыннан кейінгі негізгі экспорт өнімі – платина екені айтылған. Todall қазақстандық компаниясы жайлы әлдебір қосымша мәліметтер табу мүмкін болмады, әзірше интернеттен де ешқандай ақпарат табылмады.

Қазақстан тәрізді Зимбабве де авторитарлы елдер қатарында аталады. 93 жастағы Роберт Мугабе елді 1987 жылдан бері басқарып отыр. 76 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды 1989 жылдан бері басқарып келеді.                                                                                          Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ-Талибан бейбіт келісімі бекітілуге шақ тұр

    Фруд БЕЖАН Мулла Абдул Ғани Барадар (ортада) бастаған Талибан делегациясы келіссөзден шығып кeледі. Мәскеу, 30 мамыр 2019 жыл.  2001 жылғы қыркүйектің 11-і жасалған терактілерден кейін АҚШ-тың кәріне ұшырап, Ауғанстандағы билігінен айырылса да, Талибан саяси ойыншы күйінде тұр. 2010 жылғы күзде АҚШ өкілдері Германияның Мюнхен қаласында Талибанның жас өкілімен құпия кездесті. Таиб Аға есімді содырлар тобының саяси қанатының мүшесі АҚШ дипломаттарына соғысты аяқтау туралы жол картасын көрсеткен. Бұл АҚШ-тың Талибанмен бірінші мәрте жолығуы емес еді. АҚШ бастаған Батыстың әскери коалициясы 2001 жылы Талибан режимін құлатқалы бері содырлар Вашингтонмен қарым-қатынас жолын іздей бастаған. Екі жақтың әскери жетекшілері жүздескен. Бірақ 2010 жылы Германия арағайын болған кездесу қақтығыс үшін маңызды сәт еді. – Бірінші

  • Омурбек Бабанов Бішкекке оралды

    Омурбек Бабанов Бішкек әуежайында. 9 тамыз 2019 жыл.  «Республика» партиясының лидері Омурбек Бабанов 8 тамызда Бішкекке ұшып келді. Бұл туралы «Манас» әуежайында жүрген Азаттықтың Қырғыз қызметінің тілшісі хабарлады. 8 тамызда «Республика» партиясы мәлімдеме жасап, елдің қазіргі президенті Сооронбай Жээнбеков пен экс-президент Алмазбек Атамбаевты «мәселені бейбіт әрі заң жолымен, келіссөздермен шешуге» шақырған. Бабанов 2017 жылы президент сайлауына түсіп, Жээнбековтен жеңілген. Кейін ол саяси карьерасының аяқталғанын айтып, елден кеткен. Ол Мәскеуде болған. 8 тамызда Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Бабанов елге оралған жағдайда жауапқа тартылатынын мәлімдеген. Комитет Бабановқа қатысты екі қылмыстық іс тергеліп жатқанын да хабарлады. 8 тамызда Қырғызстанның күштік құрылымдары Кой-Ташта жүргізген екінші операциядан кейін елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстады.​ 27 маусымда

  • Президент Жээнбеков Атамбаев ісі туралы алғаш рет пікір білдірді

    Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков.  Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев ісі туралы пікір білдірді. Шу облысында 31 шілдеде өткен тұрғындармен кездесу кезінде журналистер сұрағына жауап берген президент “Атамбаевтың ісі заң аясында шешілуі керек. Барлық адам заңға бағынуы тиіс” деді. “Қырғызстандықтардың Атамбаев ісіне қатысты мені не дер екен деп отырғанын білемін. Атамбаевқа қатысты болып жатқан оқиға, оның тергеуге шақырылуы – заңды құбылыс. Құқықтық мемлекетте заң аясында ғана әрекет ету керек. Адам кім болса да, бұрынғы президент пе, шенеунік пе, әскери не қарапайым қызметкер ме – заң алдында бәріміз теңбіз, бәріміз заңға бағынуымыз керек. Сонда ғана ел дамиды. Атамбаевтың ісі де Қырғызстан заңнамасының аясында шешілуі керек” деді Жээнбеков. Бұл –

  • Трамп: Иран соғыс ашса, өз түбіне жетеді

    АҚШ президенті Дональд Трамп.  19 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға соғыс ашпауды қатаң ескертті. Трамп өзінің Twitter парақшасына “Иран соғысқысы келсе, өз түбіне өзі жетеді. Бұдан былай АҚШ-қа қоқан-лоққы көрсетуші болмаңдар!” деп жазды Трамп Тегеранға қарата. АҚШ-тың мәлімдеуінше, Тегеран Парсы шығанағында қайықтарға зымырандарын орналастырып, Біріккен Араб Әмірліктерінің жағалауында төрт кемені атқылаған. Иран мұны жоққа шығарды. Мұндай жазба жарияламастан бірер күн бұрын Трамп АҚШ-тың Иранға қысымы дауға ұласып кеткенін қаламайтынын айтқан. 16 мамырда президент “АҚШ соғысқа дайындалып жатыр ма?” деген журналистер сұрағына “Дайындалып жатқан жоқ деп үміттенемін” деп жауап берген. Тегеран да Иран билігінің “соғысты қаламайтынын” айтқан. Екі апта бұрын Вашингтон Парсы шығанағына “Авраам Линкольн” зымыран тасығыш ұшақтарын қондырған. АҚШ Иранға

  • Латвия елдегі барлық мектепті латыш тіліне көшіруді мақұлдады

    Латвиядағы орыс мектептерін қолдау акциясы. Көрнекі сурет.  Латвия конституциялық соты елдегі аз ұлт өкілдерінің мектептерін түгел латыш тіліне көшіру туралы заңды Конституцияға қайшы емес деп тапты. Сот төрағасының орынбасары Санита Осипова “бұл – соңғы әрі даулауға келмейтін шешім” деді. Былтыр Латвия президенті Раймондс Вейонис елдегі барлық мектептерді 2021 жылға қарай мемлекеттік тіл – латыш тіліне көшіру туралы заң өзгерісін бекіткен. Қазір Латвияда мектептің екі түрі – латыш тілінде білім беретін және ұлттық азшылық мектептері бар, соңғысында орыстілді балалар да оқиды. Ұлттық мектептерде сабақтың 60 пайызы латыш тілінде, қалған 40 пайызы – ұлттық азшылық тілінде оқытылады. Еуропа кеңесінің мәліметінше, Латвияда СССР-дан келген 223 мыңға жуық азамат тұрады. Оларға “Латвия азаматы емес” деген

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: