|  |  | 

Саясат Сұхбаттар

Профессор Коллинс: “Шыңжаң – Тибет емес”


Пекинде жүрген ер адамдар. Көрнекі сурет.

Пекинде жүрген ер адамдар. Көрнекі сурет.

Қытайдың Шыңжаң қазақтарын саяси тәрбиелеу орталықтарына қамау науқаны мен осы аймақтан Қазақстанға көшкен этникалық қазақтардың зейнетақы мәселесі соңғы айларда әлеуметтік желілерде жиі талқыланып жатыр. Азаттық Астанадағы Назарбаев университетінің саясаттанушысы, Қытайдың саясатын зерттеп жүрген профессор Нил Коллинспен синофобияның себебі және Шыңжаңдағы мәселені шешу жолдары туралы сұхбаттасты.

Азаттық: Қазақстанда синофобияның күшейгені байқалады. Шыңжаңдағы этникалық қазақтарды саяси тәрбие орталықтарына жаппай қамау мен Астананың қытайлық азаматтарға 72 сағаттық визасыз кіру рұқсатын беруі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Қытайдың “экономикалық және саяси экспансиясы” туралы алаңдауға қаншалықты негіз бар?

Нил Коллинс: Бұқаралық деңгеймен салыстырғанда жоғарғы деңгейде алаңдау мен синофобия аз. Бұқаралық деңгейде бұған Қытайдың инвестициясы, зауыттары мен инфрақұрылым жобаларымен ұшырасқан жеке адамдардың тәжірибесі түрткі болып тұр. Бұл жағынан қарағанда Қазақстан басқа көптеген елден өзгеше де емес. Қытайдың көптеген дамушы елдердегі, Африкадағы инвестициясына қарасаңыз, осыған ұқсас реакция байқайсыз. Қытай шет елге мамандарын, инженерлерін топтап жібереді, жергілікті жұмыс күшін пайдаланбайды. Бұл еріксіз бөлінушілік тудырады. Бұл – шекаралас Қазақстанға ғана қатысты мәселе емес. Қытайдың жұмыс істеу тәсілі – осы. Бұл тәсіл жергілікті халықты жиі шамдандырады. Қазақстанның жағдайында [Шыңжаңдағы] этникалық қазақтардың мәселесі бұған қабаттаса түсті.

Нил Коллинс, саясаттанушы

Нил Коллинс, саясаттанушы

Азаттық: Пекинге барған соңғы ресми сапары кезінде президент Нұрсұлтан Назарбаев “трансшекаралық симпатия танытты, патриотизмнен айныды, діни экстремизмге ұрынды” деген сияқты айыптар тағылып жатқан Батыс Қытайдағы қазақтардың мәселесін көтермеді. Шыңжаңдағы бұл ахуал қайтіп өзгеруі мүмкін және бұл мәселенің шешімі бар ма?

Саяси тәрбиелеу орталықтарына келсек, қамаудың бір түрі ғой, мұндай саясат ешбір елде ұзаққа созылмаған. Қысқа мерзімді шара. Қытайдың билік өкілдері бұл тәсілді Тибетте сәтімен қолдандық деп ойлады.

Нил Коллинс: Кейбір адамдардың бұл мәселеге қатысты президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан көбірек нәрсе келер еді ғой деп сұрауы мүмкін. Оның [Пекиндегі келіссөзде] нақты не айтқанын анық білмейміз де. Білетініміз – [Қазақстанның] сыртқы істер министрлігі белсенді бола бастады. Кәсіби дипломаттарға сай түрде сақ, дипломатиялық мәнерде мәлімдемелер жасап жатыр. Бірақ мәлімдеме жариялап жатқаны, комментарий беріп жатқаны – факт… Саяси тәрбиелеу орталықтарына келсек, қамаудың бір түрі ғой, мұндай саясат ешбір елде ұзаққа созылмаған. Қысқа мерзімді шара. Қытайдың билік өкілдері бұл тәсілді Тибетте сәтімен қолдандық деп ойлады. Тибетті басқарған өкіл Шыңжаңға жіберілді. Бұл – соңғы үш жылдағы өзгерістің бір себебі. Мәселені шешудің жақсырақ, оңайырақ жолдары бар екенін енді түсінуі мүмкін. “Бір белдеу – бір жол” бастамасының аясында қарасаңыз, Шыңжаң – Тибет емес. Бұл жерде ары-бері қозғалыс бар, шекара ашыла түспек. Қазақстан үкіметіне алаң білдіру керек, өйткені бұрынғымен салыстырғанда қазір позициясы жақсырақ.

 

Азаттық: Қазақстан үшін Қытаймен тығыз экономикалық байланыс орнатудың пайдасы мен зияны не болмақ?

Нил Коллинс: Басқаша жасайтындай балама бар ма? Экономика жақсы болғанымен мұнай мен газ сияқты шикізат өндіруге негізделген. Бұл ахуал ұзаққа созылмайды. Әртараптану – Қазақстан үшін қисынды саясат. Қытай сияқты жуырда әлемнің ең ірі экономикасына айналғалы тұрған алып елге көрші болып отырған Қазақстан бұл факторды елеусіз қалдыра алмайды. [Қытаймен тығыз байланыстың] ең үлкен зияны – Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы тауар тасымалы кезінде транзит аймақ болып қала беруі мүмкін. Қазақстанның Еуразия экономика одағының мүшесі ретіндегі тиімді тарифтерін пайдаланып, Қытай көрші территориямен пойыздарын жүргізе бермек. Темір жолға қатысты инфрақұрылымдық жағынан оңалғанымен Қазақстан пайда көрмеуі ықтимал. Басқа елдердің тәжірибесін зерттеу керек. Австралия мен АҚШ сияқты темір жол инфрақұрылымы ұқсас елдер бар. Мысалы, Калифорния мен Шығыс жағалауды, Перт пен Мельбурнды жалғап тұрған алып инфрақұрылымның бойындағы кейбір аймақ не себепті гүлденді, неге кейбірі елеусіз қалды? Бұл құпияны ашса, Қазақстан [Қытайдың] инвестициясынан көбірек пайда түсірер еді. Ал Қытай қоршаған ортаны ластайтын индустрияларын жіберетін болса, ең қиын жағдай тууы мүмкін.

 

Азаттық: Қытайдың сыртқы саясатындағы Қазақстанның орны қандай?

Нил Коллинс: Дүние жүзінің картасына қарасаңыз, Қытайдың минерал мен азық-түлік тасымалдау жолдары АҚШ пен оның одақтастары үстем тұрған теңіз маршруттарымен өтеді. Қытай бұл тараптан кетіп, құрлық маршрутын дамытса, позициясы күшейеді деп ойлайды. Жалпы Қытай Қазақстан туралы көп біле бермеуі мүмкін. Бірақ Орталық Азияның оларға маңызы зор. Бұл аймақты қарастырғанда инфрақұрылымын қайда салуы мүмкін? Осындай бақуатты, тұрақты елде ме? Әлде мұндай артықшылығы жоқ Орталық Азияның қалған төрт елінде ме?

Қытай өткен тарихына үңіліп, әркез ғаламдық деңгейде держава болғанын есте ұстайды. Олардың көзқарасына сәйкес, соңғы екі ғасырда еуропалықтар әскери технологиясын жетілдіріп, алға шықты. Мұның соңы Қытайда ұзаққа созылған тұрақсыз кезең – “қорлану ғасырына” ұласты. Ал қазір өздерін қайта жігерлендіру жағдайында тұр. Қытай өз ойындағы Қытай, яғни “әлемнің кіндігі” болуы тиіспіз деп ойлайды. “Бір белдеу – бір жол” бастамасы – осы саясаттың бір бөлігі. Қазақстанның бұл саясатта орны бар. Екі елдің арасында аздап сенбеушілік болса да, прагматикалық қарым-қатынас орнаған. Кеңірек, ғаламдық ауқымда қараса, Қазақстан бұл қатынастан пайда түсіре алады.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • “Домбыра тартып, қазақша ән салатын буынның соңымыз ба деп қорқамын”

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ Германияның Хатценпорт ауылында. Сурет авторы – Талғар Дәлелғазы. Түркияда туып, Францияда тұрған, арғы тегі алтайлық қазақ Өмір Өзкалп Германияда кәсіпкерге айналды. Түркияда – “Омер”, Францияда – “Виктор-Зафер” атанған Өмір шеттегі қазақ жастарының ана тілінен ажырап бара жатқанын айтып қынжылады. Түркияның Алтай ауылында тамыздың 30-ы – жергілікті Жеңіс күні туған Өмір Өзкалпқа ата-анасы азан шақырып, Зафер (түрікшеден “жеңіс” деп аударылады – ред.) деп ат қойған. Бірақ үй-іші мен құрдастары Өмір деп атап кеткен. Мектепке барған кезінде құжатындағы есімі лақап атының түрікше формасында “Омер” деп жазылып кеткен. Кейін кәсіп іздеп Еуропаға қоныс аударған ол Франция азаматтығын алар кезде “Виктор” деген есім жалғап алған. Мұның да мағынасы – “жеңіс”. Қытайда коммунистердің

  • Тоқаев: “Жер шетелдіктерге сатылмайды”

    Қостанай облысы  Жер туралы ойын Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен кездесуінде айтты. – Басқа облыстардағыдай мұнда да белгілі бір мәселелер бар. Бірақ, Үкіметтің көмегімен бұл проблемаларды шешу жұмыстары күшейтіледі. Ал, жер мәселесіне келер болсақ, кім жұмыс істейді, жер соған тиесілі. Екіншіден, жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің Президент ретінде түбегейлі ұстанымым, – деді Мемлекет басшысы. Кездесуге қатысушылар ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне мемлекеттік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

  • Марғұлан Сейсембаев: Сайлауды байкоттау арқылы сіздер ештеңе дәлелдей алмайсыздар

      Танымал бизнесмен, азаматтық белсенді Марғұлан Сейсембаев алда келе жатқан кезектен тыс президент сайлауына өзінің «Instagram» парақшасында талдау жасады. Көптеген адамдардың сұрақтарына жауап беру үшін және көптеген бос сөз бен өтіріктен тазалау үшін мен мына сайлау науқаны жөнінде кішігірім талдау жасадым. Сонымен, бізде төрт жол бар: 1. Дауысты Тоқаевқа беру. Онда сіздер барлығы қалыптасқан күйде қала бергенді таңдайсыңдар. Өйткені Тоқаев өзін Елбасының саясатын жалғастырушы ретінде көреді. Тоқаев пен Қосановтан басқа үміткерлер жәй қыдырып жүрген жандар, сондықтан оларды мүлдем қарастырмаймын. 2. Дауысты Қосановқа беру. Ол кісі туралы билік пен радикалды оппозиция әртүрлі сөз айтуда. Біреулер оны Ақорданікі дейді, біреулер оппозиция дейді. Сіздің бұл жөнінде білу керек нәрсеңіз, ол Қосановтың тұлғасы емес,

  • Н.Назарбаев: “Қазақстанда бір ғана президент бар және ол елдегі басты адам”

    «Қазақстанда бір ғана президент бар және сол басты адам. Біз барлығымыз соған жұмыс жасаймыз». Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз сөзі. Астана экономикалық форумында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда бір ғана президенттің бар екенін және қалғандары соған бағынатынын айтты. «Халық пен көшбасшы бір болғанда ғана жетістікке жетуге болады. Ал әзірленген бағдарламалар мен идеялар халықтың қолдауымен ғана жүзеге асады. Бәлкім біздің ұстанған саясатымыз дұрыс болған шығар. Мен 5 жалпыхалықтың сайлауға түстім. Маған электорат 85 пайыздан кем дауыс берген жоқ.  Келесі транформацияда тыныш, саяси сенімсіздіктен айырылмау керек. Меніңше, бұл тығырықтан шығудағы дұрыс шешім.  Менің мандатым әлі аяқталмаған еді. Мен әлі де жұмыс жасай беруіме болатын еді. Тіпті, халық мені таңдайтынына жүз пайыз сенімділікпен,

  • 28 ПАНФИЛОВШЫЛАР ТУРАЛЫ АҢЫЗДЫҢ АҚИҚАТЫ

    Marat Baidildauly Өзіміз кішкентайымыздан ерлігін мектепте оқып өскен 28 панфиловшы туралы анықталған ақиқат бұрыннан қалыптасқан ұғыммен мүлде үйлеспейді. Ол ойдан шығарылған аңыз ғана болып шықты. Іс жүзінде ол “Красной звезда” газетінің әдеби хатшысы Ю.А.Кривицкийдің қиялынан туған дүние екен. Дақпырт осы журналистің 1942 жылы 22-қаңтарда «Красная звезда» газетінде жарияланған «28 панфиловшының өсиеті» деген материалынан бастау алған. 1942 жылы маусым айында Батыс майдан командованиесінің ұсынуымен 1942 жылы 21-шілдеде Кривицкийдің материалында аты-жөндері аталған 28 жауынгердің бәріне Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Кейін көп нәрсенің беті ашыла бастады. Алғашында түгел жер жастанды делініп жүрген 28 батырдың бесеуі: Васильев Илларион Романович, Шемякин Григорий Мелентьевич, Шадрин Иван Демидович, Добробабин Иван Евстафьевич пен Кужебергенов Даниил Александрович тірілердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: