|  | 

Көз қарас

САНЖАР КЕРІМБАЙДЫҢ не үшін БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕКТЕН көңілі қалды?

Sanzhar BeysenБейсен Құранбектің пенделігі немесе САНЖАР КЕРІМБАЙДЫҢ не үшін БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕКТЕН көңілі қалды?
Жалпы ТВ саласында бес жыл істеген кезде-ақ эфирдің жақсы емес екенін әбден білгем. Танымалдық адам табиғатын бұзбай қоймайды. Эфирден жылтырап көрінген ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ шындығында пенделік кем-кетікке толы жәй ғана көп жанның бірі екенін көпшілік біле бермейді. “Айтуға оңай” де тура сондай бағдарлама. Рейтингісі өте жоғары. Бейсен – соның жұлдызы. Сол танымалдық баланы бұзыпты. Басқа, басқа бірақ дәл Бейсеннен осындай әлсіздік күтпеген едім. ТВ-ның жаман жағы сол – адамның әлсіз тұсын жасырып, тек жақсы жағын ғана көрсетеді. Адамдар содан зардап шегеді. Негізі мен оның осы “нашар” қасиетін былтыр “Салт-дәстүр сөйлейді” кітабын сатып алғанда да байқағам. Сол кезде айыбын бетіне басып, айтып-айтып тастайын деп тұрдым да “қой, ел силаған азамат қой” деп үнсіз қалғам. Бекер сөйтіппін. Сол кезде-ақ мәселенің басын ашып алу керек еді. Әлбетте, Бейсенді баласынан артық жақсы көретін адамдар өте-мөте көп. Бірақ, жақтаушылары көп екен деп шындықты айтпай отыра беру де дұрыс емес қой, солай ма? Құдай үшін маған: “Қазақтар сендерге не болды, желіде бір біріңнің айыптарыңды ашып? Өсетін елдің балалары бірін бірі батыр деп қолдау керек. Қазақ десең өзіңе тиеді. Осыларға не жетпейді?” деген сыңайдағы ақылдарыңызды айтпай тұрып, әуелі мән-жайды біліп алсаңыздар жақсы болушы еді. Егер мен оның пенделігін сынамасам, оны шынымен де атпал азамат деп танитын қазақтар адасқан үстіне адасып кете береді. Платон менің досым, бірақ ақиқат одан қымбат дегендей, Ақиқат Бейсеннің беделінен жоғары тұруы керек, меніңше. Сонымен оқиға былай болды. Бейсен маған “Сәке, Сияр мен Әлди аламын” деген. Мен келісім бойынша кездестім. Ол: – 100 дана Сияр 100 дана Әлди аламын деді. Мен:- Оның бәрін не істейсің?-дедім. 
- Сәке, сенің не шаруаң бар? Өзім білем ғой
- Бейсеке, сіз бір өзіңіз 200 кітап алсаңыз басқа жұрт не оқиды? 
- Сәке, мен сізге нақты есептессем болды емес пе? 
- Сонда сіз басқа жұртты ойламайсыз ба? Әшейінде ТВ-да елдің қамын жеп жүресіз ғой?
- Ол ТВ-да ғой. Бұл нақты өмір. Саудада достық жоқ деген. Мен кітап сатып алып жатқанда ескі достықты көлденең тартпаңыз
- Мен басқа елге де кітап қалсын деп жатырмын
- Мен сіздер сияқты көрінген адамға сата бермеймін. Мен машинама салып аламын да “әй, осы кітаптың қадіріне жететін адам ау” деп көңілім сүйген кісіге немесе туысыма сыйға тартамын. 
- Сонда не сізден басқаның танысы мен туысы жоқ па?
- Бар болса, бар шығар. Менің оларда не шаруам бар? Мен өз ағайын-туысым мен араласатын ортам туралы айтып отырмын.
- Ал, мен күллі қазақтың қамын жеп тұрмын.
- Сәке, күллі қазақтың қамын жеуді жақын ағайын-туыс пен таныс-тамырды қуантудан басталады,-деп маған мат қойды. – — Жарайды, сіздікі-ақ дұрыс делік. Бірақ, Бейсеске, айтпады демеңіз мен сіздің мына кітапқа тоймайтын “қомағайлығыңыз мен тойымсыз тәбетіңіз” туралы жақсылап тұрып пост жазам. Елдің алдында әшкере қыламын,-дедім. 
- Сәке, ақ жол. Жазсаң жаза бер. Көр де тұр. Бәрібер елдің бәрі менің осы “нашар” қасиетімді қолдап, пікір жазады. Керек десең маған үн қосу үшін қос-қостан сияр мен әлди сатып алмаса маған кел,-деп одан сайын құтыра түспесі бар ма. 
- Бопты, көреміз пост шыққан кезде,-деп кітап ақысын құнттап тұрып қалтама салып алдым да үйге қарай тайдым ғой. Ал, Бейсеннің жақтаушылары не дейсіңдер осыған? Мен анау-мынау деп үгіттеп сіздерді өз жағыма тартпай-ақ қояйын. Бейсекеңдікі дұрыс па енді? Бүкіл кітапты жалғыз өзі артып алып Талдықорғанға әкетіп қалды. Еще, тегін таратам деп қояды. ТВ-ның жаман жағы осы ғой. Бейсеннің осындай “нашар” қасиеті туралы мен постта ашып жазбасам ел одан бейхабар болып, “адасып” жүре берер еді)))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))

Санжар Керімбайдың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: