|  |  | 

Тұлғалар Әдеби әлем

Мүсірепов бағалауындағы Мағауин

29342476_172806870107620_6563631990262726656_n

«Бұл Мұхтар туралы бірінші айтпағым — оның жастар қатарында саналатын кезеңі бұдан едәуір жыл бұрын өтіп кеткен екен. Біздің сыншылар ол жайды кезінде-ақ көрген болар, мен өзім кешірек көріп қалдым. Оның алпысыншы, жетпісініші жылдары жазған әңгіме, повестері қалам ұшы өткір, әр сөздің ішкі-тысқы ен таңбасын, қат-қабат сыры барын сол кезде-ақ танытыпты. Мұхтар Мағауиннің сол тұста жазған “Әйел махаббаты”, “Күтпеген кездесу” сияқты әңгімелерін, “Қара қыз” сияқты повесін оқыған сыншы, не болмаса замандас достары сол күні-ақ авторды құшақтап құттықтаған шығар деп ойлаймын. Өз басым сол достар қуанышының ішінде болмағанымды өкініш еткендеймін. Пендешілік тағы…

Мұхтар Мағауин ана тіліміздің байлығын, оралымды, астарлы, әрі от жалынды, әрі нәзік те биязы бояу-сырларын алғашқы адымдарынан бастап-ақ меңгеріп алғанын көрсетеді. Тіліміздің оралымдылығын тереңдетуге қосқан үлесі де аз емес. Еркек-әйел бейнелері қандай сом! Әр түрлі өмір талқыларына түсе жүріп, сол шытырман-шырғалаңдарда майыса да сына білмеген жастарға еріксіз қызығасың. “Күтпеген кездесудегі” Сәлкен мен Көшім сияқты ер жігіттер, зымиян Айгүл сияқты махабат жолында да, басқа тіршіліктерінде де табанды айнымас жүректі әйелдермен қатар Шәрипа, Тұлымқан, Гүлжиһан сияқты “дүниеқоңыз” әйелдер де жеткілікті. Бар арманы ғылым емес, атақ-даңқ, баю болып кеткен Бексейіт доцент, ақындық қабылеті болмаса да ақын атанып жүрген Уақас сияқты, ғылым мен әдбиетте, құдайға шүкір, тым көп кездесетін типтер де босқа күйеленбей, әділ бейнелеген.

Мағауин шығарма желісін тартуға шебер. Сиыспас бірдемелерді тоқпақтап жіберу “әдісі” онда атымен жоқ. Оқиға соғыстары – себеп пен өрісі шебер түйілген. Адам міндерін оңашалап алып қарасаң бәрі де таныс-бейтаныстар.

Әсіресе ерекше мән бере айтылуға керекті, ерекше бағалануға тиісті жағы – бұл кездері жас жазушы қатарында жүрген Мағауиннің барлық тақырыптары Ұлы Отан соғысынан кейінгі күндерімізді көрсетеді. Бейнеленген адамдары да осы дәуірдікі. Осы айтқандарымыздың әділет екендігіне сенгендіктен Мағауин Мұхтар бұдан он-он бес жыл бұрын-ақ іргелі жазушыларымыздың қатарына қосылды демекпіз. Оның соңғы жылдарда шыққан екі томдық романы “Аласапыран” бұл ойымызды толықтыра түседі. Мағауин қазір үлкен жазушылар қатарынан сенімді орын алды. Үлкен шығарма,үлкен талдауды керек етеді. Әдебиет зерттеушілерінің шаруасына қол сұқпай-ақ қысқаша ғана өз қорытындымды айтсам:

“Аласапыран” қазақ совет прозасының тағы бір үлкен мақтанышы. “Жақсы еңбек” дейтініміздің шеңберіне сыймайтын, ойы терең, тіл көркемдігін түгел меңгерген, шебер қаламынан ғана туа алатын қымбат қазына.

Мұхтар Мағауин қай шығармасында болсын еркін отырады. Тақырыптары ұсақ-ұлаң емес, бүгінгі күніміздің іргелі сауалдарына толымды жауап береді. Атүсті емес, терең жауаптар. Алған тақырыптарын терең зерттеп алатынын байқалады. Әсіресе, “Аласапыран” романын жазу үшін қанша архивті қопарғанына, қанша қалаларды кезгеніне таң қаласың. Мағауин Мұхтар орнықты дарын, үлкен талант.

Аз-мұз оқыс сөйлемдер де кездеседі: “Арқардың тоқтылары мен ешкілері” депті бір жерде. Тоқтылары десең, “саулықтары” деген дұрыс болар. Ешкіден тоқты емес, лақ туатын. Сұлу қызды бейнелегенде “апай төс” депті. “Апай төс” балуандарға, кеуделі еркектерге ғана айтылады емес пе?! Маған өте ұнамағаны – “сымбаттытын”, “ұстамдытынсың” деген екі сөз. Бір сөзде қатарынан үш “ы” әріпі болса, ол сөзді ауызша айтқанда аузың икемге келмей кететін шығар.”

Қазақ әдебиеті газеті,
1984 жылы, 27 маусым

Related Articles

  • ТӘҢІРІ ҚАЛАУЫ ТҮСКЕН ЖАН

    Мандоки Қоңырдың туғанына 80 жыл толуына орай «Тәңірі мені таңдады»  Мұхтар Мағауин Мандоки Қоңыр Иштван – отаны Мажарстан ғана емес, күллі түркі дүниесі қастерлейтін ұлық есімдер қатарындағы көрнекті тұлға. Шыңғыс жорығы тұсында Карпат қойнауындағы мадиярлар арасынан пана тапқан құман-қыпшақ жұртының тумасы Мандоки Қоңыр оннан аса тілді еркін меңгерген, бұған қоса зерттеушілік қарымы ерен, Тұран халықтарының фольклорлық-дүниетанымдық санасын бойына дарытқан ғалым. Ол түркология ғылымымен дендеп айналысып қана қоймай, ХХ ғасырдың төртінші ширегінде Шығыс пен Батыс­тың арасында алтын көпірге айналды, миллиондардың ықылас алқауына бөленді. Яки ол халықтар арасын жақындас­тырған мәмілегер, озықтарға ой салған көреген еді. Замана алға жылжыған сайын мерейтой иелері туралы айтылатын жайттар естелік пен өткен шақ еншісіне көшеді. Көзі тірі

  • Нұралы батырдың кесенесі  жөнінде

    Кейінгі кезде Нұралы батырдың кесенесі жөнінде әртүрлі әңгімелер шығып жүрген көрінеді. Оның бірі Моңғолиядан келген бір туысқанымыз басқа бір белгілі жерлесіміздің Нұралы батырдың зираты деп кигіз үй сияқты саман кірпіштен қаланған  әдемі зираттың жанына барып құран оқығанына куә болғанын келтіріпті. Ол жігіттің  көргені де, айтып отырғаны да шыңдық. Өйткені 1982 жылға дейін елдің көпшілігі, оның ішінде  мен де солай  ойладым. Әңгіме түсінікті болу үшін мен сол кездегі оқиғадан бастап баяндайын. Мен 1961 жылы Семейдің  мал дәрігерлік институтын бітіріп келдім. Мені  сол кездегі  С.М. Киров атындағы  колхозға мал дәрігері етіп жіберді. 1962 жылы бұл колхоз «Горный» совхозына айналды. Біз бала кезімізден: «Нұралы атамыздың зираты С.М Киров атындағы колхоздың жерінде орналасқан,   Бабамыз батыр болған кісі, ал оның жанындағы қабырдың  ұзындығы жеті кез, біздің  бабамыздан  да  асқан

  • Алыстағы ағайынның Атамекенге оралу жолын тұңғыш ашқан қазақтың қаһарман қызы

    Ол кім дейсіз ғой, турасын айтсам ол Сағат Зақанқызы. Тоқсаныншы жылдардағы алғашқы көш Моңғолия қазақтартарынан басталған. Сол көшті алғаш бастаған адам Сағат Зақанқызы. Бұған ешкімнің дауы жоқ. Жарғақ құлағы жасттыққа тимей, сонау қиын-қыстау заманында алыстағы ағайындардың жолын ашқан осы адамды қазақтың қаһарман қызы атауымыздың өзіндік себебі бар. “Көш басшысымен көрікті”  “Көргені жақсы көш бастар”  дейді атам қазақ.   Осы екі ауыз сөздің астарына үңіліп қарасақ, онда, үлкен мән мағына бар екеніне көз жеткіземіз.       Бұрынғы ауыл көшінің өзінде, көш басшылары төрт түлік малдың өрісінің жағдайына қарай, әр мезгілдегі ауарайының өзгерісіне сай, көшіп қонуда бір басына жетіп артылар  үлкен жауапкершілік  жүктесе, Моңғолияда тұратын қандастарымыздың бір жарым ғасыр ғұмыр кешкен ел жерінен ,

  • АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҮРІМШІДЕН ҚАЙТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНДА

    Болған оқиға ізімен Болған оқиғаның ізімеН…   Алаш жұртының бір емес, бірнеше съезі өтіп, Әлиханның Колчактан беті қайтып, “Енді қайтып тәуелсіз ел боламыз” деп жүрген кез еді. Семй Алаш қайраткерлерінің ордасы еді. Семейде жүрген Ахмет Байтұрсынов бастаған бір топ алашордашылар Қытай шекарасындағы Үрімші қаласына барып, ондағы қазақ жұртының хал жағдайын біліп қайтуға жолға шыққөан. Ол кезде Үрімшінің көбі қазақ еді Үйлері негізінен саздан құйылған. Орта Азияның көп қалаларын еске салғандай. Біраз үлкен кісілер мен жастар Ахаңның төте әліпбиімен кітап газет оқиды. екен. Ахаңды бұрын көрген адамдар да кездесті. Дегенмен, Ахаң Үрімші қазақтарының тәелсіз автономия құру туралы ойлары да жоқтығын байқаған. Соныменг, Үрімші қазағының және Қытайға жақын басқа ұлттардың басты тұрмысы

  • БІР АУЫЛДАҒЫ  ЕКЕУДІҢ ТАҒДЫРЫ

      Жұмат  ӘНЕСҰЛЫ   ( Махаббат туралы әңгіме) “МЕН СЕНЕН БАСҚАНЫ ӨЛГЕНШЕ  КӨРМЕЙМІН ДЕП СЕРТ БЕРІП ЕДІМ ӨЗІМЕ” “ДЕДІ БУЫНЫП ӨЛЕЙІН ДЕП ЖАТҚАН МАЙСА ДЕГЕН ҚЫЗ.. Бұл БАЙТӨБЕ деп аталатын ауыл. БҰРЫН ҮЛКЕН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ БОЛҒАН.ОҚУ АЯҚТАЛЫП, МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕР МЕКТЕПТІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АЛМА БАҒЫНДА МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРДІҢ ТОЙЫ МЕН  СЫНЫПТАС ЖАРАС ПЕН МАЙСАНЫҢ ТОЙЫ БІРГЕ ӨТЕІЗІЛЕТІН БОЛҒАН. ЖАРАСТЫҢ ƏКЕСІ ФЕРМЕР, АЗДАП ЕГІСТІГІ БАР. Ал Жараспен біргн оқыған Əміренің əкесі əкімшілікте қызмет жасайды, əрі жеміс өсіреді. БҰЛ ЖАРАС ПЕН МАЙСАНЫҢ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ БАСТАЛАЙЫН ДЕП ЖАТҚАНДА БОЛҒАН ТРАГЕДИЯ. ЖАРАС ПЕН МАЙСА МЕКТЕП БІТІРІП,, ӨЗ СЫНЫПТАСТАРЫМЕН МЕКТЕПТІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҮЛКЕН БАҚТА ҮЙЛЕНУ ТОЙЛАРЫН МЕКТЕП БІТІРУ ТОЙЫМЕН ЖАЛ,ҒАСТЫРМАҚШЫ ЕДІ. МЕКТЕПТІҢ БАҒЫ АЛҚЫЗЫЛ ГҮЛМЕН ЖАЙНАП ТҰР. оҒАН ТҮРЛІ ТҮСТІ ЛАМПАЛАР ҚОСЫЛҒАН. сЫРТЫНАН

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: