|  |  | 

kerey.kz TV Тарих

ОРДОС ЖАЗЫҒЫНДА ҚАЗАҚ РУЛАРЫ ҚАЙДАН ЖҮР?

Материалда белгілі түрколог-ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы Қытайдың Ордос жазығындағы түркі тайпаларының қоныс аударуы, олардың қытайланып кеткені туралы шынайы баяндайды- e-history.kz порталында.

    Шығыс Азияда  Амур өзені бар. Сол Амурдың бер жағында Сяньби деген тау болған. Бұл таулы өлкені ерте кездерден түріктер мекен еткен. Бірақ жері суық, қатал ауа райы болған. Сібірге жақын аумақ. Сол сяньби тауын мекен еткен түріктер ауа райының қаталдығына орай, қазіргі Қытайдың Ішкі Моңғолия аумағындағы Ордос жазығына қарай қоныс аударған.

   Ордос жазығы Ішкі Моңғолияның астанасы Хөх хөттан (Көк қала) 150 шақырым жерде орналасқан. Қытайлар ол жерді «ҚТ» қолтығы дейді. Сонда қыс болмайды. Жері жартасты ма деп ойлайтынмын. Бірақ жартасты емес. Үлкен-үлкен тау сияқты адыр-адыр құм таулар болады. Таза құм емес, топырақ сияқты таулар. Жерінде бұталар көп өскен. Жері шұрайлы, жылы болып келеді. Бүгінгі күні сол аймақ – орталық Қытайды көмірмен қамтамасыз етіп отырған негізгі экономикалық аудан.

  Ордостың шұрайлы жеріне жоғарыда мен сөз етіп отырған Сяньби түріктері ерте ғасырларда көшіп келеді. Мемлекет құрады. Сол уақыттан қытайлармен соғысып, бірде жеңіліп, бірде жеңіп отырады. Сол ғасырда Сяньби түріктерінің саны 10 мың болған. Олар көшпелі өмірді тастап, малдарын құртып, киіз үйлерін өртеп қытайланып, қытай дәстүріне еніп кетеді. Оған тікелей әсер еткен хандары болатын. Осылайша Сяньби түріктері жер еміп, қытайланады. Бұл б.з. 3-4 ғасырлары болатын. Сол уақытта 10 мың болған халқыңыз, бәлкім бүгін 100 млн болған шығар. Кім білсін.

     Ендігі қызықты айтайын, сол түріктердің ішінде бұрын мен керей, найман, меркіт сияқты қазақ тайпаларының бар екенін білетінмін. Қоңыраттар, қияттар да бар. Енді, биыл  сол елге барғанымда қаңлы мен үйсіннің бар екенін білдім. Біздер облыс орталықтарының аудандарын Сайрам, Сарыағаш немесе Аршалы аудандары деп атасақ. Ішкі моңғолдар кәдімгідей картасына моңғол әрпімен Керей ауданы, Найман ауданы, Қоңырат ауданы, Үйсін ауданы, Қаңлы ауданы деп жазып тастапты. Сосын мен таңырқап:

– Үй, сендерде қаңлы мен үйсіндер бар ма?

– Бар.

– Өй, өтірік айтасыңдар! Қалайша олар, болуға тиісті емес қой, – дедім. Сосын мені, университеттің проректоры үйсіндерге ертіп барды. Барсам, кәдімгідей моңғол шапан киген қомпиған таза моңғол отыр. Мен моңғолша жақсы сөйлеймін ғой, мен моңғолша сөйлесем  әлгілер таңғалып, таңырқайды.

– Сіз Қазақстаннан келдіңіз. Қалайша моңғолша жақсы  сөйлейсіз?

– дейді. Сосын мен айтам

– Біздің елдің тәртібі қатал. Егер сол елдің тілін білмесен шетелге шыға алмайсың, сол үшін мені моңғол тіліне дайындаған, – деп өздерін қатырдым. Өзімше мақтандым оларға. Қазақ та жүрген жерінде туған елінің туын көтеріп жүр демей ме. Әлгі үйсіндердің таңғалғаны рас.

  – Не деген күшті дайындайды, сізде акцент жоқ.   Сосын ду-ду әңгімеге кірісіп кеттік. Олар арағын құйды. Етін асқан, ірімшік, құрт-майын әзірлеген. Дәстүрлері қазақтарға көп ұқсас екен.  Сосын әңгіме барысында олардан сұрадым.

– Неге сендер үйсінсіңдер, қашан келдіңдер? – деп.

– Білмейміз, әйтеуір үйсінбіз, – дейді. Сосын қаңлыға барсам, біз қаңлымыз дейді. Тіпті қаңлы дейтін қала да бар екен. Сонда мына екі халық бір-бірімен (түрік пен ішкі моңғол) керемет араласқан. Тарихшы Рашид-ад-Динде жазады:  «мынандай, мынандай түрік тайпалары бар. Мынандай, мынандай моңғол тайпалары бар. Түріктер күшейгенде бұлардың барлығы түрік болып кеткен. Шыңғысхан заманында моңғолдар күшейіп, бұлар моңғолдың қол астына кірген» дейді. Енді бір ерекшелік, сол екі халық бір-бірімен Шыңғысхан заманында ешқандай аудармасыз сөйлесіп келген. Бірақ бүгінде қытайланып кеткен Сянби түріктері туралы әлі зерттеу жоқтың қасы. Жазып алған: Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ

 e-history.kz

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: