|  |  | 

Көз қарас Тарих

Қытай “қазақ қаупі” мәселесінен әлі де алаңдауы ма?

Атқа мініп қылышын оңды солды жалаңдатып “ша ша шалап” кеп (қытайша өлтіріңдер деген сөз) Қазақ ауылын қанға бөктіріп кететін қилы оқиғаларды бала күнімізден бері кітаптан оқып өсіп едік. Күншығыс Цинхай, Гансуға ауып Тибет асып Кашмир, Пакістанға ат басын тіреген Алтай мен Ұлық Еренқабырға қазақтарының қасіретті тағдыры туралы бүгінге шекім (дейін) аз айтылмады. Қаншама кітап, мақала жазылды… Оқыған сайын сай сүйегің сырқырайды… Әсіресе, Әбетай Мұқарапұлы құрастырып жинақтаған “Киелі Көш”ті оқысаңыздар (алда кирилицсияға аударылып жатса) онда қасіретті оқиғалар біршама анық жазылған, оқып жатқанда көз алдыңызға бейне кинодай елестеп отырады.Eldeç Orda суреті.

Ана жолы осы парақшамда “Қытайдағы Мұсылман Элитасының Қилы Тарихы және Оның Шығыс Түркістанға Ықпалы” атты пост жазғамын, сондағы Үштік Ма әулетінің бір дөкейі осы- Ма Буфаң. Бұл кісі әскери саясаткер, бірақ өмірі өте күрделі тұлға. Бұнымен әскери, саяси келсімшарт жасасып Шыңжаң қазағына еркіндік әпермек болған Әліптің баласы Елісқан да әскери маман болған. Қызығы сол, Ма Буфаңның тарихи ордасы бар (музей іспетті), ал Елісқанда бір түйір тасы бар ескерткіш те жоқ!Eldeç Orda суреті.

Әлқисса, сіз Цинхай өлкесінің Ци Ниң қаласына бара қалсаңыз қаладағы ең құрметті орынның бірі- Ма Буфаң Ордасы (马步芳公馆) атты тарихи музейге де бара кетуді ұмытпаңыз. Ма Буфаң десе қазақтар қатты жеккөреді. Ма Буфаңнан қазаққа келген қиянатты ешуақытта ақтай да алмайды. Қытай коммунисттері тіптен жиіркеніп қарайды. Тіпті, қытай басшысы МАО “басқасы ақиқатқа қайтса (бағынса) қабылдаймыз, өткенін қузамаймыз. Ал, Ма Буфаңды ешқашан қабылданбайды” деген. Мао-дың батыс пен батыс терістікке жұмсаған қалың қолын Ма Буфаң адам жаны түршігерлік дәрежеде қырғындап жіберген. Естуге қарағанда жетпіс мың әскер қоршаудан шыға алмай қырғынға ұшырапты, соның үш мыңы әйел әскер екен, олар ең жантүршігерлік қинаумен өлтірілген дейді. Ма Буфаң Жаң Қайшыға өзінің адалдығын дәлелдеу үшін қырғында өлген коммунист әскердің бірбөлімін шиға орап тұздап Нан Киндегі Жаң-ға сауғаға ұсынған деседі (суреттегідей). Жалпы, Маодың осы жетпіс мың қарулы қосынынан небәрі төрт жүз әскер аман қалыпты, оның ішінде бүгінгі Қытай басшысы Ши-дың әкесі және біз бала күнімізде теледидарда қойылатын 20 бөлімді “Шуиь Шаңчиян” филіміндегі сондай “парасатты” боп көрінген Шуиь Шаңчиян да бар. Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.
Ал, осы қатыгездігімен есте қалған Ма Буфаңда жеке тарихи мұражай бар, Қазақта ештеңе жоқ… 1980-1983 жылдары қытайда саяси күдік пен қуғынға ұшырап атылып кеткендер мен он жыл, жиырма жыл түрмеге отырғандар ақтала бастады. Өмірден озғандары қайта ұлықталып, көзі тірілерінің саяси беделі қалпына келіп, шендері тағылып жатты. Тіпті, коммунисттер өзінен бұрынғы Гоминдаң үкіметі кезіндегі кейбір әскери, саяси тұлғаларды да ақтап алып, олар туралы тың тарихи көзғарастарын ортаға қойып жатты. Осы тұста Ма Буфаңды кімдер ақтап, кімдер оның тарихи музейін қалпына келтірді деген сұрақ туады… Бұл сұрақтың жауабы, қытай коммунисттерімен жағаласып өскен мұсылман элитасының шоғырына тіке қатысты болса керек.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.

Осы тұста біздің қазақтан аса көп ешкім ақтала қойған жоқ. Ең өкініштісі осы! Сіз үнемі атын естіп жүретін Оспан Сіләмұлы, Қалибек Хакімұлы, Қамза Шомышбайұлы, Тәкімандардан тыс, Шыңжаң Өлкелік үкіметтің бұрынғы хатшысы Сәліс Әміреұлы, Шыңжаң Өлкелік үкіметтің қорғаныс миністірі Закария Әшенұлы (бұл кісі 1948-жылы 8-қазақ полкын құрып, қолбасшы болған, қазақ полкының лейтнанты Мадалым Байқонақұлы Түркияда), Шыңжаң Өлкелік үкіметтің қаржы миністірі Жанымқан Тілеубайұлы, хатшысы Қабимолда Манжыбайұлы (бұл кісі бертін ақталыпты деп естідім), кезінде Шыңжаң Өлкелік үкіметтің құрлыс және орман миністірі болған Баймолла Қарекеұлының хатшысы болған Әбдікерім Ынтықбайұлы (1947-жылы Шыңжаң Өлкелік жазушылар одағының алтын иегері атағын алған), Шыңжаң Өлкелік үкіметтің полицсия төрағасы Әбеу, Манас бойында Шарқи Түркістанға қарсы азаматтық соғыс жариялап Іледе көтеріліс жасап арты зор күшпен бастықтырылған Мәлікажы (баталион командиры), Шыңжаң Өлкелік үкіметтің орынбасары, кейін Қазақ автономиясының бірінші төрағасы болған Пәтіқан Сүгірбаев, тіпті көзі тірі алыс жақын шетелге барып кеп жүрген жазушы Батырқан Құсбегин де бар (бұл кісі “кешулер” атты кітабында өзінің әлі неге ақталмағанын баяндайды), т.б біз атын атап, түсін түстемеген тағы қаншама жүздеген қазақтың лауазымды тұлғалары бар. Оларды ақтау былай қалсын, атын атаудың өзі үлкен әңгіме. Сонда қытай коммунисттері дербес жүз мыңдай армиясы, дербес әскери үкіметі болған Ма Буфаңды ақтап, одан күші әлде қайда “әлсіз” қазақ зиялылары мен саяси тұлғаларын ақтай алмауы нені білдіреді? Жоқ, әлде шегаралық аймаққа шоғырлы қоныс тепкен қазақтардың “қазақ қаупі” мәселесінен әлі де алаңдауы ма?!

Related Articles

  • Гипер жобалардың жолы бола ма?

    Кеңес одағы жылдарында мемлекеттің экономикасы гигантоманияға құштар болды. Бір орталықтан басқарылған жоспарлы экономикада олар азды-көпті тиімділік көрсетті, бірақ нарықтық экономикаға көшкенде солардың бәрі адыра қалды. Өйткені, нарық гигантоманияны сүймейді, ол нақтылыққа икемділікті ұнатады. Сол сияқты Қазақстан да осы уақытқа дейін қазақтың «көрпеңе қарай көсіл» деген нақылын ұмытып, гипер жобаларға, мега жобаларға құмарлық танытып келеді. Мәселен, «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» халықаралық теміржол маршруты жобасына бастамашы болып, ақыры оны 2014 жылы іске қосты. Әріптестеріміз болып отырған екі елдің тауарлары да нарықты жарып, ағылып жататындар емес. Оған Қазақстан арқылы Ресей қосылғанда да тауарлары біртекті, бәрінің де қаузайтыны негізінен табиғи ресурстар. Осы жолмен Қазақстан тауарлары Парсы шығанағына тікелей шығатын болады деп жалаулатқан едік. Сол дәмеміз ақталды ма?

  • МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРАУШЫ ҰЛТ ЕКЕНІН АШЫҚ АЙТУЫМЫЗ КЕРЕК

    Қарағанды – талай талант пен дарындардың кіндігін кесіп, томағасын сыпырған, қазақ үшін құт дарып, бақ қонған қастерлі мекен. Соңғы аптада осы бір өлкеге елдің назары ерекше ауды. Мәселенің мәнісі де баршаға мәлім. Бүгін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, мәселенің мән-жайын түсіндіріп берді. Аталған іс бойынша нақты шаралар қолға алынып, тергеу амалдарының жүйелі түрде жүргізіліп жатқандығын да айтты. Қазірдің өзінде осы іске қатысы бар деген күдікпен 8 адамның ұсталғаны, тағы біреуіне іздеу жарияланғаны белгілі болып отыр. Бұл кешенді жұмыстар нақты нәтижесін беріп, жауапты адамдар заңға сәйкес жазаларын алады. Осы ретте, орын алған жайтқа қатысты аз-кем өз ойымызды білдіріп, үн қосқанды жөн көріп отырмын. Бұған дейін

  • Қазіргі уақыттағы қазақ телевизиясының жұмысына қатысты ұсыныстар

    I. Қазіргі телевизия сипаты мен беталысы. Жер жүзіндегі медиа-кеңістік, соның ішінде телевизия жаңа ғасыр басталғалы бері, әсіресе соңғы он жыл беделінде күрт өзгерді. Әлбетте, технологияның кешеуілдеп жетуі және басқа да объективті, субъективті себептерге байланысты Қазақстанда бұл өзгеріс кейінгі бес-алты жылда ғана байқалды. Ең әуелі, спутниктік және кабельдік жүйенің жедел дамуы көрерменнің таңдау мүмкіндігін мейілінше кеңейтіп, көбейтіп жіберді. Қазір Қазақстанның (дамыған Батыс елдерін айтпай-ақ та қоялық) көптеген елді мекендерінде (ірі, орташа, шағын қала, кенттерде, қалаға жақын ауылдарда) кем дегенде отыз шақты телеарна көруге болады. Екіншіден тез тарап жатқан интернет пен арзан («қол жетімді» деп жүрміз) смартфондар ақпарат алудың жаңа «тұма-бастауларын»: әлеуметтік желілер, әр қилы сайттар, youtube, on-lineфильмдер (бұл фильмдердің барлығы дерлік

  • Қазақ елдігін сақтау үшін көніп отыр…

    Қарағанды оқиғасының түп-төркіні де әлеуметтік теңсіздікке тірелгендей: этникалық топ – бай, жер иесі – кедей, олар моралдық тұрғда басым, бұлар қорланып жүр. Марқұм 23 жасар баланың қазасы осы қыжыл шоғына май құйғандай әсер етті. Рақымжанның жоғын жоқтағандарды, қазақ бірігуі керек дегендерді ұлтшылға, фашистке теңеу өз арамызда үдеп тұр, тіпті, Қазақстаннан түңілдім, қазақтар қорқынышты боп барады, деген қазақтарды байқадым. Ойдан оза шабуға асықпасақ. Рас, қазақ өз жерінде, елінде күшті болуы керек, ол – білек пен жұдырықтың күші емес, заң күші болуы тиіс. Араб әмірліктерінде жергілікті халық – арабтар 20 пайызға жетпейді, қалғаны – түрлі этникалық топтар. Соның бәрі жаңағы 20 пайызға қызмет етеді, әлеуметтік артықшылықтың бәрі арабқа: жаңа туған араб баласының

  • ХАН КЕНЕНІҢ ҚАРУЫ

    Beken Kayratuly Facebook парақшасынан алынды ЕлордағыҚазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінің ауыспалы экспозициялық жәдігерлер көрмесі орналасқан төменгі залында, қазақ халқы үшін құнды заттың бірі – Кенесары Қасымұлының мылтығы тұр. ХІХ ғасырдың ортасында Ұлы далада өрістеген ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, атақты Абылай ханның немересі Кенекең осы мылтықпен жау түсірген. Айталық, 1838 жылы Кенесары Ақмола бекінісін басып алып, орыс әскерін қуып шыққанын тарихтан жақсы білеміз. Осы оқиға туралы ел-жұрттың аузынан естіп, хатқа түсірген Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өзінің «Қазақ шежіресі» атты жазбасында: «Қараөткелде аға сұлтан Қоңырқұлжа дуан басы болған. Кенесарыға қарсы тұрып соғыс салған. Қараөткелді (Ақмола бекінісін айтады) қамағанда Кенесары күлдірмамай деген мылтығымен Тайтөбенің басында тұрып, орыстың қарауылшы балсәйкесін (полицейін) атып мұрттай ұшырған» дейді (А.Смайыл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: