|  | 

Тұлғалар

Әміржан Қосанов

AmirjanБиография

Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов (13 мамыр 1964 жыл, Сапақ ауылы, Арал ауданы, Қызылорда облысы) — қазақстандық саясаткер, қойғам қайраткері, журналист.

Отбасы және балалық шағы

1964-жылы 13-мамырда Қызылорда облысы Арал ауданының Сапақ бекетінде көпбалалы теміржолшының отбасында дүниеге келді.

1981-жылы Қызылорда облысы Жаңақазалы стансасындағы №17 қазақ орта мектебін бітірді.

1981-1982 жылдар – Жаңақазалы стансасындағы  №716 құрылыс-монтаж пойызының слесарі.

1982-жылдан – ҚазМУ журналистика факультетінің студенті.

1983-1985-жылдары – Кеңес Армиясының қатарында қызмет атқарды (Мәскеу қаласы).

1985-жылы оқуын жалғастырды. Факультет комсомол комитетінің хатшысы боп сайланды. Лениндік стипендия иегері болды.

1989-жылы университетті үздік тәмамдады.

Әкесі – Сағидрахман Ағыбетұлы Қосанов. Анасы – Аққыз Нағашыбайқызы Қосанова.

Жұбайы – Роза Мұратқызы Қосанова.

Балалары – Индира, Томирис, Ғалымжан

Қызмет жолы және саяси мансап

1989-жылдың наурызынан – республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі. 1990-жылдың маусымында балама негізде (4 үміткердің арасынан) Алматы қаласы Фрунзе (қазіргі Медеу) аудандық комсомол комитетінің біріншісі хатшысы боп сайланды. Кейінірек – Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің саясат бөлімінің меңгерушісі, ҚР Жастар істері жөніндегі Мемлекеттік комитетінің БАҚ-пен жұмыс бөлімінің бастығы.

1993-жылдың сәуірінен – Жастар ісі жөніндегі жастар комитеті төрағасының орынбасары. 1994-жылдың наурызынан – ҚР Жастар істері, туризм және спорт министрінің орынбасары.

1994-жылдың қыркүйегінен 1997-жылдың қыркүйегіне дейін – ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы – Министрлер Кабинеті баспасөз қызметінің жетекшісі.

1998-жылдың наурызынан – «Реформа» әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси бастамалар орталығының президенті.

1998-жылдың желтоқсанынан – Қазақстан Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП) атқару комитеті төрағасының орынбасары. 2000-жылдан – ҚРХП атқару комитетінің төрағасы, Қазақстан демократиялық күштері Форумының теңтөрағасы.

2006-жылдың сәуірінен – «Әділетті Қазақстан үшін» (ӘҚҮ) қозғалысының бас хатшысы.

2006-жылдың қыркүйегінен – Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) бірінші орынбасары.

2009–2012- жылдары – біріккен оппозициялық «АЗАТ» ЖСДП партиясының бас хатшысы.

2012-жылдан – тәуелсіз саясаткер.

Саяси көзқарасы үшін қылмыстық айып тағылып, бір жыл бас бостандығынан шартты түрде айырылған (2003 жыл).

Рұқсат етілмеген митингілер ұйымдастырып, жүргізгені үшін үш рет 15 тәулікке абақтыға қамалған.

Оның өзіне және отбасына қарсы бірнеше дүркін арандатулар мен үркіту акциялары ұйымдастырылған. 1998 жылы маска киіп, қолына шоқпар ұстаған бір топ адам түн ішінде оны үйінің маңында аяғы ауыр жұбайының көзінше аяусыз соққыға жықты. Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті.

2000 жылдың басында түн жамылған қаскөйлер пәтерінің есігін сыртынан бетондап кетті. Терезесіне тас лақтырды. Тіпті келесі күнге оның жаназасын тағайындап, мәйітін алып жүруге қажетті автокөлікке тапсырыс берілген, жерлеу рәсімінің ақшасы төленген!

2018 жылы әріптестерімен бірге «Жаңа Қазақстан» Форумын құрды. Оның құрамына танымал қоғам қайраткерлері енді. Бірақ Форум тіркелуден өте алмады.

2019 жылы 9 маусымда өтетін сайлау алдында Қазақстан Республикасы президенттігіне кандижат ретінде тіркелді.

Марапаттары

  • 1994-жылы Қазақ теледидарында жасаған авторлық хабарлар циклі үшін Қазақстан Жастар одағының сыйлығының лауреаты атанды.
  • Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты.
  • 2002-жылы Орта-Азиялық саяси зерттеулер агенттігі оны «Жыл саясаткері» атады.
  • Мақалалары баспасөзде жиі жарияланып жүр, бірқатар республикалық басылымдарда авторлық бағаналар жүргізіп келеді.
  • Өлеңдері поэзиялық жинақтарда, әдеби журналдар мен газеттерде жарияланған.

Related Articles

  • Зайсанда Қаптағай батырға арналып ескерткіш ашылып, ас берілді.

    Тамыз айының 15-16 күндері Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында Қаптағай батырға ескерткіш орнатылды. Қаптағай батыр Түгелбайұлына (1700-1760) арналған асқа “Tuǵurul han” Halyqaralyq Qoǵamdyq Birlestık атынан : Айдын Бексұлтанов – Басқарма төрағасы (құрылтайшы); Ділдахан Дәлел – құрылтайшы; Әубәкір Айбын – құрылтайшы; Серік Көкөнай – құрылтайшы. қатарлы азматтар барып қатысып қайтты. Батырдың 320 жылдығына арналған шараға Франция, Түркия, Германия, Моңғолия елдерінен және еліміздің әр облысынан 400-ге жуық қонақ келіп екі күн бойы Зайсан жұртшылығымен бірге болды. Шарада ат бәйге, айтыс, қазақша күрес сайыстары болды. kerey.kz

  • Шыңғыс хан және оның заманы Мұхтар Мағауин екінші кітап ұйысқан үлыс

    бірінші бөлім бүліңғір і т а р а у тауарихтың бәсі алқисса, қят бартан-бахадұрдың ұлы есугеи онан өзенін бойлап, құс салып жүр екен. кенет, атан түйе жегілген, найқала жылжып, жақындап қалған қарағұт күймені көзі шалады. атты қосшысы бар. бұл – жәуінгер меркіт тайпасының жетекші әулетінен шыққан еке-чіледу болатын. қалың қоңыраттың олқұнұт руынан қыз алып келе жатқан. жаңа түскен келіншегінің есімі – өгелін еді. иенде кездескен екеу дала рәсімімен сәлемдесті ме, жөн сұрасты ма – белгісіз. анығы – есугеидің көзі қалбағай асты, күн тимес көлеңкеде отырған өгелінге түседі. жас қыз, шындығында беті жаңа ашылған келіншек ғәжәйіп сұлу екен. өркеуде жігіттің жүрегі шым етіп, өне бойын өзгеше сезім құрсағаны күмәнсіз. бірден-ақ, «мұндай

  • СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСҰЛЫ – БЕЛГІЛІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ КӨРНЕКТІ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

    Смағұл Сәдуақасұлы сүйегінің Астанаға жеткізілуі. 2011 жылы Астанаға көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, белгілі ағартушы, Қазақ автономиясы ағарту саласының министрі, қазақтың ұлтжанды азаматы, өткен ғасырдың отызыншы жылдарында Мәскеуде жұмбақ жағдайда қайтыс болған Смағұл Сәдуақасұлының сүйегі Қазақстанға жеткізілді. Астана әуежайы Алаш қайраткерлерінің бүгінгі ұрпақтарымен толығып, елге келген Смағұл Сәдуақасұлының сүйегін бүтіндей Қазақ жұрты болып қарсы алған болатын. Бәрімізге мәлім болғандай оның денесі өртеліп, сүйегі кішігірім сауытқа салынып, Мәскеудегі Дон зиратының аумағына қойылған екен. Шағын ғана патриоттар тобының күшімен оның сүйегі елге жеткізіледі. Ол соңғы жылдарда Отанына «қайта оралған» алаш қайраткерлерінің алғашқысы болды. Оның әкесі төрт жылдан кейін даңқты ұлдың әкесі болғаны үшін ғана қуғын-сүргінге ұшыраған. Тірі қалған туған-туыстары «халық жауының туысы»

  • ТОҒҰРЫЛ ХАННЫҢ «ТОНЫМЕН ТУҒАН ҰЛЫ» ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ТҮЙТКІЛДЕР

    Жанымхан Ошан   Тарихи әдебиеттерде, мұнда Рашид ад-диннің әйгілі еңбегінде, «Моңғолдың құпия шежіресінде», «Юан ши» (юань патшалығы тарихы) кітабында керейдің Тоғұрыл Оң ханы мен Темүжіннің қарым-қатынасына тоқталған кезде, аттөбеліндей азғана моңғолдың Есугей есімді баһадүрінің жетімі – Темүжіннің өз ағайындары Тайшығұттардан жәбір көріп, «көлеңкені жаршы қып, қылқұйрықты қамшы қып» тағдырдың тәлкегіне ұшырап, Тоғұрыл ханы «әкеміздің андасы болғандықтан, әкеміз сияқты ғой» деп, әке орнына әке тұтып, қайын жұрты – қоңыраттар берген қара бұлғын ішігін алып, оған сәлем бере баруынан бастайды. «Әкең өлсе өлсін, әкеңді көре қалған өлмесін» демекші, Темүжіннің сапары сәтті болып шығады. Пана тұта барған әкесінің көне «Андасы» Тоғұрыл хан ағынан жарылып: Мынау бұлғын ішіктің, Қолқасына жарамын. Бытыраған еліңнің, Басын қоса

  • АТАНТАЙ АБЫЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАТЫР НЕМЕРЕСІ ҚАЙДАУЫЛ ХАҚЫНДА

    Қазақ даласына жоңғарлардың шабуыл жасаған мезгілі қазақ батырларының да көптеп дүниеге келген дәуірі болды. Бұл туралы Ш.Уалихановтың: «Абылай дәуірі – қазақтың ерлігі мен серілігінің ғасыры» деген сөзі тектен-текке айтыла салмаған. (Ш.Уәлиханов, 5 томдық шығармалар жинағы, //А.А. 1984, 1 т.,432 б.). Сол дәуірде туған әйгілі батырлардың бірі Ер Жәнібек Бердәулетұлы (1714-1792) еді. Жәнібектің жас батыр атана бастаған кезінде де оны уақ пен керейдің әйгілі батырларының тәрбиесіне алғаны жайында әр түрлі аңыз бар. Арғы жағы Ер Көкше, Ер Қосай, Сартоқай, Жанат, Сәменбет сынды қарт батырлар Жәнібекке ата жолындағы ұстаз болған деседі. Мұндағы Сәменбет батыр есімі де жоңғарға қарсы соғыс дәуіріндегі әйгілі батырлардың бірі ретінде аталады. Ол 1626 жылы туылып, 1723 жылдары Сыр

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: