|  |  | 

Мәдениет Әдеби әлем

Қазақ медицинасы құнды зерттеу еңбегімен толықты

Нұргүл Жамбылқызы

Алматы қаласы ОКЖ-нің №4 кітапханасында Астанадағы «Шипалы» емдеу орталығының бас дәрігері, денсаулық сақтау саласының үздігі, м.ғ.к. Қайрат Айдарханұлының төрт бірдей кітабының тұсаукесері болды. Кеш барысында Қайрат Айдарханұлының жеке өзінің «Қазақ емшілігі», «Арқа төрінде», «Сыр мен Сауыр арасы» және жазушы Жәди Шәкенұлымен бірлескен «Алтай алыптары» атты кітаптары көпшілікке таныстырылып, кеш қонақтарына да таратылды. Дәрігердің кітаптары түрлі тақырыпқа бағытталған. Мәселен, «Қазақ емшілігі» кітабына Қайрат Айдарханұлының ұзақ жылдарғы еңбектері мен зерттеулері енгізілген. Одан бөлек, аталған кітапта қазақ емшілігінде ұдайы қолданылатын дәрілер, табиғи емдеу жолдары топтастырылған. 

Кешке майталман ақын-жазушылар, елімізге белгілі баспагерлер, БАҚ өкілдері мен қалалық кітапхана меңгерушілері қатысты. Соның ішінде, белгілі ғалым, медицина ғылымдарының докторы, академик Мақсұт Темірбаев, медицина ғылымдарының докторы, профессор Уатқан Сәйфілұлы, медицина ғылымдарының кандидаты Исатай Әзімұлы, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының және Еуразия Жазушылар одағының мүшесі Жәди Шәкенұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Аманхан Әлімұлы, Алматы қаласы ОКЖ-нің директоры Роза Қасымбекқызы сынды қонақтар арнайы сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. «Атадан балаға жалғасқан асыл сөзіміз құнын жоймай ғасырлар қойнауынан бізге жетті. Біз енді бұл мұраны байытып, оны бүгінгі күннің озық технологиясымен бірлестіріп, келер ұрпаққа жеткізуіміз керек» , – деген Қайрат Айдарханұлы ұзақ жылғы еңбектері мен ізденістерін өзгелермен де бөлісіп әрі шығармашылықпен байланыстыруды мақсат еткен. Қазірде оның жоғарыда аталған кітаптары Астана мен Алматы қалаларындағы кітапханалардың барлығына тегін таратылған.

“The Qazaq Times”

 

Related Articles

  • ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕКОВ. Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден…

    Біздің елдің жігіттері Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі Олар жайлы ағайын-жұрт не білесің сен осы Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден Өйткені олар ақиқат пен шындық сөздің жебесі.   Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі Біздің елдің жігіттері ұлы мұхит кемесі Осы елден бақ пен қызыр қашпаса екен деп тілеп Осал жерін түзеп жүрген біздің елдің шегесі.   Олар жайлы білгің келсе, ортасына кіріп көр Солар жүрген жолдарменен дәтің барса жүріп көр Ерте туып еш заманның маңдайына сыймаған Қайран біздің қасиетті қара нардай жігіттер.   Біздің елдің жігіттері жігіттердің сырттаны Кешегі өткен ақындар мен батырлардың ұрпағы Ерте туып еш заманның маңдайына сыймаған Өз елінің ұлтаны мен өз елінің сұлтаны.   Сұр бөлтірік

  • Гималай асқан көш куәгері Арыстан қажының өмірі жайлы кітап жарық көрді

    Кеше, 17 наурыз Алматыдағы Manar Palace-та Арыстан қажы Шәдетұлының (Зуқа батырдың немересі) 80 жас мерей тойына орай, той иесінің өмірін арқау еткен, жазушы Байахмет Жұмабайұлының «Аңсаған арман» атты кітабының тұсаукесері өтті. Арыстан қажы туралы деректі филым көрсетілді. Мерей той мен ғұмырнамалық еңбектің тұсаукесеріне алыс-жуық шетелдерден және еліміздің әр жерінен ел ағалары, әдебиет пен өнер өкілдері, өзге де сыйлы қонақтар келіп қатысты. Алыс-жуқтан жеткен ағайын. Аталған кітаптың тұсауын мерей той иесімен бірге Зиябек Қабдылдинов, Досан Баймолда, Әмірхан Меңдеке және Нәбижан Мұхаммедханұлы қатарлы тарихшы, қаламгерлер кесті. «Аңсаған арман» кітабы Бұланайды (Гималай) асып, Үндістан мен Пәкістанды басып Алтайдан Анадолыға жетіп, Еуропаны айналып тәуелсіз Қазақ еліне келген Арыстан Шәдетұлының өмірін арқау еткен.   Қазақтың

  • Алматыда көп балалы отбасыларға домбыра таратылды.

    Алматыда көп балалы отбасыларға домбыра таратылды. Қайырымдылық шарасы барысында қолдарына домбьра алған балалар ән-күйден шашу шашты. Рухани жаңғыру жобасы аясында ұлттық бұйымдарды насихаттап жүрген бастамашыл топ әр отбасына бір домбырадан сыйлауды жөн санапты. Алайда ынталы балалар көп болғанадықтан бір жанұяға екіден, үштен ұлттық аспап берілді. “Балалар телефон, теледидарға телмірмей, қоңыр домбырамен сырласса әлдеқайда пайдалы болмақ. Қазақ арман-тілегі, қайғы-мұңы мен қуанышын қос ішекке сыйдырған, қолына қоңыр домыра алса баланың арманы асқақ, ойы ұшқыр болады”, – деді игі іске ұйытқы болған ұлт жанашыры Салтанат Өмірәлі. Қазақтың көне мұраларын бүгінгі заманға сай ғып насихаттауды мұрат қылған Салтанат Өмірәлінің айтуынша бұндай шара әліде жалғасын табады. “Елбасымыз домбыра күнінде арнайы бекітіп берді. Домбыра күні қарсаңында

  • Хаяо Миядзакидің елестер әлеміне ретроспектива

    Әлем анимациясы сан алуандықтың ортасында адасып, тақырып іздеуде тығырыққа тірелген тұста, біресе оң жақтағы – классикалық ертегілерге, біресе сол жақтағы – соны технологиялық мүмкіндіктерге басын ұрып, даурығып жатқанда жапон анимесі өзінің “диснейлік-емес” әлемін құрастырып үлгерді. Ал Хаяо ақсақалдың бұл әлемді құрудағы қаламының қарқыны ешкімге ұқсамас пішінмен өрнектелді. Миядзакидің әрбір туындысы елестердің, жын-перілердің тілімен сөйлеп тұрғандай әсер қалдырады, қалдырып қана қоймайды – ол әсерден біраз уақытқа дейін арылтпайды, бойды билеп алады. Хаяо Миядзакидің әлемінде әркімнің ішкі қорқыныштары, бейтаныс қараңғылыққа аяқ басардағы санадағы жылт ететін бір сәттік сезімдер ешбір өзгеріске ұшырамай қағаз бетіне бедерленгендей-ақ. Ол әлемнің есігін айқара ашып кірген адам, өзінің дөрекілігінен шошып, тіпті орнынан ыршып тұрып, безіп кетуіне сәл-ақ қалады.

  • «Өш алу» феномені

    Бұл шағын ғана жазбам жасы баршын тартқан қарияның автобустың орындығында отырып қалғып кеткен жас жігітке «неге ғана орын бермейсің, қазіргі жастардың еш ұяты жоқ» деп құлақ тұндыра айқайлаған оқиғасының негізінде жазылды. Сол кезде менің санама басқа бір себептің сәулесі жарқ етіп, «ШЫНТУАЙТЫНА КЕЛГЕНДЕ КІМДЕРДІҢ ӨЗІ ҰЯТЫ ЖОҚ» деген сауал төңірегінде ойға қалдым (Бұл әлеуметтік сұрақтың жауабы маған әлде қайда әріде жатқандай сезіледі). Әйгілі данышпан Сенека «…Болып жатқан оқиғаның барлығы сөзсіз, болуы тиіс нәрсенің белгісі» дейді. Рас, себепсіз еш нәрсе жоқ. Мұны дәрменсіз жастардың әлде бір әділетсіздікке іштей қарсылығы мен бұлқынысы, дәлірек айтсақ «өш алу» әрекеті десек те болатындай. Әлеументтану ғылымы қоғамда әділетсіздік белең алғанда қорғансыз топтың қолынан келері тек кіжіну

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: