|  |  |  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі Әдеби әлем

ДӘСТЕМ САЛ ҚАРАБАСҰЛЫ

scale_600-1
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы биылғы жылдың сәуір айында еліміздің бас газеті «Егем-
енді Қазақстан» газетінде жариялаған мақаласында туған жер тарихын, оның тәуел-сіздігі
мен бостандығы үшін күрескен тұлғалар есімін қайта жаңғыртуды ұсынды.
Осы ретте бүгінгі қазақ елінің солтүстігінде өмір сүрген ру-тайпалар тарихы осы күн-
ге дейін маман-тарихшылар назарынан тыс қалып келе жатқандығ белгілі. Бүгінгі жастар
түгіл ақсақалдардың өзі елдің кешегісі турал жарытып ештеңе айта алмайды. Оған оларды
кіналаудың өзі қиын сияқты. Кешегі кеңес үкіметі заманындағы қысаң саясат өткенімізді
білуге мұрша бермегендін қалай жасыра аламыз.
Қазақстанның солтүстігі мен Батыс Сібір өлкесі орта ғасырда біріңғай саяси-этника-
лық аумақ болған. Керейдің тайпасының Тайбұға әулеті негізін қалаған, тарихта «Сібір
хандығы» деп аталатын мемлекет аумағында тек керейлер ғана емес сонымен қатар уақ,
арғын,қыпшпқ тайпалары да мекен еткен. Қашлық немесе Искер(қазігі Тоболск қаласы)
және Шымғы Тура(қазіргі Түмен қаласынан алыс емес) қалаларын астана еткен Сібір
хандығы сол заманағы геосяси әрекеттеріне белсене араласқан. Ақыры «екі түйе сүйкенсе
арасында шыбын өледінің кебін киіп» Мәскеу мемлкеті мен Қазақ хандығы арасындағы
қам-қиғаш оқиғалардың нәтижесінде ХҮІІ ғасырдың басында өмір сүруін тоқтатты.
Сібір хандығы заманында бұл өлкеде талай тұлғалар ғұмыр кешкен. Бүгінгі қазақ бірін
білсе,бірін білмейді. Сондай бізге беймәлім бабамыз Дәстем сал Қарабасұлы. Қазақ
халқының XVII ғасырдың соңғы ширегі мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында өмір
сүрген суырып салма әнші-ақын, күйші, композиторлары мен халық батырларының бірі.
Дәстем сал 1677 жылы – жылан жылы, наурыз айының басында қазіргі Солтүстік
Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы «Благовещенка» (Жекекөл) совхозына
қарасты орманды, көлді, көк шалғынды өте әсем қоныстардың бірі Гүлтөбеде Қарабас
батыр Толыбай сыншы ұлының отбасында дүниеге келіп, әкесінен еншіге алған мекені –
қазіргі Қорған облысының Петухово ауданындағы Өзентал деген қалың ағашты қыс-
тауында 1752 жылы – мешін жылы сәуір айында ауырып қайтыс болған.
Өлеңге де, соғысқа,
Бірдей боп жүрген бөрімін.
Толыбай сыншы баласы,
Қарабас ердің ұлымын,
Халқын жаудан қорғаған,
Жас сардардың бірімін.
Ұстаз болған өзіме,
Қожаберген ағамыз.
Ақындық пен ерлікке,
Баулыған сол данамыз.
Ағам аты – Ер Асқап,
Өз есімім – Дәстем сал.
Қызылжар* деген өңірде,
Мекенім менің Өзен тал.-дейді өзінің «Дәстемнама» деп аталатын дастанында.
Дәстем бала кезінде ауыл молдасы Кәрімнен оқып, хадимше хат таниды. Одан кейін
оны әкесі Қарабас би Самарқандтағы медресеге оқуға береді. Себебі, онда Қарабастың
әкесі атақты қолбасшы батыр Толыбай сыншының туған нағашысы Кіші Жүз Алшын
ішінде Әлім ұлынан шыққан Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлының (өз тұсында Самарқанд
уәлаятын қоса билеген адам) немерелері ұстаз екен. Дәстем Самарқанд медресесін жақсы
оқып бітіріп, діни білім алып шығады. Бірақ медресе бітірген Қарабас батырдың өлеңші
баласының молда, не ишан, не иман болуына сол кездегі Еділ өзенінің батыс жағын
мекендейтін қалмақ шапқыншылары мен шығыстан Жоңғар қалмақ басқыншыларының
қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарына ешбір себепсіз жасаған жиі-жиі шабуылдары
мүмкіндік бермейді.

Дәстем ақын жігіт кезінде аталас туысы Тәшім батыр Сатыбалдыұлымен бірге сол
уақыттағы Үш жүздің ханы әз Тәукеге елшілік қызмет атқарады. Сонан соң ол әз Тәуке
хан Салқам Жәңгүрұлының ең даңқты әскербасыларының бірі болып қол басқарып,
дұшпардардың шабуылдарынан қорғауға белсене араласып, ірі-ірі ерліктермен зор
беделге ие болады.
1723 жылы жазда жоңғарлар қазақтың біраз жерлерін басып алғандығы белгілі.1734
жылы олар орыстарға қару – жараққа айырбастайды.. Елінен, жерінен айырылған қазақ
қосындары тек он жылдан кейін қайта оралып Дәстем Сал Қарабасұлы басқарған қол
Звериноголовск қамалын қоршауға алады. Орыстың жымысқы саясатын әбден меңгерген
қамал комендаты, шіркеудің попы және орыс көпестерді, саны басым қазақ әскерінен
қаймығып алдынан дәстүр бойынша нан мен тұз алып шығады.. «Звериноголовка
бүгіннен бастап бекініс те емес, казак-орыс станицасы да емес, қазақ пен орыс сауда
жасайтын базар, жәрмеңке орталығы орны болсын! Соған келісім – шарт жасайық, дос
болайық. Жер-су сіздердікі екенін мойындаймыз!»- деп жалынады. Бұған келіскен қазақ
рубасылары әскерін кейін қайтарыпты. Шарт жасасып, келісім-шартқа екі жағы да қол
қойыпты. Дәстем салдың талабы бойынша базар қазақ кенті мен орыс кентінің
аралығында болатын боп көрсетіледі. Звериноголовкада тәртіп орнату Амандос Ерменұлы
бастаған қазақ жасағына міндеттеліпті. Қазақша «Бағылан» аталған жәрмеңке күні кешеге
дейін екі халық арасындағы қарым-қатынасқа дәнекер болды.
Дәстемді ақындыққа, әншілікке, күйшілікке, балуандыққа, қолөнершілікке және
басқа да өнердің көптеген түрлерін меңгеруге баулыған оның ағасы Қожаберген жырау
екен. Бұл Дәстемнің ерлігі әйгілі қолбасшы-баһадүр Қожаберген жыраудың (1663-
1763ж.ж.) 1723 жылдың күзінде қазақ, ноғай, қарақалпақ, Сібір татарлары халықтарына
келген өте ауыр апатты өз көзімен көріп, жұртпен бірге зор қиыншылықты өз басынан
кешіргендігін шынайы түрде суреттеп шығарған «Елім-ай!» жырында кең орын алған.
Дәстем сал Қарабасұлының «Дәстемнама» хиссасын 1956 жылы 24-25-26 шілде күндері
қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданындағы Петровка (Баян) селосы-ның
тұрғыны, пенсионер-қарт, белгілі шежіреші Қожахмет Дәрібайұлынан жазып алған белгілі
қазақ ауыз әдебиетінің білгірі, дүниеден мезгілсіз кеткен Қаратай Биғожин. Қожа-хмет
ақсақал «Дәстемнама» жырын өз әкесі Дәрібай Малшыбайұлы әншіден жазып алыпты.
Көлемі 200 шумақ, «Дәстемнама» жырында қазақ жігіттерінің Ермак қанішердің
жорықтарына қарсылығы баяндалады. Дастанның бірталай шумақтарды баспасөз бетінде
тұңғыш рет «Орталық Қазақстан» газетінде, Жамбыл аудандық газетінде,Ахмет Бай-
тұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде шығатын «Жас өркен»
журналында жарияланды. Аталған екі газеттің де Қостанай оқырмандарына беймәлім
екендігін, ал жорналдың тиражының мардымсыз екендігін ескеріп «Біздің Қостанай» ар-
қылы оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.

Аманжол Күзембайұлы
тарих ғылымдарының докторы,профессор.

kerey.kz

Related Articles

  • ӘМІР ТЕМІРДІҢ ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ҚАЛДЫРҒАН ҮШ ЕСКЕРТКІШІ

    Орта ғасырдағы қазақ тарихынан ӘМІР ТЕМІРДІҢ ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ҚАЛДЫРҒАН ҮШ ҰЛЫ ЕСКЕРТКІШІ 1.Әмір Темір 1397-99- жылдары Яссауи мовзелейін салдырған. 2 Әлемде теңдесІ жоҚ, салмағы екі тонналық ТАЙҚАЗАНДЫ (Өнер туындысы) ҚҰЙДЫРҒАН. 3 . Ұлытаудың Алтын шоқы деген төбесінде үлкен қара тасқа араб және шағатай тілінде жазу жазып қалдырған. (Бұл тас қазір Эрмитажда тұр) Әмір Темір1370- жылы Мауреннахр билігіне келді. Айналдырған он жылдың ішінде Әмір Темір Ауғанстанды, батыс Үндістанды , батыс Қытайды, Парсы елін, Араб елдерін , Қап тауы елдерін бағындырып, Осман империясының падишағы Баязитті жеңген. Ә,ТЕМІРГЕ аз уақыттың ішінде жиырма алты мемлекет бағынышты болған. 1380-жылдары Алтын Орда әлсіреген кезде Алтын Орда тағына Ә.Темір Тоқтамысты отырғызған. Тоқтамыс Маңғыстаудағы Орыс хан өлтірген Түй

  • Қарамолада кімдер жерленген?

    Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толып, елімізде кеңінен аталып өткені белгілі. Ұлы ақынның мерейтойын лайықты атап өту үшін Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында да ауқымды іс-шаралар жоспарланып, іске асты. Солардың бірі ақын төбе би болып сайланып, «Қарамола ережесін» қабылдаған Қарамола мекенін қайта жаңғырту жұмыстарын атап өтуге болады. Қуанышты өзгерісті өз көзіммен көрейін деген ниетпен, әрі жас ұрпаққа өнегелі тәрбие болсын деген оймен бала-шағамды ертіп, Қарамолаға ат басын бұрдым. Тарихи мекенге апаратын жол қиылысына арнайы белгі қойылып, жолы қалыпқа келтіріліп, 1995 жылы (Абайдың 150 жылдығында) арнайы қойылған ескерткіш тақта маңы қоршалып, абаттандырылыпты. Осы ескерткіштің оң жағында, таяқ тастам жерде ескі қорым зираты орналасқан. Ол жерге кезінде жерленген ата-бабаларыма құран бағыштайын

  • Балалар әлемінің елшісі…

                                    Кемел ой мен келісті сыр тоғысқан, сұлу сезім мен мұңлы шер шарпысқан көрікті де көркем шығармалардың шебері – Сапарғали Бегалин. Биыл, 2020 жылы қазақ прозасына өзгеше өрнек, жаңа леп, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, әдебиетіміздің поэзия, проза жанрларында тартымды, толымды шығармалар берген көрнекті суреткер Сапарғали Бегалинге 125 жыл толып отыр.         Сапарғали Бегалин 1895 жылы қараша айының 24 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында дүниеге келген. Табиғатынан зерек, ұғымтал балаға оқу оқыған, білім алған өте ұнайды. Содан ол ауыл молдасынан дәріс алып, ескіше хат таниды. 1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген. 1929-1935

  • ГЕОЛОГ ҒАЛЫМ С.КАМАЛОВҚА 85 ЖЫЛ

    Қазақстан экономикасы үшін үлкен маңызға ие кен орындарын ашқан ғалым Камалов Сухан Мақсұтұлы еліміздің тарихында елеулі орын алар тұлға. Бүкіл саналы ғұмырын өз отанының дамуы мен гүлденуіне арнаған білікті геолог Камалов С.М. көзі тірі болғанда биыл 85 жасқа толар еді. Камалов С.М. 1935 жылы желтоқсанның жиырма бірінші жұлдызы Орал облысының (бұрынғы атауы) Қазталов ауданына қарасты Асан-Құдық ауылында дүниеге келген. Бала кезінен ол өз күшіне ғана сенуге бейімделеді, осы кезден оның бойында қайсарлық мінезі мен табандылық, еңбекқорлық қасиеттері қалыптасады. Өткен ғасырдың елуінші жылдары мектепті бітірген ол, сол кездегі қол жетпейтін, арман мамандықтардың бірі жер қойнауында қазынаны зерттейтін геолог мамандығына қызығады. Осы мамандықты Қазақ мемлекеттік университетінде бітірген ол басында тәжірбие жинау үшін

  •        Қазақ поэзиясының тәңірі…

                          Биыл, 2020 жылдың 10 тамызында ұлы ақын, ағартушы, ғұлама, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ халқының мақтанышы, қазақ әдебиетіндегі қайталанбас зор тұлға Абай Құнанбайұлына 175 жыл толды. Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс.                                                    Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысындағы Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келіп, 1904 жылы дүниеден қайтқан. Абай өзінің балалық шағын әжесі мен анасының қасында өткізді. Болашақ ақын ел анасы атанған Зере әжесінің таусылмайтын аңыз-ертегілерін естіп, сөзге шебер Ұлжан анасының тәрбиесін көріп өсті. Ол ауыл молдасынан дәріс

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: