|  | 

Саясат

Сайлаудан соң Мәскеу мен Вашингтон арасы нашарлай ма?

Солдан оңға қарай: АҚШ президент сайлауына түсіп жатқан кандидат Дональд Трамп, Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ президент сайлауына түсіп жатқан кандидат Хиллари Клинтон.

Солдан оңға қарай: АҚШ президент сайлауына түсіп жатқан кандидат Дональд Трамп, Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ президент сайлауына түсіп жатқан кандидат Хиллари Клинтон.

Ресей мен АҚШ-тың арасындағы қарым-қатынас өзгерді және бұған сайлаудың қатысы жоқ.

2013 жылғы қаңтарда мемлекеттік хатшы қызметінен кетерде Хиллари Клинтон президент Барак Обамаға Ресеймен қалай сөйлесу керек екені жайында кеңес берген. Клинтон бір жылдан кейін жарық көрген «Ауыр күндер» атты естелік кітабында «Президентке алда ауыр күндер тұрғанын, Мәскеумен арадағы қарым-қатынастың бұзылатынын ашық айттым» деп жазды. Оның айтқаны айдай келді: көп ұзамай Ресей-Америка қарым-қатынасы бұзылды, енді оның қашан қалпына келетіні белгісіз.

Сауалнамаларға қарағанда, қаңтар айында Клинтон Ақ үйге келеді. Тіпті қарашаның 8-індегі сайлаудан соң республикалық партия атынан үміткер Дональд Трамп жеңген күннің өзінде көп нәрсе өзгере қоймайды, себебі Ресей-АҚШ қарым-қатынасы мүлде нашарлаған.

Қырғиқабақ соғыс кезіндегідей қазір де АҚШ-тың сыртқы саясатында Мәскеу ерекше орын алып тұр. Кіші Джордж Буштың билікте болған кезінде Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде Ресей жөніндегі сарапшы болған Томас Грэм«Қазір біздің қарым-қатынасымыз көп жылдан бергі ең нашар жағдайға жеткен» дейді.

Обама президенттігінің бірінші кезеңінде Ресеймен қарым-қатынасты «қайта жаңғыртпақ» болған. Алайда, әу бастан-ақ әлдене дұрыс болмады.

Ресей Грузияның аумағына басып кіріп, жерінің бір бөлігін оккупациялағаннан жеті ай өткен соң Хиллари Клинтонның қатысуымен өткен шаралар басталды. Екі елдің арасының нашарлауына Ресейдің «гейлерді насихаттауды» қылмысқа жатқызған заңы, Мәскеудің адам құқықтарын бұзуына байланысты АҚШ салған санкциялар сияқты басқа да факторлар әсер етті.

Ресей-Грузия соғысы кезінде оққа ұшқан баласын құшақтап жылап отырған Грузия азаматы. Грузия, Гори, 9 тамыз 2008 жыл.

Ресей-Грузия соғысы кезінде оққа ұшқан баласын құшақтап жылап отырған Грузия азаматы. Грузия, Гори, 9 тамыз 2008 жыл.

Дегенмен Украинадағы 2014 жылы болған оқиғалар ең шешуші әсерін тигізді. Мәскеуге бүйрегі бұратын президент Януковичті орнынан түсіргенге қарсылық білдірген Ресей Қырымды басып алды және атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан, Киевке қарсы соғысып жатқан сепаратистерді қолдап отыр. Оның үстіне, Мәскеу азамат соғысына киліккен Сирия президенті Башар Асад билікте ұзақ қалуы үшін оған үлкен әскери жәрдем беріп келеді. Бұл АҚШ-тың халықаралық ықпалын төмендетіп, Ресейдің Таяу Шығыстағы рөлін арттырады.

«Ресеймен арада үлкен мәселе бар екенін қос партия да біледі, сондықтан бұрынғыдан да қатаң жауап беру керек деп санайды» дейді Грэм. Оның айтуынша, жаңа басшылықта «қарым-қатынасты қайта жандандырып, Ресеймен конструктивті диалогты бастайық» деп айтатын ешкім болмайды.

Нью-Йорк бизнесмені Дональд Трамп Владимир Путинді жиі мақтайды. Қыркүйектегі бір сөзінде ол Ресей президенті «елдегі жағдайды жақсы бақылап отыр» және «біздің президентке қарағанда анағұрлым жақсы басшы» деген.

Дональд Трамп.

Дональд Трамп.

Оның үстіне ол «Ислам мемлекеті» содырлар ұйымы (ИМ немесе ДАИШ) мен терроризмнен келетін ортақ қауіп-қатерді тойтару үшін Мәскеу мен Вашингтон арасында әріптестіктің жоқтығына қынжылатынын айтқан. «Путинмен өте жақсы қарым-қатынас орнатқан болар едім. Ресеймен де қатынасым жақсы болар еді» деп мәлімдеді ол қыркүйектегі теледебат кезінде.

Мәскеудің бұған іші жыли қалды. Петербугтегі экономикалық форумда сөз сөйлеген Путин Трампты «еш күмәнсіз, талантты адам» деп мақтады. Кремльге жақын ақпарат құралдары Трампты мадақтап, Клинтонды қаралап жатыр.

Трамптың Ресеймен байланысы ерекше назарға ілікті. Оның сайлау штабының бұрынғы басшысы Пол Манафорт кезінде Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичке қызмет еткен. Трамптың және бір кеңесшісі Картер Пейдж Америка санкция салғаннан кейін де Кремльдегі үлкен шенеуніктермен кездескен деседі. Ал Пейдждің өзі «сайлауалды штабтың жұмысына араласып жүргенім жоқ» дейді.

Хиллари Клинтон Ресейге қатысты қатаң саясат ұстанатынын ашық айтып жүр. Ресей мен Еуропа мәселелері жөніндегі кеңесшілері оған «Еуропадағы, Украина мен Сириядағы әрекеттері үшін Ресейге оңдырмай соққы берейік» деп кеңес беріп келеді.

Алексей Кустовскийдің саяси карикатурасы.

Алексей Кустовскийдің саяси карикатурасы.

Оның Ресей жөніндегі эксперттік тобына АҚШ-тың Ресейдегі бұрынғы елшісі Майкл Макфол, президент әкімшілігінің және Мемлекеттік департаменттің бұрынғы қызметкері Фил Гордон, сондай-ақ Пентагонның бұрынғы қызметкері және вице-президент Джо Байденнің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Джули Смит кіреді. Бұған қоса, 2009-2013 жылдары НАТО күштерінің бас қолбасшысы болған, АҚШ вице-президенттігіне басты үміткерлердің бірі саналған АҚШ флотының отставкадағы адмиралы Джеймс Ставридис те Клинтонға кеңесшілік етеді.

Сайлау науқаны кезінде хакерлік шабуыл жасалғанға дейін-ақ Клинтон президент болып сайлана қалса, Ресейге қатысты саясатын қатайта түсетінін ашық айтып келді. 2015 жылы ол «Бұдан былай өтірік айналсоқтап жүре алмаймыз. Путиннің өз елін модернизациялап, Батысқа жақындай түсетін жолды таңдағанын қалаймыз. Мұның орнына ол царизм дәуіріне қайтып, көршілеріне агрессия жасап, Сирияда және сол сияқты конфликтілерде күш көрсетіп келеді» деп мәлімдеген.

Оның үстіне Ресейге қатысты саясатты қатайта түсуді демократтар да, республикалықтар да қолдап отыр.

Мәскеуден де өзгеріс күтудің қажеті жоқ. Путиннің Донбасс пен Сириядағы, Балтық және Қара теңіздегі агрессиялық саясаты жұмсаратындай себеп жоқ.

«Олар әскери әрекеттерін жалғастыра береді. Әрі қарай да күштері мен мүмкіндіктерін көрсете береді. Донбастағы жағдайдың бақылаудан шығып кеткенін қаламайтын болар, бірақ олар оны саудаға салу мүмкіндігін пайдалануға тырысады»дейді Грэм.

Мемлекеттік хатшы қызметін атқарған кезінде Хиллари Клинтон 2009 жылы Обама көтерген «Ресеймен қарым-қатынасты жаңғырту» жобасына жауап берген. Осы кезде Дмитрий Медведев Владимир Путинге президенттік орынтақты дайындап жүрген. Алайда Клинтон мен Путин арасы 2012 жылы Путин Кремльге қайтып оралғанға дейін-ақ бүлінген. Көп мәліметтер бойынша, бұрмалаумен өткен 2011 жылғы парламент сайлауынан соң Мәскеуде наразылық шеруі басталғанда Путин «халықты қоздырып отыр» деп Клинтонды айыптаған.

АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обама мен президент сайлауына түсіп жатқан Хиллари Клинтон. АҚШ, Шарлотта, 5 шілде 2016 жыл.

АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обама мен президент сайлауына түсіп жатқан Хиллари Клинтон. АҚШ, Шарлотта, 5 шілде 2016 жыл.

Әлеуметтік зерттеулердің көбіне қарасақ, Клинтон жеңіске жететін сияқты.

Ресейдің ресми тұлғалары «АҚШ-тың Мәскеуге қатысты риторикасы – сайлау науқанының бір бөлігі ғана, сайлау өткен соң олар біршама жуасып, прагматикалық қадамдарға барады» деген үміттері бар екенін талай айтқан. Путин әкімшілігінің бұрынғы басшысы Сергей Иванов қазанның 24-і күні Financial Times газетіне берген сұхбатында «Сайлау науқанының аяқталғанын күтуіміз керек. Бір-екі апта күтейік. Шыдамды болған жөн» дейді.

Халықаралық мәселелер бойынша үкіметке жақын сарапшы, «Россия в глобальной политике» журналының редакторы Федор Лукьянов қазанның 6-ы күні «Америкадағы сайлау тез өтіп кетсе екен. Кім жеңсе де, аз болса үзіліс болар» деп жазды.

Алайда сайлауға дейін Ресей Клинтонға кедергі жасап бағады. Қазан айында Кремль символдық тұрғыдан өте маңызды саналатын екі бірдей ядролық келісімнен шығып кетті. Оның үстіне, Ресей Сирия армиясының Алеппоның шығысындағы бүлікшілерге жасаған шабуылын қолдап, Американың Сириядағы әрекеттерін көзге ілмеген сыңай танытады.

Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Обама әкімшілігін Ресейге қарсы «жер өртеу» тактикасын қолданды деп айыптады. Ал АҚШ-тағылар болса, соңғы бірнеше апта бойы Мәскеу дәл осы әдісті қолданып келеді деп санайды.

Екі ел арасындағы қарым-қатынас циклды түрде құбылып отырады деген Лукьянов «жағдайдың ушығуына Путинмен жеке байланыс орната алмаған Обама да жауапты» дейді. «Жағдайдың циклды түрде біртіндеп ушығуы қазір қауіпті нүктесіне жетті. Енді қалай және қай бағытқа өзгеріс болады, бар мәселе – сонда» деп жазды Лукьянов.

Майк Эккелдің мақаласы ағылшын тілінен аударылды.

Мұхтар ЕКЕЙ

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: