|  | 

Әдеби әлем

Тағы бір ай келеді қияқтанып…

FB_IMG_1522294551408
Әмина Адайхан 198­4_жылы 24_ақпанда Алтай аймағын­да туған .Шынжан
внивреситеті журналистика мамандығын біті­рген .Алтай аймағы жазушылар
одағының мүшесі .Казыр Талдықорған қаласында жеке кәсіпкер .бір неше жыр
мүшайраларының жеңімпазы .2017_ж “Жүиектегі ағыстар”, “жасты­қ_жалын жыр
“_атты жыйнақтарға өлеңдері енген .Жас ақын “Әдебиет әлемі”орталығының
мүшесі.

“Көктем келді “
_дейді мезгіл менменсіп,
Менің жаным қарашада қалғыған.
Жәудіреген жанарымды көмген шық,
Сене алмай жүр сәл бұған…
Суретшіғып суық түндер сүңгісін,
Тереземе тесірейіп қонады.
Ұшып кеткен қарашада “жыл құсым”,
Қайтып келген жоқ әлі…
Хат жазбады тым құрыса сағынып,
Хал _жәйімді біліп һәм.
Елемейме жүргенімді жабығып?
Мүмкін мені ұмытқан …
Көктем келді,
Күлкі қосып кешкі айға ,
Білектері білеулі .
Күзді ұзатып салғым келмей ешқайда,
Күтіп жүрмін біреуді …
 * *
Тағы келдім сен тұратын шаһарға,
Сағынштың балын құйып бокалға .
Жатырқайды мені тауың , аспаның,
Жатырқайды адамдарда о, тауба!
Сенде мені бұрынғыдай күтпедің,
Жүрегімнің таппай қалдым тіпті емін.
Сенсіз сүркей сезілгені болмаса,
Бұл шаһарда жоқ қой жаным
Түкте мін .
Мүмкін бе еді өзің жәйлі ойламау?
Шарпып өтті бір белгісіз бойды алау.
Жеткізбейді келгенімді жел неге?
Айда саған сыбырлауды қойған_ау ?
Атпай мүлде баяғыдай тұнық таң,
Әлде бәрі іштерінен тынып һәм.
Сен бар шаһар жабырқатты жанымды,
Сен сияқты мені тезден ұмытқан.
 * *

Сіз білмейсіз бе?
Сізсіз күнімнің қаран екенін,
Сағыныш _досым, нала _мекенім .
Сағынбайтыныңызды ойласам болды,
Жабырқап іштей қалады екенмін .
Сіз білмейсіз _ау?
Кеш кірсе болды жаныма ие мұң,
Аймаласа айдың жұлдыздар жиегін.
Мендегі жүрек өзіңдей жанды,
Өтірік емес , өртеніп сүйерін.
Сіз білмеген шығарсыз?
Өртенсем мүлде басылмайтынымды,
Білсемде қалап шақырмайтыныңды.
Арамыз қанша алыстаған сайын,
Соншалық сізге жақындайтынымды.
Сіз білесіз ғой…
Біле тұра су сеуіп жастық өртке,
У құясыз онсыз да ащы дертке.
Өп_өтірік айнала қаласыз сіз,
Керең ,соқыр сонансоң
Тасжүрекке…

 * *
Мені қатты құшақташы имек ай,
Жалтылдайсың,
Жаным қатты күйгені _ай.
Жалыныма жалын қосшы лаулайтын,
Жанарымнан сүйме жәй …
Неге саған жәудірейді мың жұлдыз?
Мың жұлдызға,
Құмар болған құмбыл қыз .
Мақпал түнге маңғаздана еркелеп,
Құшағына сүңгірме із ?…
Сен аспаннан, мен әйнектен талміріп,
Жатқанын _ай,
Арамыздан сең жүріп.
Тауға шөккен бұлтқа мініп шөкімдей,
Жол тартады енді үміт…
Мені қатты құшақташы имек ай,
Саған барар жолдың алыс,
Ирегі _ай.
Жүрегімді жарқыратып ақ сәулең,
Лүпілінен сүйді арай…
* *
Білесіз бе?
мен бүгін сізді күттім,
Сізді күттім,
өлердей үздігіп тым.
Өкпеледім өзіме, өзіңізге,
Ізгі қалмай кеудемде ізгі үміттің.

Қиялдағы қалханың халын біліп,
Көрейін дедіңіз аау сағындырып.
Періште сезімімнің қауырсынын,
Хат жаздым сағыншқа малындырып.
Деген ем_"тәңір білет тас қаттымын ",
Арманыңа асылып асқақтығым.
Сергелдең сезімімнің сері құсы,
Жылады жалғыздықтың жастап мұңын.
Тағы бір ай келеді қияқтанып,
Жұлдыздар жатыр оған күй ақтарып.
Көрінесіз о, тауба! қалай_қалай,
Мен адасқан бал бақыт сияқтанып.
Құбалтып құмбыл заман шырайын көп,
Тұрған шығар тағы өмір сынайын деп.

Бақыттың базарында жүрмін десем,

Сіз маған жабыстыңыз уайым боп.
 * *
Көңілдегі күдігімді үгітіп,

Сезімімнің аш бөрісін ұлытып.
“Сәлем “_дедім білгім келіп халыңды,
“Ұмытамын”_дегенімді ұмытып…
Сен жарық еттің…
Сөздеріңнен есіп ән,
Гүлге толды көз алдымда экран.
Мені шексіз кеңістікке бастайтын,
Сен жүретін осы маң…
Маниторды жанарыммен аймалап,
Қалғандай_ақ сонда күтіп айна бақ.
Басқа әлемге құстай қанат қағамын,
Лебізіңді жүрегіме байлап ап…
Арай төгіп сосын маған басқа күн,
Сейіледі түнек бұлттан аспаным.
Бір ғұмырды садаға етіп жіберем,
Керек болса осы сәтке қас_қағым…
Түн сүйеді шаттығымды ұрлана,
Кнопка мен арпалысып бір нала.
Көз алдымда сұрланады көк әйнек,
Маған сосын қалатыны…
Мұң ғана.

kerey.kz

Related Articles

  • АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҮРІМШІДЕН ҚАЙТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНДА

    Болған оқиға ізімен Болған оқиғаның ізімеН…   Алаш жұртының бір емес, бірнеше съезі өтіп, Әлиханның Колчактан беті қайтып, “Енді қайтып тәуелсіз ел боламыз” деп жүрген кез еді. Семй Алаш қайраткерлерінің ордасы еді. Семейде жүрген Ахмет Байтұрсынов бастаған бір топ алашордашылар Қытай шекарасындағы Үрімші қаласына барып, ондағы қазақ жұртының хал жағдайын біліп қайтуға жолға шыққөан. Ол кезде Үрімшінің көбі қазақ еді Үйлері негізінен саздан құйылған. Орта Азияның көп қалаларын еске салғандай. Біраз үлкен кісілер мен жастар Ахаңның төте әліпбиімен кітап газет оқиды. екен. Ахаңды бұрын көрген адамдар да кездесті. Дегенмен, Ахаң Үрімші қазақтарының тәелсіз автономия құру туралы ойлары да жоқтығын байқаған. Соныменг, Үрімші қазағының және Қытайға жақын басқа ұлттардың басты тұрмысы

  • БІР АУЫЛДАҒЫ  ЕКЕУДІҢ ТАҒДЫРЫ

      Жұмат  ӘНЕСҰЛЫ   ( Махаббат туралы әңгіме) “МЕН СЕНЕН БАСҚАНЫ ӨЛГЕНШЕ  КӨРМЕЙМІН ДЕП СЕРТ БЕРІП ЕДІМ ӨЗІМЕ” “ДЕДІ БУЫНЫП ӨЛЕЙІН ДЕП ЖАТҚАН МАЙСА ДЕГЕН ҚЫЗ.. Бұл БАЙТӨБЕ деп аталатын ауыл. БҰРЫН ҮЛКЕН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ БОЛҒАН.ОҚУ АЯҚТАЛЫП, МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕР МЕКТЕПТІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АЛМА БАҒЫНДА МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРДІҢ ТОЙЫ МЕН  СЫНЫПТАС ЖАРАС ПЕН МАЙСАНЫҢ ТОЙЫ БІРГЕ ӨТЕІЗІЛЕТІН БОЛҒАН. ЖАРАСТЫҢ ƏКЕСІ ФЕРМЕР, АЗДАП ЕГІСТІГІ БАР. Ал Жараспен біргн оқыған Əміренің əкесі əкімшілікте қызмет жасайды, əрі жеміс өсіреді. БҰЛ ЖАРАС ПЕН МАЙСАНЫҢ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ БАСТАЛАЙЫН ДЕП ЖАТҚАНДА БОЛҒАН ТРАГЕДИЯ. ЖАРАС ПЕН МАЙСА МЕКТЕП БІТІРІП,, ӨЗ СЫНЫПТАСТАРЫМЕН МЕКТЕПТІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҮЛКЕН БАҚТА ҮЙЛЕНУ ТОЙЛАРЫН МЕКТЕП БІТІРУ ТОЙЫМЕН ЖАЛ,ҒАСТЫРМАҚШЫ ЕДІ. МЕКТЕПТІҢ БАҒЫ АЛҚЫЗЫЛ ГҮЛМЕН ЖАЙНАП ТҰР. оҒАН ТҮРЛІ ТҮСТІ ЛАМПАЛАР ҚОСЫЛҒАН. сЫРТЫНАН

  • МӘҢГІ ҚАЗАҚ(ертегі фэнтези) 

    ҚАЗАҚТАРҒА ЖАСАлып жатқан  ҚИЯНАТ КӨП БОЛҒАСЫН, « Мәңгі қазақ» атты әңгіме жазсам деп жүретін едім. Осыдан бір күн бұрын сол әңгіменің сюжетіне келетін түс көржім. Кешеден бері жазуға кіріссем бе деп жүр едім, сәті бұгін түскен сияқты. ЖҰМАТ ӘНЕСҰЛЫ Өте ертеде емес, бүгінде емес, ғылым докторлары Санжар мен Балжан институтта қызмет ететін.Өздерінің лауазымдарына қарай қарапайым екі қатарлы жақсы салынған коттеджде тұрды.Интеллигент адамдар өмірдің қиындықтарына көп мін бере қоймайды ғой, Өмірлері мәнді, жайлы өтіп жатты. Жақсылықта көп күттірген жоқ, Санжар мен Балжан ұлды болып, коттеджде шағын той өтті. Неге екенін қайдам, әке шешелері ақылдасып, ұлдарыныі есімін Аңсар деп атаған. Аңсар ертедегідей тез де өскен жоқ, кеш те өскен жоқ. Тәрбиелі жігіт болып

  • СУ ІШКЕНДЕ ҚҰДЫҚ ҚАЗЫУШЫНЫ ҰМЫТПА

    (23 – әңгіме) БАЙАХМЕТ ЖҰМАБАЙҰЛЫ — Біздің заманда сендерше киімнен-киім таңдайтын жағдай қайда, жамап-жасқап, тон, шалбар кисек те жететін. Сөйтіп жүріп аянбай еңбек еттік. Бүгінгі күн басатын жолды ол кезде айлап жүрдік, тіпті бүгінгідей дүниенің төрт бұрышынан хабар тауып отыратын жағдай қайда? — деген қария немересінің жұмыстың қырын білмей, тік қасық болып өсіп келе жатқанына наразы бейнесін аңғартып, өз өмір кешірмесінен кеңестер қозғаған. Немересі: — Ата, сол дәуірде туған өздеріңіздің сорлы болған тәлейлеріңізден көрмейсіз бе? Оларыңызды бізге айтпаңыз, —демей ме. Ашудан жарыларман болған қария: — Е, ондай болғанда «Ұрпақ үшін бақыт-байлық жаратсам» деп тер төгіп, жан қиып, азып-тозған ата-бабаларың сендерге айыпты болғаны ғой. «Теңдік үшін» деп әкем оққа ұшты. Ал

  • Мұхтар Мағауин: ОРАЛХАНДЫ ДА, ҚҰДАЙЫҢДЫ ДА ҰМЫТҚАН ЕКЕНСІҢ…

    яғни, Д.Исабековты тәубаға түсіру рәсімі Республика президентінің қолынан биік марапат алып, желі көтеріліп тұрған Д.Исабеков, мына біз сияқты пендесіне көңіл бөліп, «Мұхтар Мағауиннің бүкіл позициясы маған ұнамайды» деген түйінді тақырыппен сұхбат беріпті – Nege.kz, 10.ХІ.2022. Бір заманда таныған, білген, енді көзден таса, көңілден өшкен жазарманның, тәрізі, қырық-елу жыл бойы іште булыққан жүрекжарды толғамы. Жарыққа шыққан кезде біз тарихи-танымдық «Алтын Орда» кітабын дендеп, қажетті тынысқа Эрнест Хемингуэйдің ескі жұрты – жылы теңізге бет түзеген едік. Енді міне, екі аптадан асқанда қайрылып соғуға мүмкіндік таптық. Артықша қажеттіліктен емес, әлдебір әуесқой ағайындар дүдәмалда қалмасын деп. Алдымен, айқайлы сұхбатты оқымаған бүгінгі жұртшылық үшін, ең бастысы – Д.Исабеков бауырымыздың мүбәрак есімін кейінгі заманға ұмыттырмай жеткеру

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: