|  |  | 

Тарих Тұлғалар

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІМЕН БАЙЛАНЫС ЖАСАҒАН НЕМІС ПРОФЕССОРЫНЫҢ БАЛАСЫ ПЕРУ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ БОЛДЫ

Alash orda

Күні кеше ғана Перу елінде өткен Президент сайлауында басым дауыс жинап, мемлекет басшысы болып сайланған Пабло Педро Кучинский Алаш қайраткерлерімен шығармашылық байланыста болған дәрігер, ғалым Макс Кучинскийдің (1890-1967) баласы болып табылады.

Германияда туып-өскен ұлты еврей, билікке фашистер келгеннен кейін Латын Америкасына қоныс аударған Макс Кучинский өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарында Алаш зиялыларымен шығармашылық байланыс жасаған. Ол Алаш көсемі Әлихан Бөкейханмен таныс болған және 1924 жылы жаз бойы қаламгер Қошке Кемеңгерұлымен бірге Қарқаралы, Семей өңірінде экспедиция жүргізген физиолог, антрополог, бактериолог, әлеуметтік медицина, географиялық медицина мәселелерімен айналысқан белгілі оқымысты. Қазақтың тұрмыс-тіршілігімен танысқан Макс Кучинский сол сапардан кейін еліне барып, неміс тілінде «Дала және оның тұрғындары» атты зерттеу еңбегін жарыққа шығарған. Кітап 1925 жылы Ляйпциг қаласында басылған. Алғы сөзінде Макс Кучинский кітаптың жазылуына көмек білдірген Әлихан Бөкейханға және жазушы Қошке Кемеңгерұлына алғыс білдіреді.
1924 жылғы экспедиция жайында қаламгер Қошке Кемеңгерұлы «Жол әсері» атты көлемді зерттеу мақала жазды. Еңбек Семейден шығып тұрған «Қазақ тілі» газетінде жарық көрді. Қошкенің «Жол әсері» зерттеуі «Тазалық», «Жалпы жай», «Денсаулық жайы», «Кооператив жайы», «Оқу жайы», «Салық жайы», «Отырықшылық жайы», «Өткен тұрмыстың белгілері», «Қорытынды сөз» деген қысқа бөлімдерге жіктеліп, олардың әрқайсысында автор қазақ халқының өмір салты, оқу ісі, денсаулығы мен жаңа өмірге бейімделіп жатқан тұрмыс-тіршілігі жайында мәдени-этнографиялық мәлімет береді. Мақаланың қысқаша үзіндісі төмендегідей:
«Германиядан келген Берлин университетінің профессоры доктор Кучинскиймен Семей уезіне қараған Бұғылы, Шыңғыс, Меңдеш болыстарын, Қарқаралы үйезіне қараған Ағанды, Абралы, Кент, Ақсары, Дастар, Ақбота болыстарын шет пұшпақтап аралап түстім. Профессордың мақсаты қазақ арасындағы ауру түрлерін, қандай аурудың көбірек тарауы, тазалық шарттарын тексеру еді. Және де қазақ елінің жалпы тұрмысымен танысу еді. Профессордың елді аралап аз уақыттың ішінде алып қайтқан қорытынды пікірі мынау: Бұрын қазақпен кітап арқылы да таныстығым жоқ еді. Германияда ең маңызды жағрапия Зейдл дегендікі. Сонда қазақ туралы екі-ақ жол бар. Қазақ көшпелі, мекені киіз үй, баққаны мал деген. Енді байқап қарасам, қазақ туралы екі жол емес, әлденеше түп кітап жазуға болады екен. Көшпелі тұрмысқа қолайланған. Мәдениеттен қазақ туралы екі-ақ жол бар. Қазақ көшпелі, мекені киіз телері өте шеберлікті көрсетеді. Мал баққан ел әнші келеді деген пікірді қазақ елі айқын дәлелдейді. Қазақтың кейбір әндері Венгриядағы мадиярлардың әніне ұқсас. Қазақ өң жағынан бір атадан өрбіген емес. Өйткені кейбір қазақтар өңдес Германияда, Италияда, Жапонияда, Орталық Америкада кездеседі. Әсіресе соңғы айтылған ауданда қазақ өңдес көп. Бұл антропологияның (адам өңін тексеретін пән) тереңнен тексеретін зор мәселесінің бірі болу керек»…
Макс Кучинский мен Қошке Кемеңгерұлы экспедициясының тарихи негізі мен тағылымы жайында алаштанушы ғалым Дихан Қамзабекұлы «Алаш зиялылары және неміс профессоры» атты көлемді мақаласында жан-жақты мәлімет береді. Ахат Шәкәрімұлының естелігінде Макс Кучинскийдің Абай еліне келгендігі, Шәкәрім қажының ауылында қонақтағаны, онда Мұхтар Әуезұлы, Қошке Кемеңгерұлы бірге болғандығы жайында құнды дерек келтіріледі.
Осылайша, Шәкәрім қажымен тілдескен,Әлихан Бөкейханмен шығармашылық байланыс жасаған, Алаш зиялыларын еңбегінде атаған Макс Кучинскийдің баласы бүгін 30 миллион халқы бар Перу Республикасының Президенті болып жатыр. Перудің Президентіне Алаш пен Әлихан жайында хабар жеткізсек, мүмкін ол Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойын өз елінде жоғары дәрежеде атап өткізер.

Қайырбек Кемеңгер дың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: