|  |  |  | 

Руханият Тарих Қазақ шежіресі

ИСЛАМҒА ДЕЙІН ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ДІНИ ЖАҒДАЙЫ ҚАНДАЙ ЕДІ?

    images (1) Орхон жазуларындағы: «Көк Тәңірі  аспан мен жерді жаратқанда, арасына адам баласын жаратты» деген жолдар көне түркілердің бір Тәңірге сенгеніндігін білдіреді. Сондай-ақ, Х ғасырдың алғашқы жартысында Сыр бойына келген ибн Фадлан да түркілердің «басын көкке созып, «бір Тәңір» деп мінәжат қылатынын» хабарлайды. Осындай көне деректерге қарап арғы түркілердің сенімі – бір Тәңір болғанын бажайлауға болады. Әйткенмен, түркілердің кейбір ру-тайпалары келе-келе өзге дін насихатшыларының ықпалымен Тәңірден басқа да діни сенімдерді қабылдаған.                                              

                                       

 Мысалы, Әл-Идрисидің «Нузхат әл-муштақ фи-ихтирақ әл-афақ» атты шығармасында Орталық Қазақстанда орналасқан Лалан қаласының тұрғындарының пұтқа табынатынын, қимақтардың мәжуси дінін ұстанатынын, Хақан қимақтарының күнге мінәжат ететінін, Азкиш түркілерінің сәуле шығаратын барлық заттарға құлшылық қылатынын, ал түркештердің отқа табынатынын жеткізеді. Ал, Зәкәрийа ибн Казунидің (1203-1283) «Әсар әл-билад уа ахбар әл-ибад» (Елдер ескерткіштері және Алланың құлдары жайлы хабарлар) атты еңбегінде: «Түркілер нақты бір дінді насиқаттамайды. Олардың ішінде жұлдыздарға, отқа табыннатындар, христиан, манехей, дуалистер, сиқыршылар бар» дейді. Сондай-ақ, Ибн Казуни осы жазбасында татарлардың күнге табынатынын, оғыздардың насрани екенін, қимақтардың қарт адамға сиынатынын, Түркістан түріктерінің пұтқа, жұлдызға, отқа және христиан дінін ұстанатынын айтады.  Қудама ибн Жағфардың (948 жылы қ.б) «Китаб әл-харадж уа санат әл-китаба» («Салық және хатшы өнері туралы кітап) атты жазбасында Нушажанды мекендейтін қарлұқтардың көпшілігі мәжуси, кейбіреулері дінсіз екенін хабарлайды. Ибн Хордабек «Китаб әл-масалик уа-л-мамалик» (Жолдар мен мемлекеттер) атты еңбегінде «тоғы-оғыз түркілерді мәжуси және зиндық» (дінсіз) деп сипаттайды. Әл-Мақдиси (947-1000) «Ахсан ат-тақасим фи марифат әл-ақалимда» Такабкет және Харран қаласында зиндықтардың (дінсіз) тұратынын баяндайды. Әл-Бакри (ХІ ғ) «Әл-масалик уа-л-мамалик» атты еңбегінде түркілердің көпшілігінің манихейлікті ұстанатынын  жеткізген.  Орта ғасырлық тарихи дереккөз «Насабнамада» (Сафи ад-дин Орун Қойлақи. Насабнама. 27 бет) VIII ғасырда Түркістан аймағын мекендеген түркілердің «муғ» (манихейзм немесе зороастризм) сенімінде болғандығы баяндалады. Көріп байқағанымыздай түркілер әу баста Тәңірге сенгенімен, кейін басқа халықтармен байланысу арқылы олардың дін уағызшыларының ықпал етуімен түрлі сенімдерді ұстанған. Тіпті, түрлі сенімді ұстану түркілердің рухани ғана емес, саяси тұтасығына сына қағылғанын аңғарамыз. Яғни, исламға дейін Орталық Азияны мекендеген түркі халықтарының діни сенімі біртұтас емес еді.    

                                       

Мұхан Исахан  

 Kazislam.kz 

Related Articles

  • Күлтегін жыры

    Күлтегін Құтлық (Елтеріс) қағанның екінші ұлы, Білге қағанның (Могилян) туған інісі. Шешесі Елбілге қатұн. Жеті жасында әкесі Құтлық (680-692 жж. билік құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның інісі Қапаған (692-716 жж.) отырады. Күлтегін мен Білге, Қапағанның інісі Бөгүні (716ж.) тақтан тайдырып, қағандық билікті Білге қолына (716-734жж.) алады. Тарихи деректерге қарағанда, Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш көзге түскен соғысы – 694 жылғы Жау жыу және Дин жыу аймақтарында болған соғыс. Қапаған осы соғыста 90 мың тұтқынды қолға түсірген. Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Тарихи деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде-біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін аңғартады. Батыр 47 жасқа жетіп, қаза тапқанда, төрткүл дүниеден түгел

  • Қазақ әдебиетінің Тәңірлік әлемге есік ашатын трансценденті

    Қазақ әдебиетінің Тәңірлік әлемге есік ашатын трансцендентті мазмұны Қожа Ахмет Яссауидің хикметінен басталатын еді. Құдайберген Жұбанов бұ турасында бүй деп жазады. «біздің «Əдебиет саласындағы жазуымыздың басы «Диуани хикметтен» басталады. Орта Азиядағы түркі тілінде сөйлейтін халықтардың алғашқы жазба əдебиетінің бірі! Бұл факті қазақ ақындарының Ахметке еліктегенін көрсетеді ». Сәкен Сейфуллин былай деп баға береді. «Қазақ арасында жазба әдебиетін таратқан – Түркістаннан шыққан қожалар. Ол кезде қазақ арасына көп таралғаны – Қожа Ахмет Яссауидің кітабы. Біздің қазақ ақындары соған еліктеді». Большевиктер Яссауидің атын өшіру үшін ақын-жазушыларға тапсырма берді. Мәселен, ЦК 1937 жылы Асқар Тоқмағамбетовті «Хазірет Сұлтан» пьесасын жазуға мәжбүрледі. Бұл спектакль ҚазССР кезінде сахнада қойылып келді. Пьесада Яссауиді терістеп, оның жолын «халықты

  • ҚАЗАҚ КӨРКЕМСӨЗІ МЕН КӨСЕМСӨЗІНІҢ ҰЛТ РУХЫН ЖАҢҒЫРТУДАҒЫ АТҚАРҒАН РӨЛІ

    Жұмат ӘНЕСҰЛЫ   Қазақ көркемсөзі ауыз әдебиетінде ерте заманнан қалыптасқан әдебиет саласы. Ұлттың  рухын ғасырлар бойы асқақтатып, намысын жанып келе жатқан Қазақтың «Батырлар жыры» көркем сөздің ең биік дәрежедегі үлгісі, әлемдік деңгейде мақтаныш етуге болатын, көркем элостық шығарма.  ХVIII-  ХIX- ғасырлардағы  қазақ  жырауларының қай қайсысының да осы күнге дейін ауыздан ауызға көшіп, ХХ- ғасырға дейін аңыз болып жетіп, жазба әдебиет мұрасына айналып, бүгінгі ұрпақтың рухани қазынасына айналуы СОЛ ЗАМАНДАРДАҒЫ КӨРКЕМСӨЗДІҢ МӘҢГІЛІК ӨШПЕС  РУХАНИ КҮШІНІҢ  молдығында еді. Ауыз әдебиетіндегі сол кездегі дастандар, жырлар, термелер кең қазақ  даласындағы әр шаңырақтың дем беруші рухани азығы еді. Сөзімізді тірілту үшін ғасырлардан  ғасырларға ауыздан ауызға көшіп, аңыз болып кеткен Бұхар жыраудың «Абылайға айтқаны» атты ұзақтау

  • Уахабизм идеясын таратамын деп, Үрімшіде ұсталып, Пекин түрмесіне түскен Ливандық Шами дамолла

    Sanjar Kerimbay facebook парақшасынан 1924 жылы Ленин өлді. Билік Сталиннің қолына өтті. Осыдан соң біз ғана емес жалпы Совет жұртының ішкені ірің, жегені желім болды. Орта Азия халқы да ГУЛАГ-тарға тоб-тобымен кетіп жатты. Артынша ашаршылық та басталды. Атажұрттан жаппай безу белең алды. Бірақ ел құлағдар болған ақпаратты індетіп жазбаймыз. Бұл жолы мәселеге басқа қырынан келеміз. Ілім ше, ілім? Оның жайы не болды? Елді ұйыстырып ұстап тұратын, кісінің көкірек көзін ашатын, қарапайым пендеден арына ғана құлақ түретін рухани тұлғаны жасап шығатын ілім иелерінің тағдыры не болды? Қазақтың рухани платформасы қалай қирады? Енді сол жайлы тарата кетелік. Құдай қаласа, осылайша рухани жаңғырып та қалуымыз мүмкін. Ал, Тәңірім, өзің жар бола көр! Большевиктер

  • ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЖАПОНИЯМЕН БАЙЛАНЫСЫ БОЛҒАН БА?

    “Жапонияда білім алған Қытайлықтар” атты (中国人留学日本史) бұл кітапта 19-20 ғ аралығында Жапонияда әр салада білім алған қытайлық оқушылардың тариxын түгендепті. Жапония қытайдың саяси мәдениеті мен саяси өзгерісіне қозғаушы күш болған бірден бір ықпалды мемлекет екенін бүгінгі қытай билігі ашып жарып айтпаса да Қазақстандық төл қытайтанушылар айтабілуі тиіс деп есептеймін. Цин үкіметін аударып билікке демократиялық қытай элитасының келуіне Жапондардың тіке ықпалы бар. Жапон-қытай қырғиқабақтығы себебінен екі ел арасындағы тариxи саяси ықпалдастық туралы бүгінгі көменес қытай билігі (共产党) көбінше жумған аузын ашпайды. Осмынлы үкіметі үшін Францсиядан білім алғандар қаншалық ықпалды болса, Цин мемлекеті үшін де Жапониядан білім алған қытайлықтар да әне сондай ықпалды болған. Цин-Жапон соғысынан (1894-1895 жж) кейін Жапония қытайдың терістік-шығыс

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: