|  | 

Әдеби әлем

Тағы бір ай келеді қияқтанып…

FB_IMG_1522294551408
Әмина Адайхан 198­4_жылы 24_ақпанда Алтай аймағын­да туған .Шынжан
внивреситеті журналистика мамандығын біті­рген .Алтай аймағы жазушылар
одағының мүшесі .Казыр Талдықорған қаласында жеке кәсіпкер .бір неше жыр
мүшайраларының жеңімпазы .2017_ж “Жүиектегі ағыстар”, “жасты­қ_жалын жыр
“_атты жыйнақтарға өлеңдері енген .Жас ақын “Әдебиет әлемі”орталығының
мүшесі.

“Көктем келді “
_дейді мезгіл менменсіп,
Менің жаным қарашада қалғыған.
Жәудіреген жанарымды көмген шық,
Сене алмай жүр сәл бұған…
Суретшіғып суық түндер сүңгісін,
Тереземе тесірейіп қонады.
Ұшып кеткен қарашада “жыл құсым”,
Қайтып келген жоқ әлі…
Хат жазбады тым құрыса сағынып,
Хал _жәйімді біліп һәм.
Елемейме жүргенімді жабығып?
Мүмкін мені ұмытқан …
Көктем келді,
Күлкі қосып кешкі айға ,
Білектері білеулі .
Күзді ұзатып салғым келмей ешқайда,
Күтіп жүрмін біреуді …
 * *
Тағы келдім сен тұратын шаһарға,
Сағынштың балын құйып бокалға .
Жатырқайды мені тауың , аспаның,
Жатырқайды адамдарда о, тауба!
Сенде мені бұрынғыдай күтпедің,
Жүрегімнің таппай қалдым тіпті емін.
Сенсіз сүркей сезілгені болмаса,
Бұл шаһарда жоқ қой жаным
Түкте мін .
Мүмкін бе еді өзің жәйлі ойламау?
Шарпып өтті бір белгісіз бойды алау.
Жеткізбейді келгенімді жел неге?
Айда саған сыбырлауды қойған_ау ?
Атпай мүлде баяғыдай тұнық таң,
Әлде бәрі іштерінен тынып һәм.
Сен бар шаһар жабырқатты жанымды,
Сен сияқты мені тезден ұмытқан.
 * *

Сіз білмейсіз бе?
Сізсіз күнімнің қаран екенін,
Сағыныш _досым, нала _мекенім .
Сағынбайтыныңызды ойласам болды,
Жабырқап іштей қалады екенмін .
Сіз білмейсіз _ау?
Кеш кірсе болды жаныма ие мұң,
Аймаласа айдың жұлдыздар жиегін.
Мендегі жүрек өзіңдей жанды,
Өтірік емес , өртеніп сүйерін.
Сіз білмеген шығарсыз?
Өртенсем мүлде басылмайтынымды,
Білсемде қалап шақырмайтыныңды.
Арамыз қанша алыстаған сайын,
Соншалық сізге жақындайтынымды.
Сіз білесіз ғой…
Біле тұра су сеуіп жастық өртке,
У құясыз онсыз да ащы дертке.
Өп_өтірік айнала қаласыз сіз,
Керең ,соқыр сонансоң
Тасжүрекке…

 * *
Мені қатты құшақташы имек ай,
Жалтылдайсың,
Жаным қатты күйгені _ай.
Жалыныма жалын қосшы лаулайтын,
Жанарымнан сүйме жәй …
Неге саған жәудірейді мың жұлдыз?
Мың жұлдызға,
Құмар болған құмбыл қыз .
Мақпал түнге маңғаздана еркелеп,
Құшағына сүңгірме із ?…
Сен аспаннан, мен әйнектен талміріп,
Жатқанын _ай,
Арамыздан сең жүріп.
Тауға шөккен бұлтқа мініп шөкімдей,
Жол тартады енді үміт…
Мені қатты құшақташы имек ай,
Саған барар жолдың алыс,
Ирегі _ай.
Жүрегімді жарқыратып ақ сәулең,
Лүпілінен сүйді арай…
* *
Білесіз бе?
мен бүгін сізді күттім,
Сізді күттім,
өлердей үздігіп тым.
Өкпеледім өзіме, өзіңізге,
Ізгі қалмай кеудемде ізгі үміттің.

Қиялдағы қалханың халын біліп,
Көрейін дедіңіз аау сағындырып.
Періште сезімімнің қауырсынын,
Хат жаздым сағыншқа малындырып.
Деген ем_"тәңір білет тас қаттымын ",
Арманыңа асылып асқақтығым.
Сергелдең сезімімнің сері құсы,
Жылады жалғыздықтың жастап мұңын.
Тағы бір ай келеді қияқтанып,
Жұлдыздар жатыр оған күй ақтарып.
Көрінесіз о, тауба! қалай_қалай,
Мен адасқан бал бақыт сияқтанып.
Құбалтып құмбыл заман шырайын көп,
Тұрған шығар тағы өмір сынайын деп.

Бақыттың базарында жүрмін десем,

Сіз маған жабыстыңыз уайым боп.
 * *
Көңілдегі күдігімді үгітіп,

Сезімімнің аш бөрісін ұлытып.
“Сәлем “_дедім білгім келіп халыңды,
“Ұмытамын”_дегенімді ұмытып…
Сен жарық еттің…
Сөздеріңнен есіп ән,
Гүлге толды көз алдымда экран.
Мені шексіз кеңістікке бастайтын,
Сен жүретін осы маң…
Маниторды жанарыммен аймалап,
Қалғандай_ақ сонда күтіп айна бақ.
Басқа әлемге құстай қанат қағамын,
Лебізіңді жүрегіме байлап ап…
Арай төгіп сосын маған басқа күн,
Сейіледі түнек бұлттан аспаным.
Бір ғұмырды садаға етіп жіберем,
Керек болса осы сәтке қас_қағым…
Түн сүйеді шаттығымды ұрлана,
Кнопка мен арпалысып бір нала.
Көз алдымда сұрланады көк әйнек,
Маған сосын қалатыны…
Мұң ғана.

kerey.kz

Related Articles

  • Тұңғыш рет қазақ күресінен ақиық ақын Төлеген Айбергеновты еске алуға арналған республикалық ашық турнир Маңғыстаудан бастау алды

    Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылында қазақ күресінен 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында ақиық ақын Төлеген Айбергеновты еске алуға арналған республикалық ашық турнир өтті. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған турнирге Оңтүстік-Қазақстан облысы, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау өңірі және Астана қаласынан 6 команда қатысып, барлығы 9 салмақ дәрежесі бойынша 220 спортшы чемпиондық атаққа таласты. Айта кету керек, Сыр өңірі құрамасы төрт командадан құралған, олар Қызылорда қаласы, Арал, Жаңақорған және Тасбөгет ауылы. Ашық турнир «Байтақ мекенім» қоғамдық қоры және Мұнайлы ауданы «Дәулет ауылы балалар және жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өтті. Барлығы 36 медаль сарапқа салынды, оның 9 алтын, 9 күміс және 18 қола. Сондай-ақ, жеңіс тұғырынан көрінген әрбір спортшыға жеке Кубоктан

  • Мүсірепов бағалауындағы Мағауин

    «Бұл Мұхтар туралы бірінші айтпағым — оның жастар қатарында саналатын кезеңі бұдан едәуір жыл бұрын өтіп кеткен екен. Біздің сыншылар ол жайды кезінде-ақ көрген болар, мен өзім кешірек көріп қалдым. Оның алпысыншы, жетпісініші жылдары жазған әңгіме, повестері қалам ұшы өткір, әр сөздің ішкі-тысқы ен таңбасын, қат-қабат сыры барын сол кезде-ақ танытыпты. Мұхтар Мағауиннің сол тұста жазған “Әйел махаббаты”, “Күтпеген кездесу” сияқты әңгімелерін, “Қара қыз” сияқты повесін оқыған сыншы, не болмаса замандас достары сол күні-ақ авторды құшақтап құттықтаған шығар деп ойлаймын. Өз басым сол достар қуанышының ішінде болмағанымды өкініш еткендеймін. Пендешілік тағы… Мұхтар Мағауин ана тіліміздің байлығын, оралымды, астарлы, әрі от жалынды, әрі нәзік те биязы бояу-сырларын алғашқы адымдарынан бастап-ақ меңгеріп

  • АЙТЫЛАТЫН СӨЗ ЕДІ…

                                     Біздің жақта қыс ұзақ Сол қыста небір ғажап бар Соғым-шүйгін, үй-жылы, Веселятся қазақтар    Шен тартылған шанасы Табандаулы пимасы Гуляй, біздің мекенде, Орыстың лютая зимасы!   Новый Год болсын сөзбасы- Нұр құятын жүздерге Дед Мороз Снегурочкамен Туыс боп кеткен біздерге    Қазақты қазақ құттықтап Рождествомен қуанып, Крещениеде, «бісміллә!», Күршімге сүңгіп шығалық, Одан кейін бөшкелеп, Түн ауғанда су алып Өзіміз ішіп, малды да, Әгүрөтті де суарып Шипа тапсақ ем-домнан Жел-құзды бойдан шығарып   Осылай праздниктерді Қапысыз тойлап алайық, Содан кейін жұмылып Шығарып қысты салайық:                                    Сар самаурын қайнатып, Ақ шәйнекке шәй демдеп Қыз-келіншек жүйткіп жүр Сый кісіге шәй бермек                                    Қарала шәлі жамылып, Жерді теуіп шыңғырып Частушка айтқыш әйелге Кетті ме,

  • Нұр аға

    Шаһидолла Самұратұлы Бөкеев Басқалар пәлен десін, түген десін, Танттің бұл қазақты әлемге шін. Көреалмаған дұшпандар дәл сіз құсап – Өздырын күллі елге дәлелдесін. Ат көтермес Аты да, атағын да, Кешегі құрама ыштат сапарында. Бұл қазақты пәш етті Нұрлы ағам, Тұрғандығын қай елдің қатарында. Бағы қандай үстем ет бұл халықтың, Байтақ елім тұрғандай Нұрланып тың. Қайсарлықпен өзіне қағып тартті, Сілкіп тартқан қолдарын Трамттың. Кімге болса бастырмай еш кеудесін, Кім болсада қаймығып, сескенбесын. Трамп та шамалап байқап біліді-ау, Нұрағамның оп-оңай дес бермесін. Күле берді ыржыңдап сесі қашып, Сесі қашып Нұрағамның десі басып. Ақ үйге бастап кірді ақ патшамды, Ылтипатпен құрметтеп, есік ашып. Қадырын білейікші бұл күндердің, Бас сұғар жері емес бұл кімдердің.

  • “Жирен шашты әйел” туралы бір сөз

    Осы уикенд (сенбі-жексенбі) іс арасында Қарабұлақтан әжем беріп жіберген сықпа құртты сорып отырып һәм Астанадан бір досым әкеп берген шоколад жаққан кесек жентпен шай сораптап отырып, Орхан Памуктың “Жирен шашты әйел” романын оқып шықтым. Дәлірек айтқанда Экин Оклаптың ағылшынға қотарған тәржімесін. Көз сүрінетін кедір-бұдыры жоқ, тез оқылатын шағын шығарма. Берісі Түркия, арысы адамзат баласына белгілі әкелер мен балалар арасындағы күрделі қарым-қатынасты сипаттайтын әлеуметтік роман. Үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – солшыл саяси көзқарасты, оппозицияшыл белсенді әкесі тастап кетіп, жалғыз шешесі ер жеткізген бозбаланың 1980 жылдардың ортасында колледж ақысын табу үшін құдық қазушы шебердің көмекшісі болып Стамбулдың шетіндегі шағын станцияның маңында бір ай еңбек етуі. Әкесінің махаббатына қанбай өскен балаң табиғаттың

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: