|  |  |  | 

Саясат Суреттер сөйлейді Тарих

Шарқи Түркістаншыл мен Чин Түркістаншыл арасындағы қақтығыс

68684167_1435523626611220_4451688350528569344_n1947-1948 жылдың өрара кезеңінде Үрімжідегі қазақ игі-жақсылары мен зиялылары, саясаткерлері өлкелік үкіметтің төраға, хатшыларымен бірлесіп Үрімжі қаласына қарасты Қаратау (қытайша 南山) баурайында Наурыз мерекесін тойлап шағын құрылтай жиналысын өткізеді. Наурыз мерекесіне тігілген оншақты кигіз үйдің және өлкелік үкімет төрағалары мен әскери адамдардың (қазақ әскері де бар) суретін анық көре аласыз.

1947-1948 жылдары Шарқи Түркістаншыл күштер мен Чин Түркістаншыл күштер арасындағы қырғиқабақ қақтығыс қатты ушығып тұрған кез еді. 1946-1947-1948 жылдары Манас, Құтыби, Бөкен (Фукаң), Жемсары, Шонжы, Мори аудандарынан қазақ әскері жасақталып Манас өзенінің күнбатыс бетіндегі Шарқи Түркістан әскеріне арнайы қарулы қорғанысқа өткен кезең еді. Сонымен Манасты шекара еткен Шарқи Түркістаншыл күштер мен Чин Түркістаншыл күштер болып екі жаққа бөлінген қазақтардың саяси оқиғасы біршама терең сипат алды. 67631966_1435523689944547_4974029959396851712_n

1946-жылы Шарқи Түркістан мен Гомин екіжақ “11 тармақтан” тұратын келсімшартқа қол қойды, келсімшартта Шарқи Түркістанның 30 мың әскерін 15 мыңға қысқарту туралы хаттама бар болатын. 1946-жылдан бастап Шарқи Түркістанның әскери қосыны жаппай қысқартыла бастады, әсіресе совет одағынан көмекке келген екінші жаһан соғыс майданын көрген қазақтар түгелдей қайтып кетті. Советтен келген әскери көмек кілт тоқтауына байланысты Шарқидың әскери құрамы тәжірбиесіз қалды. Соғыс стратектері қайтып кетті, оның бір жағы 1944-45 жылдары Шарқи Түркістанда әскери реформа жүргізіліп соғысқа едауір ысылып қалған жергілікті партизан қазақтарды ауылға қайтарып жіберіп, орнына соғыс тәжірбиесі аз кілең жастарды әскер қатарына алған еді. Олар әскери түзілістен өтпей жатып 1946-жылы Советтің әскери маман, технолоктары қайтып кетті. Бұл өлара кезең Чин Түркістаншылдардың Манастан Мориға дейінгі аумақтан арнайы қазақ әскерін жинауына және Ішкі қытай арқылы Ақш-тан әскери қару кіргізуіне мүмкіндік берді. Пәтіқан Дәлелқанұлы Сүгірбаевтің “Оспан сірә қандай адам” атты естелігінде Оспан мен Үрімжідегі қазақ оқығандары ақылдаса келіп төрт қазақты Ақш-қа оқуға аттандырғанын тілге тиек етеді, және олар сол күйі Ақш-та қалып қойды деп жазады. 1947-жылғы Нан Киндегі ұлықұрылтай жиналысында ішкі қытайда білім алып жатқан Шыңжаңдық қазақ, ұйғыр студенттерге саяси идеялогиялық үгіт-нәсихат қатты жүргізілді. Шарқи Түркістаншылдар өз идеясын тықпалады, оған қарсы Чин Түркістаншыл күштер Шарқидың алдауына түспеуді, туған елге оралған соң өздеріне жақтас болуды үгіттеді. Ішкі қытайда әскери колледжде оқыған қазақтар 1947-жылы Чин Түркістаншылдар құрамындағы қазақ полкында әскери маман болды. Олардың кейінгі тағдыры мүлде беймәлім. 68270484_1435523746611208_4378933288161509376_n

Саяси қақтығыс Үрімжі қаласында да түс алып жатты. Шарқи Түркістаншыл күштер Үрімжідегі өлкелік үкіметтің төрағалары Масқұт, Жанымқан, Қадуан, Сәліс, Закариялардың үстінен орталық билікке шағым хат жолдаса, Чин Түркістаншыл күштер он мың адамдық Қазақ, Дұңған митингін ұйымдастырып Үрімжідегі Шарқи Түркістаншыл тұлғалардың Құлжаға отставкаға кетуін талап етіп жатты. 68426179_1435523756611207_713649309182066688_n 68316443_1435523683277881_4627860792249679872_n 67876709_1435523629944553_1056863534534623232_n

Бұл дерекке тұздық болатын қазақ әскерлерінің суретін кейін жариялауды дұрыс көрдім. Суреттен Үрімжінің Қаратауындағы қазақ кигіз үйін анық көре аласыз. Қазақтар игі-жақсыларды жиып наурыз беріп жатқан кезде, Чин Түркістаншыл қазақ әскерлері де амандыққа кепілдік ету үшін сол маңыды қорғап жүргенін байқауға болады. Әрине, бұл наурыз мерекесі байланысымен қазақтар өлкедегі саяси тұлғаларды жинап келелі мәселелерді ортақ ақылдасқаны анық. Бұл жиналысқа қатысушы тұлғалардың суретін кейін салайын…

Eldes Orda

Kerey.kz

Related Articles

  • Ясин Құмарұлы: Ежелгі Түркі тайпаларындағы төтемдік аң – құстардың аңыздық негіздері

    Анотация  Мақалада грифон, көкбөрі (Құсбөрі) тәңір ұғымдары мен атаулары төңірегіндегі сондай-ақ Сақ, Ғұн, Үйсін, Түркілердің бөрі төтемділігі және аттарының да бөріге байланыстылығы зерттеледі. Грифон және көкбөрі Грифон (griffon) қазірге дейінгі анықтамаға сай жартылай арыстан, жартылай құмай немесе басы, қанаты құс, денесі арыстан аңыздық мақұлық (狮鹫). Біреулер оны жауыздықтың символына баласа енді біреулер ізгіліктің (тіпті Христостың)нышаны деп біледі. «Этимология» атты  еңбекте: «Христос – арыстан, өйткені онда теңдессіз парасат және қүш-қуат бар, Христос әрі құзғын, өйткені ол қайта тірілген соң аспанға көтеріліп, жұмаққа шығады», – деп жазылған. Грифон көбіне грек аңыздарында жолығады. Оның арғы және кейінгі заманғы мәдениет, этнос, т.б. танудағы орны маңызды. Ол қиыр шығыстың айдаһары сияқты бір дәуір мәдениетінің символы. Десе де, грифон грек аңыздарында ғана сақталып қалмастан,  басқа  аймақтарда да  кеңінен  таралғандығы  байқалады.  Әсіресе оның археологиялық дерегі Орталық Азия өңірінен көп байқалады. Байырғы Еламдықтар оны архитектурада кеңінен пайдаланған. Геродоттың «Тарих» атты ұлы еңбегінде griffon  бірнеше  жерде  жолығады,  барлығы  сақтарға  байланысты.  Геродот  және сақтар  жерінде  грифонның  әйгілі  болғандығын  да  жазады.  (IV.79)  Тарихи деректерге,  аңыздарға  негізделгенде  грифон  Украинадан  Орта  Азияға  дейінге скиф даласында болған деп қаралады. Сақтардың грифон әсем өнері туралы: сақ молаларында бар. Берелде, Пазырықта, Есікте, Алагуде, тіпті ғұндардың көші және жойқын жорығымен бірге Қиыр Шығыс жеріне дейін жеткендігі байқалады. Геродоттың  айтуынша,  исседондардың  жоғарғы  жағында  аримаспы,  яғни жалғыз  көзділер  тұрады.  Ал  олар  тұрған  жерде  алтынды  қорып  жатқан  грифон болады  десе,  ол  тағы,  исседондардың  аримаспы  жағынан  ығыстырылып,  одан скифтер исседондар жағынан ығыстырылғандығын жазады [1]. Геродот:  «Бұл  арадан  шалғайдағы  жағдайлар  туралы  мәліметтерді  тек исседондардың айтқандарынан ғана білеміз. Олар жалғыз көзділер мен алтын қорып жатқан грифон туралы әңгімелейді. Скифтер бұл әңгімелерді исседондардан естиді. Одан скифтер оны гректерге жеткізеді. Сонымен біз оларды жалғыз көзділер деп атадық. Скифтер Arimaspi  дейді. «Arima» бір дегенді, «spu» көз дегенді білдіреді», – дейді [2].

  • АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейл Нұр-Сұлтандағы саммитке қатысады

    АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейл. АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хейл 20-23 тамыз аралығында Орталық Азия елдеріне ресми сапармен келеді. Сапардың негізгі мақсаты – 21 тамызда Нұр-Сұлтанда өтетін Орталық Азиядағы бес елдің жоғары деңгейдегі жиынына қатысу. С5+1 деген атаумен белгілі жиын барысында Хейл Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстан сыртқы істер министрліктері өкілдерімен келіссөздер өткізеді. “Олар Орталық Азиядағы қауіпсіздік, даму және қарым-қатынасты бірлесіп нығайту жайын талқылайды” деп хабарлады АҚШ мемлекеттік департаменті 19 тамызда. С5+1 форматы 2015 жылы қарашада АҚШ пен Орталық Азияның бес елі арасында экономикалық интеграцияны дамыту, қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешу мақсатында құрылған. Бұған қоса Хейл Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктерімен “екіжақты кеңейтілген

  • Тарихыңды тани біл (яғыни Абақ Керейдің 12 руының ноқтағасы Ителі руы жайында)

    Байахмет Жұмабайұлы Тарих – әсте кешегіні аңсау емес, керісінше еске алу. Яғыни бабалар ізіне үңілу, бүгінгі бейбіт елдің кешегі тарихына көз жүгірту. Ендеше мынау бейбіт заман өткенімізге орай жаратып бергін абзалдылығына шынайы рахымет айтамыз. Біз ұлттар ара, рулар ара берекеге мән бере отырып, Қазақ тарихының ұсақ деталы болған рулық шежірені зерттеп анықтау, осы арқылы, ұлт, отан тіпті дүние тарихына өз есемізді қосу деген мақсатты алдыға ұстаймыз. Айырықша ескертеріміз: «зерттеуіміздің жеткен жері осы» дегендік емес, бұлар тек көзқарас. Әр дәуірдегі жазылым, айтылымдардан алған дәлелдер ғана. Енді бір рудан озу, биіктеу деген ойдан аулақпыз. Әрбір ру өзінің тарихына осылайша үңілер болса, мүмкін, ұлт тарихының негізі қаланар дегенді ескере кетпекпіз. Материялдық деректер Кеңесті

  • Тұрардың Қытайға құпия сапары

    ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларының халқы үшін атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Олардың ерен істерін әлі толық зерттеп-зерделеп үлгермей жатырмыз. Сондай тұлғаның бірі – Тұрар Рысқұлов. Бұл адамның қайраткерлік қабілеті Кеңес Одағы деңгейінен асып, Коминтерн өкілі ретінде әлемдік масштабтағы саяси істерге араласуына ықпал етті. Соның бір парасы – Азия құрлығындағы көшпенді жұрт Моңғолияның конституциясын жасап, елдің саяси-экономикалық дамуын социалистік бағытқа бұрып беруі. Істі тиянақтау үшін қайраткер аталмыш мемлекетке 1924 жылдың қазан айында барып, 1925 жылдың шілдесіне дейін 9 ай қызмет етті. Т.Рысқұловтың Моңғолияда атқарған еңбегі жайлы «Егемен Қазақстан» газетінің жылашар санында «Тұрардың Күредегі күндері» атты көлемді мақала жарияланған еді. Осы жазбада қайраткердің ол жақта атқарған жұмысы жайлы баяндалған болатын. Дейтұрғанмен Т.Рысқұлов осы

  • Қазақ патриот құрылысшысы

    11 тамыз күні, бұрынғы Кеңес Одағының аумағында құрылысшылардың кәсіби мерекесі атап өтілді. Еріксіз, менің досым Александр Владимирович Рязановты (1958-2009) еске алдым. Иә, биылғы тамыздың басында Одесса қаласына қысқа сапар шектім. Осы аймақта өмір сүретін Алекеңнің туысқандарымен қауыштым: бөле ағасы Александр Браилов, бөле қарындасы Оксана Позняк, бөле інісі Андрей Барбакар. Одесса аймағының құрамасындағы Измаил қаласында тұратын оның досы, журналис Александр Ободовскиймен сөйлестім. Зымырап өтетін уақыттың қарқыны соншама: биыл А.В. Рязановтың мезгілсіз қазасына дардай он жыл толды. Қайран Александр Владимирович әйгілі американдық эстрадалық әнші Майкл Джексондей (1958-2009) жарқыраған жұлдыздай өтті. Еліміздің құрылыс саласында Алекең де біртуар жұлдыз емей немене? Алайда, кең-байтақ мемлекетімізде күні бүгінгі дейін оның құрметіне бірде-бір көше, алаң, даңғыл аталмады.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: