|  |  |  |  | 

Зуқа батыр 150 жыл Тарих Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл

ОСПАН БАТЫРДЫҢ КҮРСІНІСІ

OSPAN BATIR

ОСПАН БАТЫРДЫҢ КҮРСІНІСІ

(бүгін 29 сәуір Оспан батырдың шаһид болған күні)

 

Атын айтқысы келмеген Алтайлық қария мынадай әңгіме айтты:

Әкем Оспанның бас сардарларының бірі болды. Қанды көйлекті бірге киіп не бір ауыр күндерді бірге кешіп еді. Мен сол төңкеріс жылдары 16-17 жастағы бозбала едім. Мылтық атуды білсемде соғысқа қатыспай көбінде арттағы мал-жанға бас көз болып ауылда қалатынмын.

Оспан батыр атақ даңқы шығып, тасы өрге домалап тұрған кезде ірі шайқастарға болмаса, әдеттегі күрестерде батырларының насихатымен өз ордасында қалатын. Сондай күндердің бірінде батыр ауылда қалған бір топ жігітті шақырып алып:

̶     Жә, жігіттер, тектен-текке қарап жатамыз ба? Бөктерде жатқан жылқылар не болды? «Біреу тойға айналғанда, біреу қойға айналады»,      деп жігіттердің бәрі ұрысқа кеткенде, жылқыны біреулер қуып жүрмесін. Бір жағы айналаны қарауылдап, бір жағы ат үсті сергіп, жылқыларды байқап келейік,  ̶  деді.

Бәріміз қуана мақұлдадық. Ауылда қалған аз ғана жігіт атқа ер салып, батырға ілестік. Біраз жерді шарладық. Сартоғайдың басы, Бәйтік-Қаптыққа қараған беті биік адырлардың арасы ат аяғы алғысыз қалың ақ жаңқа адам сүйегі. Қалың сүйектен ат сүрінетіндей әзер жол тауып, биік қырқаның басына шықтық.

Батырдың қасындағы жігіттердің бірі сай тағанындағы ақ жаңқа сүйекті қамшысымен нұсқап тұрып:

̶                        Батыр, сізде арман жоқ шығар. Мына жатқан мыңдаған қытайдың ақ жаңқа сүйегін көргенде кегімізді  аямай қайтарғанымыз байқалады,  ̶  деді. Ошыңның бетіне мақтанышпен қараған оның күткені болмады.

Бәріміз оның жүзіне қарадық.

Батырдың сабырлы жүзі тұнжырап, мұңая күрсінді:

̶                        Е, е, – деп дауысын соза тереңнен күрсінді, ̶  мына мыңдаған қытайдың бас сүйегі хан тұқымы дутың Шәріпхан Көгедаетың басының, қарадан шығып хан болған Мәми ұлы Мәңкейдің басының садақасына тати ма,  ̶  деп қатуланып кішкене бөбек  аталатын кішкентай саусағын шошайтты.

̶                        Мына қалың бас бір басы мыңға бергісіз боздақтардың басы түгіл шынашағына да татымайды. Ондай асылдар енді туа ма, жоқ па, кім білсін!

Батырды желпіндірмек болған сөз оның көкірегіндегі жараны тырнап алғандай  болды. Бәріміз де үнсіз қалдық.

Батыр айналаға, алыс адырларға мұңмен қарайды.

Шәріпхан Көгедаев деп отырғаны Әбілпейіз ханның шөпшегі. Хан тұқымы, Алтай қазағының басшысы болған әйгілі тұлға еді. Мәңкей Мәмиұлы да Алтай қазағынан шыққан төрт бидің бірі Көкен бидің шөбересі. Екеуі де сол кездегі Шынжаңның қытай билеушісі Шың Шысайдың қолынан жауыздықпен өлтірілген. Оспан батырдың меңзеп отырғаны осы екеуінің өлтірілгенін айтқаны еді.

Міне, балалар, Оспан батырмен бір реткі аз ғана сапарластық сәтінде осындай әңгіміеге куә болып едім,  ̶  деп қартым әңгімесін аяқтады.

Жәди ШӘКЕНҰЛЫ

Қазақстан Жазушылар одағының,

Еуразия жазушылар одағының мүшесі.

Дерек көзі : kerey.kz

 

Related Articles

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: