|  | 

Жаһан жаңалықтары

Қытайдағы вирус бой бермей тұр. Қазақстан сақтық шараларын күшейтті


Пекин орталығында жүрген адамдар. 22 қаңтар 2020 жыл.

Пекин орталығында жүрген адамдар. 22 қаңтар 2020 жыл. 

Қытай билігі 29 қаңтарда елде коронавирус жұқтырғандар саны 5974 адамға жеткенін, 132 адамның қайтыс болғанын хабарлады. Қазақстан көрші елдегі жағдайға байланысты автобус, теміржол және ұшақ рейстерін уақытша тоқтатып, Қытай азаматтарына виза беруге шектеу қойды.

Қытай билігі қазір елде 9239 адамның вирус жұқтыру күдігімен дәрігерлер бақылауында екенін мәлімдеді. Қытайдағы коронавирустың өршуінен кейін Қазақстан 29 қаңтардан бастап екі ел арасында қатынайтын автобустарды, 1 ақпаннан бастап Алматы – Үрімжі, Нұр-Сұлтан – Үрімжі, Достық – Алашанькоу, Алтынкөл – Қорғас бағытындағы пойыздарды, 3 ақпаннан бастап ұшақтарды тоқтатпақ. Екі ел арасында қазақстандық Air Astana, SCAT және қытайлық China Southern Airlines, Air China әуе компаниялары тұрақты түрде рейс ұшырады. Үкімет 3 ақпаннан бастап Қытайға сапарламақ болған азаматтар билеттерін қайтара алатынын хабарлады.

Нұр-Сұлтан Қытай азаматтарына 72 сағаттық транзит визасын және негізгі визаны беруді де уақытша тоқтатты.

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің сөзінше, қазір Қытайдан Қазақстанға келген 35 адам ауруханаға жатқызылған. Олардың 27-сіне тұмау диагнозы қойылған. Ал сегіз адамның анализінің нәтижесі жақын күндері шығады.

Фактчек: “Короновирус тарағаны” жайлы хабарламалар қаншалықты рас?

Қазақстан 4-8 ақпанда Нұр-Сұлтанда жоспарланған теннистен әйелдер арасындағы Федерация кубогының Азия аймағы бойынша жарысын өткізуден бас тартты. Бұл турнир бұған дейін Қытайдың Дунгуан қаласында өтуі тиіс болған. Кейін Халықаралық теннис федерациясы жарысты өткізуді Нұр-Сұлтанға ұсынған. Бұдан бөлек, Қазақстан спорт комитеті 12-16 ақпанда Нұр-Сұлтанда жоспарланған су добынан Токио олимпиадасына іріктеу жарысы да өтпейтінін мәлімдеді.

Бұған дейін Қазақстанда белсенділер биліктен теннис турнирін өткізбеуді, Қытаймен шекараны толық жабуды талап еткен. Үкімет шекара жабылса, Қытайда қалған қазақстандықтар елге келе алмай қалатынын айтқан. Қазақстанның азаматтық авиация комитеті Қытайда қалған қазақстандықтарды шығару үшін қосымша рейстер жіберілетінін мәлімдеді. Қазақстан билігі вирус ошағы Ухань қаласында қалған қазақстандық 98 студентті эвакуациялау үшін Қытай үкіметімен ақылдасып жатқанын, арнайы борт дайын тұрғанын хабарлаған.

Денсаулық сақтау министрлігі қазір жедел түрде 3 миллион медициналық маска сатып алатындарын мәлімдеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай вирусты жеңе алады деп сенетін. Бірақ дерттің асқынуына байланысты қазір вирус ошағы Уханьда жүрген шетелдіктер жаппай кетіп жатыр.

Уханьда тараған вирус жұққандар саны бойынша 2002-2003 жылы Қытайды әуреге салған SARS асып түсті. SARS вирусынан 600-ден астам адам өлген.

Қазір Қытайда өршіп тұрған вирустың белгілері – жөтел, температура. Бұдан бөлек, бұл вирусты жұқтырған адамның тыныс алуы қиындайды.

Қытай вирус алғаш тіркелген Хубэй провинциясындағы 17 қаланы жауып тастады.

Австралия Қытайда жүрген 600 азаматын алып кету жағын қарастырып жатыр. Еуропа одағы елдері, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания және Солтүстік Корея да Қытайдағы азаматтарын әкетуді бастап кетті.

Әлемдегі әуе компанияларының көбі Қытайға ұшатын рейстерін тоқтатып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазір Қытайдағы вирусқа байланысты халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялау мәселесін талқылап жатыр.

14 миллион тұрғыны бар Ухань каласының көшесінде. Хубэй провинциясы, Қытай, 28 қаңтар 2020 жыл.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Үйден шықпаймыз”. Қытайдағы қазақстандықтар коронавирус жайлы

Вирус Уханьдағы теңіз өнімдері базарынан тараған. Кейбір ақпарат құралдарының жазуынша, базар 1 қаңтарда жабылғанға дейін онда теңіз өнімдері ғана емес, жарқанат, тауық, қоян мен жылан заңсыз саудаланып келген. 22 қаңтар күні “Медициналық вирусология” журналында зерттеу жариялаған ғалымдар “вирустың жыланнан тарағанын” жазды. Мұны растайтын не жоққа шығаратын зерттеулер әлі жарияланбады.

South China Morning Post, AP, AFP, Reuters ақпараттары негізінде жазылды.

Азаттық радиосы

Related Articles

  • Лукашенко Ресейдің Қазақстанға мұнай тасымалдауға рұқсат бермей отырғанын айтты

    Беларусь президенті Александр Лукашенко. Беларусь президенті Александр Лукашенко 21 қаңтарда Минск қаласында мұнай тасымалдау мәселесіне арналған жиында “Ресей Қазақстанға Беларусьқа мұнай сатуға рұқсат бермей отырғанын” айтты. “Қазір расымен Ресей мұнайын толық алмастыратын басқа көз жоқ. Мұнайды жан-жақтан алу керекпіз. Бәрібір мұнайдың 30-40 пайызын Ресейден сатып аламыз. Қалғанын30 пайызын Балтық елдерінен, 30 пайызын Украинадан алуымыз қажет. Егер Ресей келіссе, Қазақстан да бізге мұнай жеткізіп бере алады. Біздің бір одақтасымыз екінші одақтасымызға мұнай тасымалдауға келісім бермей отырғаны таң қалдырады” деді Лукашенко. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей Беларусь еліне мұнай тасымалдауды тоқтатқан. Осыдан соң Беларусь елінде мұнай тапшылығы басталды. Лукашенко мен Ресей мұнай тасымалдау туралы бірнеше рет келіссөз жүргізгенімен нәтиже шықпады. Азат

  • Трамп: Иранның шабуылынан америкалықтар мен ирактықтар зардап шеккен жоқ

    АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде мәлімдеме жасап тұр. Вашингтон, 8 қаңтар 2020 жыл.  8 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде мәлімдеме жасап, Иранның шабуылынан “америкалықтар мен ирактықтар зардап шекпегенін”, әскери база аздап зақымданғанын айтты. Тегеран 8 қаңтарда “генерал Сүлейманидің өліміне кек алу үшін” АҚШ-тың Ирактағы әскери базасын балистикалық зымыранмен атқылаған. Иранның мемлекеттік арналары “зымыран діттеген жеріне жетіп, 80 адамды өлтіргенін” хабарлаған еді. Ислам революциясы корпусына қарасты “Құдс күштерінің” қолбасшысы Сүлеймани 3 қаңтарда Бағдатта АҚШ-тың әуе шабуылы кезінде қаза тапқан. Осыдан кейін Тегеран мен Вашингтонның арасы тым ушығып кеткен. Трамп 8 қаңтардағы мәлімдемесінде Тегеранды “халықаралық терроризмді қолдап отыр” деп айыптап, “Иранға салынатын санкция күшейетінін” мәлімдеді. Трамп өз сөзінде “қолы қанға малынған

  • Трамп егер Тегеран соққы берсе, Иранның 52 нысанына шабуыл жасайтынын ескертті

    АҚШ президенті Дональд Трамп. АҚШ президенті Дональд Трамп егер Тегеран америкалық нысандарға соққы берсе, Иранның 52 нысанына “өте тез әрі күшті” соққы жасайтынын ескертті. “Иран АҚШ-тың кейбір нысандарына шабуыл жасайтыны туралы ашық айтып жатыр. Олар бізден әлемді террористен құтқарғанымыз үшін кек алғысы келеді. Ол [генерал Касем Сулеймани] басқа адамдарды айтпағанда бұған дейін америкалық сарбазды өлтіріп, өте көп адамды жаралады. Оның қолынан зардап шеккендер арасында шеруге шыққандар да бар” деп жазды 4 қаңтарда Трамп Twitter-дегі парақшасында. Оның айтуынша, Касем Сулейманидің Бағдаттағы АҚШ елшілігіндегі шабуылға қатысы бар және өзге де нысандарға қосымша шабуыл жасауға тырысқан. “Иран ұзақ жылдар бойы тек проблема жасаумен болды. Бұл оларға ескерту болсын: егер Иран америкалықтар мен америкалық

  • ДАУДЫҢ БАСЫ ДАЕШ-тен 2

    Eldes Orda Естеріңізде болса өткен жылдың қазан айында аталмыш тақырып аясында алғашқы постымды жариялаған едім. Одан бері бір жылдың көлемінде аймақтық стратегиялық саясатта көп өзгерістер түбегейлі орын алып жатыр… Сирия аумағындағы ДАЕШ-тің негізгі қарулы күштері дәл бүгінгі уақытта Ауғаныстан аймағына топталып болып қалды десек те болады. Сириядағы ДАЕШ күші соңғы кездері әлсіреді де, негізгі қарулы топтар Орталық Азияны бетке алып Ауған топырағына ағылып кете барды. ДАЕШ-тің Сирия аумағындағы осы бір өлара әлсіз тұсын жіті бақылап отырған Қазақстан “Жусан” жобасын ұйымдастыра қойды да өңірдегі қандастарымызды елге әкеліп алды. Бірақ, мынаны анық білуіміз керек, өңірдегі саяси ойын бұнымен біткен жоқ, өңірдегі саяси ойын енді басталуы бек мүмкін… 2017′ден бері Сирия аумағынан және

  • АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейл Нұр-Сұлтандағы саммитке қатысады

    АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейл. АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хейл 20-23 тамыз аралығында Орталық Азия елдеріне ресми сапармен келеді. Сапардың негізгі мақсаты – 21 тамызда Нұр-Сұлтанда өтетін Орталық Азиядағы бес елдің жоғары деңгейдегі жиынына қатысу. С5+1 деген атаумен белгілі жиын барысында Хейл Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстан сыртқы істер министрліктері өкілдерімен келіссөздер өткізеді. “Олар Орталық Азиядағы қауіпсіздік, даму және қарым-қатынасты бірлесіп нығайту жайын талқылайды” деп хабарлады АҚШ мемлекеттік департаменті 19 тамызда. С5+1 форматы 2015 жылы қарашада АҚШ пен Орталық Азияның бес елі арасында экономикалық интеграцияны дамыту, қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешу мақсатында құрылған. Бұған қоса Хейл Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктерімен “екіжақты кеңейтілген

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: