|  | 

Тарих

Газетте қытай қазақтарының 1950-54 жж арасындағы күрделі саяси кезеңі бұғып жатыр…

27072338_1010044919159095_5208341584913552940_n
Eldeç Orda

1950-1951 жылдар қытай қазақтары үшін өте қым-қуыт жыл болды. Оспан-Жанымқан ұсталып артынан атылды, Оразбай әкім бастаған (Құтыби әкімі) Құтыби-Манас-Санжы көтерілісі бастықтырылды, қорғаныс саласының меңгерушісі Закәрия бас қолбасшы Уаң Жінмен ерегесіп мерт болды, Сауан-Үрімжі қазақтары Қалибек-Тәкіман мен Қамзаға ілесіп көкілікті асып, Тибетті басып жеті реткі қоршауды бұзып Кашмирге тақады, Манас бойындағы Шарқи Түркістанның қазақ әскерлері азаматтық соғыс бастап соңы Іледе жалғасып сәтсіз көтеріліс кесірінен Қарашәрі асып Пәкістан, Ауғаныстан аспақ болғанда коммунист армия жағынан қоршауда қап дерліктей жойылады. Өлкелік үкіметтің орынбасар xатшысы Сәліс Әмірелер Тибетте қастандықпен өлтірілді. Сіздерге әр оқиғаның басын бір шалып жылт-жылт шолып өтіп отырғаныммен жалпы ол дәуірдегі Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік xал-аxуалы өте күрделі болды. Үйекке жіктеліп текетіресу терең сипат алып кетті. Шыңжаң провинцсиясының өлкелік үкіметі құрылған соң Шыңжаңның орынбасар төрағасының бірі Қазақ Пәтіқан Сүгірбаев еді (Қазақ автономиясы 1954′де құрылған). Жаңа өлкелік үкіметтің жаңа орган газеті де қолға алынған-тын. Бұл сол газеттің 1951-жылғы сентабыр айындағы санының қиқымы. Газетте қытай қазақтарының 1950-54 жж арасындағы күрделі саяси кезеңі көп ауызға алынған. Біз бүгін байыбына бара алмаған талай сұрақтың жылт еткен жауабы көрініп қалуы да мүмкін. Мен солай ойлаймын. 50-жждағы Шыңжаң қазақтарының қоғамдық саяси әлеуетін жақыннан сезінемін десеңіз осындай тірі дерекпен қауышуыңыз тиіс. Әлемдік алпауыт жікшілдік бұл өңірдегі қазақтарды да соқпай өтпеген. саяси түсі қою, тартысы қияң осы өтпелі кезеңнің тариxи мәнін аша түссек бүгінгі бірқагша күрделі сұраққа бір тұсынан жауап бергендей боламыз. Осы жауаптың көбі 1950-51 жж газетте бұғып жатқанын білуіміз керек. Ол кез алғашқы құрылу кезеңі болғандықтан көп оқиға мен сараптаулар біршама ашық әрі анық жазылған-ды. Кейін сол “ашықтық” пен “анықтық” бастарына пәле болған …26908012_1010044972492423_7701998835619961756_n27072338_1010044919159095_5208341584913552940_n27067314_1010044929159094_3339838994773649978_n27067636_1010044975825756_7288906116481043001_n

26908012_1010044972492423_7701998835619961756_n 26994003_1010044925825761_4837600450602597714_n 27067314_1010044929159094_3339838994773649978_n 27067636_1010044975825756_7288906116481043001_n

Related Articles

  • АЙЯ СОФИЯ НЕГЕ МҰРАЖАЙҒА АЙЛАНДЫРЫЛДЫ?!?

    Айя София айланасындағы дауға нүктені қою үшін оның 1934 жылы неліктен мұражайға айландырылғанын білмек ләзім. Бүгінгі ахуалмен өткенге баға беруге болмайды, сол уақыттың шындығын білу шарт. Осман патшалығы 1-ші дүниежүзілік соғыста жеңілген соң 30 қазан 1918 ж. атақты “Мондрос шартына” қол қойды, бұл шарт бойынша Осман патшалығы жеңімпаз елдердің жеңісін мойындап, ел билігін соларға тапсырып, іс жүзінде ыдырап кетті. Осман патшалығы жеңімпаз елдермен Францияның астанасы Париж маңындағы Севр (Sevres) қалашығында 10 тамыз 1920 ж. соңғы шартқа қол қойды. “Севр шарты” деп аталған осы халықаралық құжатқа жеңімпаз елдер ретінде: Британия империясы, Франция, Италия, Греция, Жапония, Армения, Бельгия, Польша, Португаля, Хижаз патшалығы, Румыния, Сербия, Чехия, Хорватия қол қойыпты, жеңіліске ұшыраған Осман патшалығы

  • Кенесары Хан мен баласы Сыздық Сұлтан туралы дерек Осман мұрағатынан

    Кенесары Хан мен баласы Сыздық Сұлтан туралы дерек Осман мұрағатынан кездесуі бек мүмкін. Бұған ешқандай да шүбәңіз болмасын. Бірінші сүгірет, Осман елінде жарық көрген “Басират” (basîret) атты газет. Екінші және үшінші сүгірет, Осман мемлекетінде жарық көрген “Уақыт” атты газет. Төртінші сүгірет, Осман сұлтаны Әбдүләзиздің Қашқарияға көмекке жіберген әскери қару-жарақ, оқ-дәрісінен бір парша көрініс. Кенесары мен Сыздық Сұлтан туралы Осман деректері шыны керек әлі толық зерттелген жоқ. Хан Кенесарының ұлт-азаттық көтерілісін Қазақстан аймақтарымен шектеп бөліп қарау ең үлкен қателік саналады. Хан Кене мен Шығыс Түркістандағы қазақ, ұйғыр, дұңған көтерілістері арасындағы саяси, әскери қатынастар туралы дерек те қытай мұрағатында көмулі жатыр. Онда Шәуешек, Құлжа және Үрімжі қалаларындағы қазақтардың Хан Кенемен және кейінгі

  • АХАҢ мен ЖАХАҢ САЛҒАН АЗАТТЫҚ ЖОЛЫ

     «Қазақ» газетіне –107 жыл ЖҰМАТ ӘНЕСҰЛЫ                                                                                                                       ТАРИХИ ПОВЕСТЬ                                                                                       

  • Шарқи Түркістан Респубиликасының тарқауы туралы

    1944- жылдың қараша айында Құлжа қаласында құрылған Шарқи Түркістан респубиликасы 1946- жылға келгенде үкіметтің ресми түрде тарағанын және бұдан былай Шыңжаң өлкесімен біріккен коалициялы үкімет құрмақ ниетін білдіре отырып, уақытша үкіметтің орган газеті “Азат Шарқи Түркістанда” арнайы мақала жариялаған-ды. Небәрі бір жарым жыл өмір сүрген Құлжадағы Шарқи Түркістан үкіметі, 1946- шы жылға келгенде ресми тоқтады. 1944- жылдың қараша айында уақытша үкімет жария етілген соң, үкіметтің орган газеті “Азат Шарқи Түркістан” деп аталды. Газет ұйғыр, қазақ, орыс, моңғол және қытай тілінде жарық көрді. Газеттің қазақша бөлімінде Бұқара ТЫШҚАНБАЕВ, Құрманалы ОСПАНҰЛЫ басшылық етті және газеттің редакция құрамында Әуесқан НАРЫНБАЙҰЛЫ, Рахметолла ӘПШЕҰЛЫ, Құрманбай ТОЛЫБАЙҰЛЫ, Әбдібек, Аладияр, Асанбай, Сырайыл, Қали қатарлы кісілер редактор, аудармашы,

  • Англияның Жоңғария қазақтарына озық соғыс қаруларын беруге талпынуы

    Қашқардағы Англия консулы  Англияның Қашқариядағы консуль қызметі 1881- жылдан кейін бастау алады. Англияның түпкі мақсаты Цин империясының солтүстік-батыс аймағы мен Түркістан (орталық азия) даласына өз ықпалын жүргізу еді. Бірақ, бұл тұста патшалық ресейдің де аймақтағы саяси ықпал күшін ескермеу мүмкін емес еді. Патшалық ресейдің әу бастағы мақсаты Түркістан аймағын ендей өтіп Үндістан арқылы телегей теңіз жолына шығу еді. Бірақ, Түркістан даласындағы Түркі хандықтары (Қазақ, тб) бұл мақсатты жүз жылдап кешіктіріп жатты. Ресей енді Түркістан даласын қиыр шығыстан айналып өтіп Қашқария арқылы Үндістанға ұласуды көздеді. Бірақ, ол тұста Қашқария мүлде жабық әлем еді. Дейтұрғанмен де жабық әлемнің түстік қапталынан Англия империясы да келіп үлгірді. Сосын не керек, бұл аймақ Ресен-Англия империясының

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: