|  |  | 

Көз қарас Спорт

Матч комментаторы болудың негізгі шарттары

quanish footboolРесейлік жаңадан ашылып жатқан спорт арналарынан АПЛ матчтарын көріп жүрмін. Бұл тарапта не өзгеріс бар екен деп. Классикалық кәсіби комментаторлардан (советтік стильді болса да) Александр Елагин ғана қалыпты. Қалғандарының бәрі – түкірігіне шашалған, тістене сөйлеп, көсемси көсіліп, доп айып алаңына жетер-жетпестен “Ойпырмай, ойпырмай!”, “Міне, міне!!!” деп шәңкілдей шулайтын overexcited бала-шаға. Қазақша нұсқасы: “Тағы бір қауіпті сә-ә-әт! Тағы бір қауіпті сә-ә-әт!” Кейбір қазақстандық футбол комментаторларының кімге еліктейтінін енді ұқтым. Бұл бала-шаға матч комментаторы болудың мынадай негізгі шарттарын түсіне алмаған екен:

1. Матч комментаторы 90 минут сөзінің кем дегенде 90 пайызын алаңда болып жатқан тартысқа арнауы тиіс, 10 пайызы сол матчқа тікелей қатысты бэкграунд пен статистика болсын. Матчқа қатыссыз википедиялық мәліметтер, болжау, өсек-аяң, жеке толғаныс, мәнсіз мақал-мәтелизм, лирикалық шегініс, ойыншылар мен тренерлерге деген жеке бас көзқарасы, тағысын тағылар шала комментатордан шаршаған жүздеген мың көрермен тұрмақ, оның “ВКонтакте”-дегі жеті жүзге жетер-жетпес досына да қызық емес. Ал сараптама мен болжамды матчтан кейін (я ортасындағы үзілісте) студиядағы модератор мен эксперттер айтсын. “Тоттенхэм” әдетте ойынды осылай я оң, я сол қапталмен өрбітеді” дейді “Матч ТВ”-нің бір комментаторы. “Бұл команда әдетте ойынды домалақ доппен ойнайды” немесе “Бұл команда көбіне қарсыластың қақпасына гол соғуды мақсат тұтады” деген сияқты құбыжық ақиқатизм. Және мұндай ақиқатизмдер минут сайын айтылады. 90 минут самбырлай сөйлеу шарт емес, ойынның баяу тұстарында, я ерекше бір эмоциялар көрінген сәттерде жарты минуттық паузалар жасап, көрерменнің құлағын демалдырып, я балқытып отыру керек.

2. Комментатордың тілі жатық, сөздік қоры бай болуы тиіс. Мысалы, жаңағы кейбір ресейлік жас комментаторлардың лексика қоры қаншалықты жұтаң екенін бір-ақ жағдайдан білуге болады. Ойынның ең қауіпті сәттерін ғана шолып шыққан қысқа клипте “Қақпашы командасын тағы құтқарды”, “тағы құтқарды”, “тағы құтқарды”, “тағы құтқарды” деп қақсап қайталай береді. Өмірінде “құтқарудан” басқа етістік естімеген адам сияқты.

3. Негізгі комментатор әріптес ретінде жұмысқа тартылған қасындағы бұрынғы футболшының қажетсіз мемуар айтып кетуіне жол бермеуі керек. Бірнеше матч көріп отырып, атын өмірі естімеген бір сөзуар бұрынғы ресейлік футболшының шала комментаторға айналғанына куә болдым. Өзіне-өзі тамсанып, сүйсініп, келсін-келмесін естеліктерін тықпалап отырып, ойынның кейбір өте қауіпті һәм маңызды тұстарын байқамай да қалды.

4. Комментатордың әлдебір командаға, я футболшыға қатысты симпатиясын, я антипатиясын ашық білдіруі, көпе-көрінеу жақтасуы – абсурд. Эфирден кейін бірден жұмыстан шығарып жіберсе, обалы жоқ.

5. Төрешінің шешімдерін қолдау, я сынау, қызылкеңірдек болып сырттай дауласу – кәсіби комментатордың түсіне кірмейтін күпірлік. Өткендегі бір матчта ресейлік комментатор ойын біткенше “негізі оффсайд еді, негізі оффсайд еді” деп күңкілдеді де отырды. “Әй, жолың болғыр жетесіз-ау, бұл жеке пікіріңнің маған көк тиын құны жоқ, алаңсыз ойын көрейінші!” деп айғай салғың келеді. Матч комментаторы төрешінің шешімін көрерменге хабарлайды, егер ойыншылардың, тренерлер мен көрермендердің тарабынан қандай да бір реакция болса, соны сипаттайды. Тәмам! Тек бақылап отыру. Эфирде төреші шешіміне қатысты жеке пікірін тықпалап, күрсіне күңкілдеп, қызарақта қорғаштап, айғайлай айыптап отыратын ресейлік әріптестерге еліктеудің түк қажеті жоқ. Оның бәрі – студия модераторы мен сарапшыларының жұмысы. Егер телеарнаңда матч алдында, екі тайм ортасы мен ойынның соңында болжам мен сараптама жасайтын кәсіби студия жүргізушісі мен сарапшылары болмаса, онда өйтіп көсемсуді көрерменнің өз еншісінде қалдыр.

Ғалым  БОҚАШтың  facebook парақшасынан  алынды

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: