|  |  | 

Тұлғалар Қазақ шежіресі

ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ҒАЛЫМДАР ШЫҢҒЫСХАНДЫ ҚАЗАҚ ДЕП ЖАРИЯЛАДЫ !

Shingisan baba

Әлемдік деңгейдегі ғалымдар көптеген пікірталастан кейін Шыңғыс хан қазақ болған деген тоқтамға келді. “Шыңғыс хан шындығы” ғылыми байқауының қатысушылары өз шешімдерін жария етті.

Бұл туралы express-k.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Ең үздік зерттеу жұмысын жүргізді деп танылған Жәркен Бөдеш өз есебінде атақты ханның өміріндегі ең ерекше фактілерді ортаға салды.
Жас ғалымдардың Шыңғыс хан қазақтың көшпенді тайпасынан шыққан деген болжамын әлемдік атақтары бар ғалымдар да қолдап отыр. Мәселен, украиндық тарихшы Владимир Белинский бұл тоқтамның шындық екеніне толық сенімді.
Дәлел ретінде ол ғылыми тұрғыдан расталған фактілерді келтіреді: Шыңғыс ханның әкесі түркі тайпасындағы қияттардың көсемі болған. Кейін ол керей, меркіт және наймандармен бірге Шыңғыс хан империясының негізін қалады дейді зерттеуші. Бұдан өзге, моңғол билеушілері хан емес қоңтайшы атанып келгендері де бұл тоқтамды дәлелдей түседі екен.
Ғалым моңғолдарда ақ киізге билеушіні отырғызу дәстүрі болмағанын және бұл дәстүр қазақтарға тиесілі екенін алға тартты. Шыңғыс ханның шын есімі – Темуджин (Темершін, Темучин) де түркілік түптамырға ие дейді ол.
“Жақында біз Қазақстан, Ресей, Өзбекстан ғалымдарынан құралған экспедиция ұйымдастырамыз. Басты мақсатымыз – Жетісуда дүниеге келіп, өмір сүрген Шыңғыс ханның қазақ екенін дәлелдейтін фактілерді жинау”, – дейді «Шыңғыс хан» журналының негізін қалаушы Әміре Арын.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандық жазушы әрі журналист Тұрсынбай Жандәулет өзінің “Шыңғыс хан қазақ па, моңғол ма?” атты мақаласында ұлы қолбасшының ұлтына қатысты мәселені көтерген болатын.
Жазушы “Шыңғыс хан моңғол болсын, түркі болсын, бәрібір қазақтан шыққан” деген ойын жеткізіп, біраз пікірталас тудырған.
Осы өткен жылдың күзінде Қазақстанда «Хабар» телеканалы Жапонияның Шыңғысханды таза Қазақ Меркіт қылып «Шыңғысхан»– деген фильмін көрсетті. Оны бүкіл Қазақстан көрді. Ол фильмді алдында Москвадан да көрсеткен болатын. Осыдан үш төрт жыл бұрын ҚАЗАҚСТАН телеканалында Қазақстанның ең ірі деген бірнеше тарихтан ғылым докторлары мен професорлар болып табылатын ғалымдары да шығып барлығы Шыңғысханды таза қанды ҚАЗАҚ деп жариялаған болатын. Соңғы кезде Қазақстанда және басқа елдерде де Ресейлік тарихшылар Мурат Аджи мен Ан. Оловинцовтың , А. Бушковтың , Украин тарихшысы Вл. Белискийдің бірнеше Шыңғысхан таза қазақ деген кітаптары басылып шығып бүкіл Ресей мен Қазақстанға кең тарады. Оның алдында тарихшы М. Мағауиннің, С . Жаксыбаевтың , академик Жұрыновтың, Закарияновтардың , Х. Қожаахметтің Шыңғысхан таза қазақ деген кітаптары мен мақалалары Қазақстанға кең тарап еді, енді белгілі болған жағдай, Ресейдің Москвасында тарихшы профессор , академик Г. Табулдиннің Шыңғысхан таза қазақ деп жазылған «Чингис — хан. Мифы и правда»–деген кітабы үлкен тиражбен шығып жатыр дейді. Осының алдында Ресейдің Татарстанының Қазанындағы ең бір орталығында Шыңғысханды таза Қазақ — Татар деп музей ашқаны жайлы және оған Ресей президенті Путиннің кіріп көргенін де жариялады. Осы өткен жылы Өзбекстан мен Түркияда Шыңғысхан таза қазақ деп үлкен тарихи кітап шыққанын тағы естідік. Өткен жылы ғана бір ірі Англияның тарихшысы Гофедей Лиястың Шыңғысхан таза қазақ деген еңбенгі бүкіл әлемге тарады. Әлемдік интернеттегі YouTube де күн сайын Шыңғысхан ешқандайда Халка емес таза Түрік Қазақ деп үш төрт мақала шығады. Ал бізді енді Қытайдан келген қазақ қандасымыз Күнтай Жолдыбай деген бауырымыздың жіберген хабары бізді өте қуантты. Оның айтуынша, Қытайда әлемге әйгілі «МОҢҒОЛДЫҢ КӨНЕ ҚҰПИЯСЫ»– деген кітабы Қытай тілінде де, қазақ тілінде де басылып шығыпты. Онда ол кітапта ШЫҢҒЫСХАН ТАЗА ҚАЗАҚ — МЕРКІТ деп жазылыпты ! Бұл тарихи жазба енді Ресейдің Мәскеуінде де орыс тілінде « ЧИНГИСХАН. СОКРОВЕННОЕ СКАЗАНИЕ» — деген атпен өте көп тиражбен тағы шықты. Ол КӨНЕ ҚҰПИЯ бұрыннан да белгілі болатын. Тек оны Моңғолия өздеріне лайықтап өзгертіп алып Шыңғысхан моңғол деп еш ұялмай елді алдаған. Олар Шыңғысханды моңғолдың бір түрі болатын Қият– Боргенжин руынан, ал бұрын қазіргі Моңғолияның жерінде тұрған Түркі Қазақ — Татарлардың барлығы моңғолдар деп арсызданып сөйлейлейтін. Моңғол тобына жататын моңғолдар мен Түркі тобына жататын Қазақтар бір бірінен мүлде бөлек халықтар. Ал ол моңғолың еш ұялмай қазіргі қазақ ұлтының тең жартысы бұрынғы моңғолдар деп айтатыны тек арсыздық. Қазақ — Татар тайпалары бұрын қазіргі Моңғолия мен Солтүстік Қытай жерінде тұрған қазақтың Керей, Найман, Қоңырат, Жалайыр, Меркіт, Татар, Дулат, Барлас, Уақ, Кият, Тайжұрыт сияқты таза қазақ рулары. Олар сол жерде қанша мың жыл тұрып келген біздің қазақтың аталары ГУН, ТҮРІК пен сол ҚАЗАҚ ТАТАРЛАРДЫҢ ұрпағы болған. Тек Шыңғысханның кезінде сол жерде тұрған Қазақ– Татарлардың өте көбі Шыңғысханның армиясы ретінде Қытай мен Қазіргі Қазақстанға көшіп кетті .Моңғолдар арсызданып ол Қазақ Татардың барлығы Моңғол десе, сонда ол бұрынғы Татар даласында тұрған ГУН мен ТҮРІКТЕН еш ұрпақ қалмаған ба ! Олар еш ұялмай қазақтың Қазақ — Татар рулары Найман, Керей, Жалайыр, Қоңыраттар моңғолдар да, олар Қазақстанға барып қазаққа сіңіп ассимиляцияға ұшырап қазақ болды дейді. Қазақ — Татар рулары Қазақстанға көшкенде сол Моңғолияда тағы бір біздің таза Түркі Татар — Қазақ руы болған Уренхай– Тувалықтар қалып қойған. Олар сол Моңғол — Халкалардан будда дінін қабылдағаны болмаса, ол Тувалықтар қазір де түрік тілінде сөйлейтін таза Түрік елі. Қазақстандағы Татар –Қазақтарды сол жердің қазақтары ассимиляцияға түсіргенде алдында айтқан Моңғолияда тұратын деуге болатын сол Тувалықтарды Түрік қылып ассимиляцияға кім ұшыратты деген сұрақ еріксіз пайда болады. Ол жерде басқа Түркі елі жоқ қой ! Ал Қазақстаның Шығысы мен Қытайда тұратын бұрынғы Татар — Қазақ рулары Найман, Керей , Жалайыр, Уақтар сол Шығыс Қазақстан мен Алматыға дейінгі жерде және Қытай Қазақтарының тақ қана 90 % . Онша көп Татар– қазақты жергілікті 10 % қана болатын жергілікті қазақтар қалай қазақ қылып жібере алды дегенге ешкім сенбейді. Онша көп моңғолды аз қазақ ешқашан да ассимиляцияға түсіре алмайды. Бұл тек моңғолдың арсыз өтірік сөйлеген сөзі ! Моңғолдар Шыңғысханның руы Қият Боржегин болғандықтан ол моңғол дейді. Ал Меркіт тұрғой, Қият – Боржегин де, Найман мен Керей сияқты таза қазақ руылары және ол мына моңғолға еш қатыстары жоқ ! Ал қазіргі моңғолдар Шыңғысханға да, Шыңғысханның құрған Қазақ — Татар империясына да ешқандай қатысы болған жоқ. Олар Шыңғысханның немересі қазақтың ханы Мөнке Оңтүстік Қытайға шабуыл жасағанда сол Мөңке ханға әскер болып жалданып Қытайдың Манжуриясынандағы Шығыс Ляо мемлекетінен ауып көшіп келген КИДАН деген халық. Ол КИДАННАН Бурят, артынан Қазаққа соғыс ашып үлкен қырғын әкелген Жоңғар — Қалмақ пен ХАЛКА деген үш халық шықты. Қазіргі моңғолдар сол ХАЛКА– ның ұрпақтары. «Моңғол»– деген ат қазіргі моңғолдардың емес, қазақтың атауы. Сол Шыңғысханның немересі Мөнке ханның атынан шыққан. Оны Қытайлар «Монгу»– деп атап. Бір ақ тарихшылардың көбі «Моңғол» атауы Шыңғысханның кезінде шыққан деп те есептейді, сол жерде тұрған түркі халықтарының аты ретінде. Осы «МОҢҒОЛ»– деген атты тек қана 1919 — жылы ғана алып Ресейдің көмегімен сол жылы ХАЛКАЛАРДЫҢ өмірінде бірінші мемлекеті пайда болды. Олар алдымен ҚАЗАҚ — ТАТАР хандарларына, одан кейін Қытай мен Манжур — ЦИН мемлекетіне бағынған бір шалғайдағы провинция ғана болған. Шыңғысханның діні, бар елге белгілі, Қазақтың көне діні «ТӘҢІРГЕ ТАБЫНУ» діні болған. Тәңірге табыну діні тек Түркі халықтарының көне діні. Ондай дін қазіргі моңғолда, яғни КИДАН — ХАЛКАДА еш уақытта да болған емес. Кидан — Халкалар өмір бойы өздері Қытайдан алып келген Будда дінінде ғана болған. Шыңғысханның туған әкесі ҚАЗАҚ — МЕРКІТ те ол МЕРКІТ туған әкесін өлтіріп ол меркіттен Шыңғысханға екі қабат ҚОҢЫРАТ шешесі Ұлынды өзіне әйел қылып алған ҚИЯТ — БОРЖЕГИН Есугей Шыңғысханның асырап алған өгей әкесі деп саналады тарихта. Ал МЕРКІТ те ҚИЯТ– БОРЖЕГИН де таза қазақтың рулары. Қияттар Қазақстанда да жетеді. Басқа Түркілерде де бар. Ал МЕРКІТТІҢ тақ қана 90 % тек қана Қазақстанда және ол Қазақ — Найман руының құрамында. Ол көне тарихи кітаптың барлығында жазылған да және ол жайында Қытайдың «ШЫҢҒЫСХАН» фильінде жақсылап отырып оны көрсетеді. Ол жайлы сонау орта ғасырларда Қытайда жазылған, осы жылы Ресейде «ЧИНГИСХАН. СОКРОВЕННОЕ СКАЗАНИЕ» — деп басылып шыққан Шыңғысханның тарихын ең шын , дұрыс көрсеткен деп есептелетін тарихи кітапта жақсылап жазылған. Ол фильмде нағыз болған шындықты көрсеткен. Шыңғысхан Керейлерді жеңгенде, Меркіттің ханы Кетебек барлық Меркітті алып Шыңғысханнан қорқып оның алдында Ертістің бойына көшіп кеткен Найманның ханы Күшлікке барып қосылады. Ертеңінде Шыңғысхан Меркіттің барлығы менен қашып барып Ертістің бойындағы Наймандарға барып қосылыпты деп айқайлап жер тепті ! Шыңғысхан деген де, Күшлік деген де, Кетебек деген де таза қазақтың аттары, Оны бар қазақ айтады. Ал Халканың аттары Монғолияның бұрынғы басшылары ұллары моңғол ХАЛКА Чойболсан, Цеденбал мен Қазақстандағы белгілі балуан , ұлты Халка Голбадрах деген қыздың аты сияқты бөтен аттар. Шыңғысханның туған шешесі мен үлкен бәйбішесі Бөрте қазақтың қоңырат руынан да басқа үш әйелі де таза қазақ руларынан. Ал ең ірі деген үш бас қол басшасының тек Сүбедейі ғана Уренхай Тувалық. Қалған Мұқалы қазақ Жалайыр, Жебе қазақ Бесұт. Шыңғысханнан жеткен барлық тарихи жазбарар мен тиындардағы жазулар тек найман — түрік алфавитімен жазылған таза қазақ тілінде. Ішінде моңғол ХАЛКА тілінде жазылған бір тарихи жазу жеткен жоқ бізге. Себебі Шыңғысханға қазіргі моңғолдың еш қатысы жоқ. Шыңғысханнан жеткен Шыңғысхан шығарған барлық теңге тиындарда «ҚАЗАҚ» деген жазу болғандықтан өте көптеген тарихшылар «ҚАЗАҚ» атауы Шыңғысханның Империясының ресіми аты болған деп жатыр. Ол да шын ! АЛЛА қолдаса, ана Қытайдағы Шыңғысханның тарихын әкеліп Қазақстанға басса, ары қарай тағы кете береді. Әлі Шыңғысханның бар шындығы толық шығады ! Қазақтар оны толығымен шығарады. Шыңғысханның зираты да Қазақстанның Ұлытауында екені белгілі болып жатыр, әйгілі АЛАШАХАН мовзолейі. Ол жайында бір кезде ең ірі деген академиктеріміз Қ. Сәтбаев, Е. Бекмаханов пен Ә.Марғұландардың барлықтары айтып кеткен. Ұлытау қазақтың ұлы хандығы Алтын Орданың бірінші астанасы болған және онда сол Алтын Орда хандары Жошыхан, Едіге хан, Тоқтамыс хан мен Алаша хан жерленген. Ол да болашақта жақсылап зерттеленеді деп сенеміз. Бұл мақала кең тарап оны оқыған Моңғолиядағылар оны неге интернетке бастыртасыңдар деп хат жіберіпті. Бұл мақала оның алдыңда басылған көп елдің Ғылым Докторлары мен Академиктерінің мақалалары мен кітаптарынан көшіріп алынған мақала. Моңғолиядағылар бұл мақаламен келіскісі келмесе, онда осы мақаладағы аты жөндері жазылған Ғылым докторлары мен Академиктерге, Шыңғысхан фильімін шығарған жапон режисері Кханға Жапонияға хат жазсын, біз сендермен келіспейміз деп !
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ, ТӨРТ ҰЛЫ ИМПЕРИЯНЫҢ ТІКЕЛЕЙ МҰРАГЕР ҰРПАҒЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ОЛАРДЫҢ БІРІНШІСІ ГУН ИМПЕРИЯСЫ МЕН ОНЫҢ ҰЛЫ БИЛЕУШІСІ АТТИЛАНЫҢ, ЕКІНШІ ҰЛЫ ИМПЕРИЯМЫЗ ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ. ҮШІНШІСІ ОЛ ШЫҢҒЫСХАН МЕН ОНЫҢ ҚАЗАҚ — ТАТАР ИМПЕРИЯСЫ. ТӨРТНШІ ИМПЕРИЯМЫЗ ОЛ БАТУХАН МЕН ҰЛЫ АЛТЫН ОРДА !
Мына суретте ҰЛЫТАУДАҒЫ ШЫҢҒЫСХАННЫҢ мазары деген АЛАШАХАННЫҢ мовзолейі. Болашақта онда қандай хан жатқаны әлі ақ белгілі болады деп сенеміз ! Шыңғысханның деген сегіз табылған мазарының ең алғашқы табылғаны.Үшеуін ғалымдар Моңғолиядан, екеуін Қытайдан, бірін Бурятия мен бірін Тувадан тапқан. Ең дұрыс шындығы осы Ұлытаудағысы ! Себебі, бұл Алашаханның мовзолейі Қазақ пен Алтын Орданың бірінші ханы, Шыңғысханның үлкен ұлы Жошыханның мовзолейінің дәл жанында және ол Жошыханның мазарынан әлде қайда биік, әдемі, үлкен және Жошының мазарынан көп биік жерде тұр. Жошыханнан жоғары тек Шыңғысхан ғана тұрады. Сонымен бірге, тарихтағы белгілі жайыт бойынша, Шыңғысханның империясының барлық хандарын хан сайлағанда тек осы жерде ақ кйізге отырғызып хан қылып көтерген, жариялағын. Себебі олар бұл Ұлытаудағы Алашаханның мовзолейінде Шыңғысхан жатқанын жақсы білген. АЛАШ деген атау Шыңғысханның империясының тағы бір атауы. ҰЛЫТАУ Шыңғысхан мен Жошыхан жерленген Қазақстанның ортасында тұрған Алтын Орданың бірінші астанасы. Шыңғысхан Қазақтың Шығысындағы ұлы ханы. Ал Алтын Орданың екінші астанасы болып табылатын Кішіжүздің жерінде тұрған Сарайшық қаласында жерленген Ұлы БАТУХАН Қазақтың Батысының ұлы ханы !

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • ТӘҢІРІ ҚАЛАУЫ ТҮСКЕН ЖАН

    Мандоки Қоңырдың туғанына 80 жыл толуына орай «Тәңірі мені таңдады»  Мұхтар Мағауин Мандоки Қоңыр Иштван – отаны Мажарстан ғана емес, күллі түркі дүниесі қастерлейтін ұлық есімдер қатарындағы көрнекті тұлға. Шыңғыс жорығы тұсында Карпат қойнауындағы мадиярлар арасынан пана тапқан құман-қыпшақ жұртының тумасы Мандоки Қоңыр оннан аса тілді еркін меңгерген, бұған қоса зерттеушілік қарымы ерен, Тұран халықтарының фольклорлық-дүниетанымдық санасын бойына дарытқан ғалым. Ол түркология ғылымымен дендеп айналысып қана қоймай, ХХ ғасырдың төртінші ширегінде Шығыс пен Батыс­тың арасында алтын көпірге айналды, миллиондардың ықылас алқауына бөленді. Яки ол халықтар арасын жақындас­тырған мәмілегер, озықтарға ой салған көреген еді. Замана алға жылжыған сайын мерейтой иелері туралы айтылатын жайттар естелік пен өткен шақ еншісіне көшеді. Көзі тірі

  • Нұралы батырдың кесенесі  жөнінде

    Кейінгі кезде Нұралы батырдың кесенесі жөнінде әртүрлі әңгімелер шығып жүрген көрінеді. Оның бірі Моңғолиядан келген бір туысқанымыз басқа бір белгілі жерлесіміздің Нұралы батырдың зираты деп кигіз үй сияқты саман кірпіштен қаланған  әдемі зираттың жанына барып құран оқығанына куә болғанын келтіріпті. Ол жігіттің  көргені де, айтып отырғаны да шыңдық. Өйткені 1982 жылға дейін елдің көпшілігі, оның ішінде  мен де солай  ойладым. Әңгіме түсінікті болу үшін мен сол кездегі оқиғадан бастап баяндайын. Мен 1961 жылы Семейдің  мал дәрігерлік институтын бітіріп келдім. Мені  сол кездегі  С.М. Киров атындағы  колхозға мал дәрігері етіп жіберді. 1962 жылы бұл колхоз «Горный» совхозына айналды. Біз бала кезімізден: «Нұралы атамыздың зираты С.М Киров атындағы колхоздың жерінде орналасқан,   Бабамыз батыр болған кісі, ал оның жанындағы қабырдың  ұзындығы жеті кез, біздің  бабамыздан  да  асқан

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: