|  | 

Әдеби әлем

Хаяо Миядзакидің елестер әлеміне ретроспектива

53352488_10214312034215599_7240475005971070976_o

Әлем анимациясы сан алуандықтың ортасында адасып, тақырып іздеуде тығырыққа тірелген тұста, біресе оң жақтағы – классикалық ертегілерге, біресе сол жақтағы – соны технологиялық мүмкіндіктерге басын ұрып, даурығып жатқанда жапон анимесі өзінің “диснейлік-емес” әлемін құрастырып үлгерді.

Ал Хаяо ақсақалдың бұл әлемді құрудағы қаламының қарқыны ешкімге ұқсамас пішінмен өрнектелді. Миядзакидің әрбір туындысы елестердің, жын-перілердің тілімен сөйлеп тұрғандай әсер қалдырады, қалдырып қана қоймайды – ол әсерден біраз уақытқа дейін арылтпайды, бойды билеп алады.

Хаяо Миядзакидің әлемінде әркімнің ішкі қорқыныштары, бейтаныс қараңғылыққа аяқ басардағы санадағы жылт ететін бір сәттік сезімдер ешбір өзгеріске ұшырамай қағаз бетіне бедерленгендей-ақ. Ол әлемнің есігін айқара ашып кірген адам, өзінің дөрекілігінен шошып, тіпті орнынан ыршып тұрып, безіп кетуіне сәл-ақ қалады. Яки, онда ізіңді салар болсаң, артқа қайтар жол болмайтындай елестейді.

Қазақ даласының сарынымен үндес ерекше дүниетанымға қисық, бүк келмесе де, Хаяо ақсақалдың анимелерін батыс көрермені тыныш истерикамен қарап, мәңгіге сол танымның шеңберінде айналсоқтап жүргендей болады. Онысын «Елестер еліткен» фильмінің құрықтап аларлық қуатынан кейін 2001 жылы әркелкі сыйлықтарын таратып беру арқылы дәлелдеп берді. Шынында, бұл картинаны қарап отырып, адам қиялының шеңберін, шегін ойша бедерлеп отырасың. Әрбір қадамыңды жын мен перілердің талқысына жіберіп, өзінің тірі қалу ережелері бар әлемді құрастырып шығу – есуастың ғана қолынан келетіндей көрінеді.

Хаяо Миядзаки талантының алдында бүкіл әлем бөрігін басынан шешіп те үлгерді.

Желді алқаптан келген Навсикая (1984)

Биологиялық апаттан Желді алқап патшалығы ғана аман қалады. Төніп келе жатқан зұлымдықты тоқтатып, патшалықты аман алып қалу Навсикая ханшайымның ғана қолынан келетін сияқты. Ол бұзылған экожүйенің кесірінен дүниеге келген әркелкі Орман жәндіктерімен ортақ тіл табыса алатын қасиетке ие еді.

Шытырман Лапута: Аспандағы сарай (1986)

Сита есімді қыздың қолына Ұшатын Тас кездейсоқ түсіп қалады. Ал тасты табуға Үкіметтің үздік агенттері мен қатігез Пираттар кіріскен болатын. Пираттар мен агенттерден қашып жүріп, Сита Пазуды жолықтырады. Сол екеуі әртүрлі шытырманға тап болып, Ұшатын Тастың аспандағы сарайға апаратын кілт екенін түсінеді.

Менің көршім Тоторо (1988)

Миядзаки фильмдерінің ішіндегі ең поэтикалық, балаға айтып берер ертегіге татитыны – осы. Оқиға кішкентай Сатсуки мен Мэй ауылға көшіп келуінен басталады. Балалардың ұшқыр қиялын үлкендер түсіне бермейтіні бар ғой. Апалы-сіңлілілер сондай сәттердің бірінде Тоторомен танысады, Ол – орман рухы, тролль. Осылайша үлкендердің назарынан тыс, тылсым әлемнің сыры кішкентай қыздардың алдына көлденең жайылады. Орманның рухы қиялшыл қыздарды әуе саяхатына әкетеді, оларға Орман әлемін таныстырады, ауруханада жатқан анасына барып қайтады.

Кикидің жеткізу қызметі (1989)

Тағы да ертегі. Бұл жолы – үй-ішінен жеке өмір сүруді шешкен 13 жастағы жалмауыз қыз туралы. Жалмауыздар әлемінің ежелгі дәстүрі бойынша, 13-ке енді толған жалмауыз қыз бейтаныс қалада бір жыл өмір сүруі керек. Сол себепті, кішкене Кики өзінің Дзидзи есімді мысығын ертіп, жағалаудағы Корико қаласына қоныс аударады. Ол қалада Кики пошта қызметіне жұмысқа орналасып, ұшқыш сыпырғысымен хат тасуға кіріседі.

Порко Россо (1992)

Бірінші дүние соғысында ерлік көрсеткен Италия ұшқышы туралы хикая. Соғыстан кейін, адамдардан, өзінің жұмысынан, тіпті өзінен де көңілі қалған бұрынғы қаһарман ұшқыш Адриатика жағалауында жалдамалы құтқару қызметіне кіріседі. Тіпті, қызыл доңызға да айналып үлгереді. Оның гидроұшағын көрген аспан пираттары қорқыныштан бұтына жіберіп, басы ауған жаққа қаша бастайды. Бірақ, бәрібір оған жан тыныштығын, рахат сезімін ештеңе сыйлай алмайды.

Мононокэ ханшайым (1997)

Ашитаки ханзада алып қабанды аяусыз өлтіріп, түбі өлтіретін қарғысқа ұшырайды. Бірақ әркімнің тағдыры өз қолында, дейді балгер кемпір. Осы сөзге сеніп, Ашитаки ханзада алыс сапарға аттанады. Сапарлап жүріп, Эбоши ханым басқаратын патшалықтың шекарасына жетеді. Патшалық тұрғындары орман жәндіктерімен аяусыз соғысып жүр екен: жындар, рухтар, алып жәндіктер. Олардың арасында қасқырдан туған аңдардың патшайымы Мононокэ ханшайым да болады. Енді бәрінің тағдыры Ашитакидің шешіміне байланып тұр.

Елестер еліткен (2001)

Кішкентай Тихиро ата-анасымен жаңа үйге қоныс аударды. Нақтырағы – қоныс аудармақшы болады. Олар көшіп келе жатып, жолда адасып кетеді. Сөйтіп, құпия үңгірге тап болады. Үңгірдің арғы бетінде оларды тылсым қала мен ұлан-асыр дастархан қарсы алады. Дастархандағыны қомағайлана жей бастаған Тихироның ата-анасы шошқаға айналып кетеді. Олар ежелгі құдайлар мен құдіретті рухтар әлеміне тап болып, оның патшайымы Юбабаның тұтқынына түседі. Енді кішкентай Тихиро ата-анасын қатігез кемпірдің зұлым ережесі бойынша өмір сүріп, құтаруға тырысуы керек.

Хаулдың жүретін сарайы (2004)

Оқиға 18 жастағы Софиді кемпірге айналып кеткенінен басталады. Оны кемпірге айналдырған жалмауыз бұл қарғыстан шынайы махаббат қана құтқарады деп айтады. Софи құтқарушысын іздеп жүріп, сиқыршы Хаул және оның қызметкері Кальцифермен танысады. Кальцифер Хаулға қызмет етуге міндетті. Оларды құпия келісім байланыстырып тұрады, ал келісімнің шарттарын ешкім білмеуі керек. Енді Софи мен Кальцифер бір-біріне көмектесуді ұйғарады.

Теңіз жартасындағы Понье (2008)

Ел көруге құмар кіп-кішкентай Понье жағалаудағы адамдардың өмірін бақылау үшін үйінен қашып кетеді. Шошақай Понье ойнап жүріп, банкаға қамалып қалғанда, толқын оны жағалауға шығарып тастайды. Бес жастағы Сооске оны тауып алып, бір-біріне бауыр басып қалады. Енді, кішкентай балық Поньенің бір ғана арманы бар – адамға айналу.

Қорытынды

Туындыны туынды деп бағаламас бұрын оның көкжиегі мен шексіз мүмкіндіктерін санада сан мәрте айналдырарсыз. Бірақ Хаяо Миядзаки фильмдерінің қайта-қайта айналған әрбір кадры, әрбір сюжеттік шешімі ойыңыздың беки түсуіне ғана қызмет етеді. Нағыз туындының шынайы құны кәсіби мамандардың дәстүрлі пікірінен, бағалауынан бұрын әркім өз талғамы деңгейінен қарағанда ғана ашылады емес пе.

Хаяо ақсақалдың ескі тақырыптарға жапондық таныммен қарауы, экшн сипатын беруі, жапон діни элементтерінің жүруі, тіпті фольклордың сарқылмас күшін аяусыз пайдалануы да – бәрі, Хаяо Миядзакидің қомбадағы қазынасы.

Ақсақалдың құрметіне ебедейсіз орныңыздан тұрып, асықпай иіліп, бөрігіңізді селқос кетіріп, әр фильмнен ләззат алу ғана қалып тұр. Кім білсін, Тоторо үйіңізде тығылып, Кики қалаңызда хат тасып та жүрген шығар.

Zhalgas Yertayдың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Мұхтар Мағауин. “Аңыз адам” журналына сұхбат 

      – Әмірхан, көпке мағлұм, өзің де білесің, мен сұхбат бергенді жақсы көрмеймін, өйткені өзім жазатын адаммын. Екіншіден, сұхбат алған адамдар сөзді бұрмалап жібереді. 1990 жылы Совет өкіметі құламай тұрып, Мәскеуден жаңадан шығып жатқан орыс газетінің тілшісі арнайы келіп сұхбат алды, бірақ сөзімнің бәрін басқаша бұрмалап жіберіпті, сонан кейін ешқайда «сұхбат бермеймін» деп шештім. Қазақтардан да сұхбат алғандар, менің әңгімемді тыңдағандар басқашалап жатады. Бұдан соң, жиырма бес жылдың ішінде екі-үш рет қана сұхбат беріппін. Саған көңілім түсіп отырғаны – қазаққа пайдалы, әрі танымал басылымға қызметке келіпсің, жақсы көретін, білгір інімсің, меселдең қайтпасын дедім. Оның үстіне, маған көрсетуге «Аңыз адам» журналының бірнеше санын әкеліпсің: Шыңғыс хан, Абылай хан, Абай, Шоқан, Әлихан

  • Таласбек Әсемқұлов. Сұлулықта ояну

    Осы, өлең деген не? Талғам деген не? Жаңа өрнек, жаңалық деген не? Кванттық физиканың пайғамбарлары С.Вайнберг, С.Хокинг, «Ғылым ақыр-соңында жаратылыстың барлық сырын түсіндіріп бере алатын біртұтас, бір ғана теорияға келеді» деген пікір айтады. «Осыдан кейін адам шын мәнісінде болмыстың әміршісіне айналады. Осыдан кейін біздің өркениетті ешқандай апат күйрете алмайды». Әр сөзіне жауап беретін ұлы ғалымдардың пікірі осылай. Мен де армандадым. Өнердегі түрлі ағымдарды, түрлі түсініктерді татуластырып, басын қосып, ақырында ешкім күмән келтіре алмайтын, мәдениеттің, өнердің барлық құбылыстарын түсіндіріп бере алатын бір ғана теория жасалса деп армандадым. Көп оқыдым. Ұққаным, әр ғасырдың, әр қоғамның, әр қабиланың өнер, мәдениет жайындағы өзіне ғана тән түсініктері болады екен. Жылжып уақыт өтті. Есейдім. Осы кезде

  • Бақытбек Бәмішұлының “Алтын Аралдың Арғымақтары” атты шығармашылық кеші өтеді.

    Биыл Оспан батырдың туғанына 120 жыл толуына байланысты “Ер Жәнібек батыр” атындағы халықаралық қоғамдық қоры жыл басынан бері Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп бірқатар мәдени іс-шаралар өткізіп келеді.  Алдағы күндері қор ұжымы Жазушылар одағымен бірлесіп,  аталмыш шаралардың көшін жалғастырып, өнер сүйер жұртшылықты маусымның 19 күні өтетін белгілі ақын-жазушы, публицис, аудармашы, филрлргия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бақытбек Бәмішұлының  шығармашылық кешіне шақырады. Өтетін орыны: Алматы Ұлттық кітапханасы. Уақыты: 19 маусым, сағат 16:00 де. Бақытбек Бәмішұлы: Баян-Өлгей аймағының Бұлғын сұмынында Үлкен Теміртінің Норты жайлауында  1958 жылы 25 мамырда дүниеге келген. 1975 жылы Бұлғын сұмындық 8 жылдық, 1977 жылы Ұланбатыр қаласында Хосе Марте атындағы 52- ші он жылдық орта мектепті бітірген.

  • Жәди Шәкенұлының жаңа бес кітабының тұсауы кесілді.

    2019 жылы сәуірдің 11 күні Алматыдағы Жазушылар одағының әдебиетшілер үйінде, Жазушы Жәди Шәкенұлының Бес бірдей кітабының тұсаукесері болып өтті. Ғылыми зерртеу еңбектер мен көркем әдебиетке бірдей қалам тербеп, еңбек етіп жүрген жазушы осы жолы да оқырман қауымға «Бозмұнар» роман-хикаяттар кітабы мен қатар «Алтай алыптары», «Оспан батыр және Шығыс түркістан мәселелері» атты зерттеу еңбектері, «Қытай қазақтарының әдебиеті» атты әдеби сын-зерттеулері, «Бегзат сөз» атты қаламгер шығармашылығы жайында жазылған өзге авторлардың мақалалар жинағы сынды құнды бес жаңа кітабін ұсынып отыр. Бұларға қоса, оқырмандар сұранысы бойынша  А.Байтұрсын үлгісіндегі төте жазуда «Қаралы көш» кітабы қайта басылып шықты. Биылғы Оспан батырдың 120 жылдығына орай «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры Қазақстан Жазушылар одағының қолдауында, «Ел аманаты»  қоғамдық

  • ҮЛКЕН КҮНӘ?!

    Арыстанбек Мұхамедиұлы Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты САНАЛЫ ҰРПАҚ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан- жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп жетілдіру – аға буынның қоғам алдындағы зор борышы. Демек біздер ұрпақ алдындағы борышымызды өтей отырып, олардың болашағын бұлыңғыр емес, жарқын ету үшін, келесі бір қадам – мойындарына ешқандай ҚАРЫЗ қалдырмауға тиістіміз! Осы күні ҚАРЫЗ МӘСЕЛЕСІ еліміздегі күрделі мәселелердің біріне айналды. Расында, қарыздың қай түрі де оңай емес. Ұлттық банк деректеріне сәйкес, қазақстандықтар екінші деңгейлі банктерге 6 триллион теңге қарыз екен. Сонда жан басына шаққанда әр қазақстандық орта есеппен 900 мың теңгеден аса (!) берешек деген

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: