|  |  | 

Саясат Тарих

“Алғашқы және соңғы демократиялық сайлау”


Алаш Орда ұлттық-территориялық автономиясы үкіметінің мүшелері Алаш қаласына (Заречная Слободка, Семей) көшіп келіп қоныстанған 1918 жылы.

Алаш Орда ұлттық-территориялық автономиясы үкіметінің мүшелері Алаш қаласына (Заречная Слободка, Семей) көшіп келіп қоныстанған 1918 жылы.

Қазақстан билігі биыл маусымда тағы бір кезектен тыс президент сайлауын өткізгелі жатыр. Постсоветтік елдегі бұған дейінгі сайлаулардың ешбірін халықаралық ұйымдар «еркін» деп таныған емес. Осы тұста Азаттық советтік кезеңге дейінгі Қазақстанда өткен алғашқы және соңғы ашық сайлаудың тарихына үңіліп көрді.

1917 жылы желтоқсан айында «қазақ-қырғыз билігін қолына алғанын» мәлімдеген Алаш Орда үкіметі – Ұлт кеңесінің төрағасын сайлады. Көпшілік дауыс алған Әлихан Бөкейхан үкімет пен кеңес төрағасы болып сайланды.

Азаттық тілшісімен сөйлескен зерттеушілердің айтуынша бұл сайлау «бұрынғы хандық дәстүрге сүйенбеген, патшалық Ресейдің ескі заңдарынан құтылған, қазақ халқына сайлау құқығын беріп, демократиялық дәстүрмен өткізген алғашқы сайлау». Сайлаудан кейін көп ұзамай большевиктер билікті күшпен тартып алған соң бұл процесс тоқтап қалды.

АЛАШ ОРДАНЫ ҚҰРУ 

1917 жылы Ресейдегі ақпан төңкерісінен кейін патша өкіметі құлап, бұрынғы Ресей империясының аумағында әртүрлі саяси күш пайда бола бастағанда қазақ оқығандары бірігіп, қазақ жерінің билігін қолға алуға тырысты. Сол жылы қарашада жарияланған «Қазақ» газетінің «Ел қорғау» деп аталатын үндеуі бұл оқиғаларды былайша сипаттайды:

"Қазақ" газеті.

“Қазақ” газеті.

«Қазақ орысқа қарамай тұрған шағында ел басына дау келсе, халық құқығын қорғайтын билері болған, елге тиер жау болса, халықтың мал-мүлкін, жер-суын қорғайтын батырларына ерген азаматтары болған. Россия қол астына кіріп, қолтығына тығылып, паналағаннан кейін біздің құқық, мал-мүлік, жер-суымызға, Россияның өзі болмаса, басқалар батып тие алған жоқ…. Қазірде бізге басыңды, мал-мүлік, жер-суыңды қорғама деп тиятын Россия жоқ, пана болып қорғарлық Россия да жоқ».

Алаш Орда тарихын зерттеуші Мәмбет Қойгелді осы бір аласапыран кезең туралы «Бүкіл империяны қамтыған саяси тұрақсыздық жағдайында сол тұстағы Орынборда шоғырланған қазақ оқығандары өзара кеңес құрып, кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға келу үшін жалпы қазақ съезін құру туралы шешім қабылдап, оны ұйымдастыру ісін бес адамнан тұратын комиссия мойнына алды» деп жазады.

Автордың айтуынша, «съезде Ұлт кеңесін құру керек. Оның әр облыста бөлімі боларға керек. Ұлт кеңесіне халық сенімді адамдарын сайлап, іс жүргізбек керек» деген бастама 1917 жылдың қараша айында жиі көтерілген.

- Сөйтіп, 1917 жылы желтоқсанның 5-інде Орынборда қазақ-қырғыз съезі ашылды. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан, одан тыс жерде тұратын Алтай губерниясы мен Самарқанд облысынан және Қырғызстаннан барлығы 82 өкіл қатысты, – дейді зерттеуші Мәмбет Қойгелді.

Тарихшы Мәмбет Қойгелді.

Тарихшы Мәмбет Қойгелді.

Осы съезде қазақ-қырғыз автономиясын «Алаш» деп атау, милиция құру, оқу білім, ұлт қазынасы, мүфтилік, сот, азық-түлік мәселесі және Ұлт кеңесін сайлау мәселесі күн тәртібіне қойылған.

БӘСЕКЕЛЕС ШАҚЫРУ

Алаш тарихын зерттеушілер съезді ұйымдастырушылардың бірі Әлихан Бөкейханның беделі қазақтың өзге оқығандарынан жоғары екені талас тудырмағанын, соған қарамастан Ұлт кеңесі төрағалығына жалғыз өзінің дауысқа түсуді қаламағанын айтады.

Алаш орда жетекшісінің өмірі мен шығармашылығын зерттеуші Сұлтанхан Аққұлы Әлихан Бөкейхан Ұлт кеңесі төрағалығына өзімен бірге дауысқа түсу үшін сол кездегі Бөкей ордасының сыйлы адамы, ақын Шәңгерей Бөкеевті арнайы шақырған деп санайды.

Зерттеуші Сұлтанхан Аққұлы.

Зерттеуші Сұлтанхан Аққұлы.

- Ол туралы Нұғыман Манаевтың 1933 жылы Қызылордада жарық көрген кітабында айтылған. Әлихан Бөкейхан 1917 жылы «қазақ съезін өткізуге дайындалсын, Бөкей Ордасындағы Шәңгерей Бөкеев жиналыс өткізіп, съезге делегат болсын, кейін Ұлт кеңесінің төрағалығына дауысқа түссін» деген хабар жіберген. Шәңгерей Бөкеевке сәлем жетпей қалған, – дейді ол.

Тарихи деректерде Әлихан Бөкейханның Бөкей Ордасынан Бақыткерей Құлмановты да сайлауға шақырғаны көрінеді. Съезд соңында Ұлт кеңесінің төрағалығына Әлихан Бөкейханнан өзге Бақыткерей Құлманов пен Ақмола өңірінен Айдархан Тұрлыбаев ұсынылған. Санкт-Петербург университетінің шығыс тілдері факультетін бітірген Бақыткерей Құлманов осы съезд төралқасының төрағасы болған.

Облыстық комиссар Бақыткерей Құлмановтың халықты сайлауға шақырған үндеуі. "Ұран" газеті, №9, 9 қазан, 1917 жыл. Сурет Qazybek Quttymuratuly есімді қолданушының Facebook-тағы парақшасынан алынған.

Облыстық комиссар Бақыткерей Құлмановтың халықты сайлауға шақырған үндеуі. “Ұран” газеті, №9, 9 қазан, 1917 жыл. Сурет Qazybek Quttymuratuly есімді қолданушының Facebook-тағы парақшасынан алынған.

Съезді ұйымдастырушылардың бірі Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген Айдархан Тұрлыбаев Ақмола облыстық қазақ комитетінің төрағасы, Алаш орда Ұлт кеңесінің мүшесі болып сайланған.

- Бұл екеуі де Мемлекеттік думада депутат болған, оларды Әлихан Бөкейхан жақсы таныған. Әлихан Бөкейхан жалғыз түссе де, сайланар еді, бірақ ол автономияның, елдің басшысы демократиялық дәстүрмен сайланғаны дұрыс деп санады. Сөйтіп екі есе көп дауыспен сайланды, -дейді Сұлтанхан Аққұлы.

Зерттеуші жалпықазақ съезіне келген 43 делегат сол кездегі Бүкілресейлік құрылтай жиынына делегат болып сайланғандар, сондықтан бұл съезді легитимді съезд, Әлихан Бөкейханды Алаш үкіметінің заңды жолмен сайланған легитимді басшысы деуге толық негіз бар деп санайды.

Алаш орда тарихын зерттеушілердің бірі Болат Мүрсәлім де осы пікірді қостайды. Оның сөзінше, Әлихан Бөкейхан өзін «көсеммін, ұлттың көшбасшысымын» деп санамаған.

- Әлихан Бөкейханның «тірі жүрсем, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сөзі бар, бұл – іштей жауапкершілігі. «Төраға мен болуым керек, мен ғана билік басында болуым керек» деп айтпаған. Сондықтан оның беделді азаматтардың бәрін сайлауға түсуге шақыруы көз алдау үшін жасалды деп ойламаймын, – дейді ол.

Зерттеуші Болат Мүрсәлім.

Зерттеуші Болат Мүрсәлім.

«ӘЛИХАН АЙТТЫ, БІЗ КӨНДІК» ДЕГЕН БОЛҒАН ЖОҚ»

Тарихшы Мәмбет Қойгелдінің зерттеуінде «Ұлт кеңесінің төрағасын сайлау кезінде Әлихан Бөкейхан – 40, Бақыткерей Құлманов – 19, Айдархан Тұрлыбаев 20 дауыс алды» деп жазады.

Зерттеушілер Сұлтанхан Аққұлы мен Болат Мүрсәлімнің айтуынша, дауыс қорытындылары туралы съездің хаттамасынан өзге, дауыс беру процесінің қалай өткені жайлы жазба деректер жоқ.

«Әлихан Бөкейханның беделі зор бола тұра Бақытгерей Құлмановтың 19, Айдархан Тұрлыбаевтың 20 дауыс алғаны – сайлаудың тартысты өткенін білдіре ме?» деген Азаттық тілшісінің сұрағына Сұлтанхан Аққұлы мен Болат Мүрсәлімнің жауаптарында қайшылық байқалды.

- Қазақ оқығандары арасында руға, жүзге, жерге бөлінушілік болмаған еді. Бірақ төраға сайлағанда аңғарылғандай болды. Ақмола облысынан сайланған делегаттар Айдархан Тұрлыбаевты, ал батыс өңірден келгендер Бақытгерей Құлманұлын қолдаған сияқты. Бірақ бәрібір Әлихан Бөкейханұлы көп дауыс алды, – дейді Сұлтанхан Аққұлы.

Зерттеуші Болат Мүрсәлім бұл пікірмен келіспей, съезге келгендер ру деңгейінен ұлттық деңгейге көтерілген адамдар деп санайды.

- Әлихан Бөкейхан беделі зор бола тұра неге 98 пайыз дауыс алмады? Өйткені төраға съезд соңында сайланды. Оның алдында «Алаш Орда автономиясын қазір жариялау керек пе, жоқ па» деген мәселеде тартыс күшті болды. Делегаттардың Жаһанша Досмұхамедов бастаған жағы «қазір жариялау керек» десе, Әлихан Бөкейхан жағы «кейінге қалдыра тұруды» ұсынды. Бұл да [Бөкейханұлының басым көпшілік дауысын алмауына] әсер еткен болуы мүмкін, – дейді Болат Мүрсәлім.

Алайда Болат Мүрсәлімнің сөзінше, автономияны жариялауды қолдаған, қарсы болған және қалыс қалғандардың ешқайсысы бір өңірден немесе бір рудан шыққандар емес.

- Съезде «Әлихан айтты, біз көндік» деген бас шұлғу болған жоқ. Көп мәселе қызу талқыланып, пікір еркіндігі сақталды, әркім сайлау құқығын толық пайдаланды. Балама кандидат ұсынып, сайлау өткізіп түр көрсету болды деп есептемеймін. Сондықтан бұл – таза легитимді, бүкіл халықтың еркін көрсеткен сайлау болды, – дейді Болат Мүрсәлім.

Зерттеушінің сөзінше, сол уақыттағы қазақ баспасөзінде «осы сайлау әділ өтпеді» деген сөз болмаған. Алаш орданың съезінен бөлек Бүкілресейлік құрылтай жиналысына сайлау өтіп, оған кімнің қалай қатысқаны, қанша дауысты қалай алғаны жайлы қазақ баспасөзінде жиі хабарланған.

1917 жылы желтоқсан айында құрылған Алаш Орда үкіметінің қызметі баянды болмады. 1918 жылдың бас кезінде қазақ даласында большевиктер күшейіп, Алаш партиясы мен Алаш орда үкіметін таратты. Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығы сталиндік қуғын-сүргінге ұшырады. Алаш қозғалысының жетекшісі, Алаш Орда үкіметі мен Ұлт кеңесінің төрағасы Әлихан Бөкейхан 1937 жылы атылды.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Азия соқпағы қайда апарады?

    Қуанышбек ҚАРИ Солдан оңға қарай: Әзербайжан президенті Илхам Әлиев, Ресей президенті Владимир Путин, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Филиппин президенті Родриго Дутерте. Валдай пікірталас клубы, Сочи, Ресей, 3 қазан 2019 жыл. Ақорда сайтындағы сурет. Қазақстан президентінің Сочиде айтқан Ресейдің Орталық Азиядағы орны туралы пікірін елдегі ресми баспасөз жарияламады. Сарапшылардың кейбірі Тоқаевтың айтқандарын Қытайға сапардан кейінгі ақталу ретінде бағаласа, кейбірі дипломатиялық ілтипатпен байланыстырады. Өткен аптада Ресейдің Сочи қаласында халықаралық “Валдай” пікірталас клубында сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейді “ұлы мемлекет” деп атады. Қазақстан басшысы Орталық Азияның Ресей империясының бір “бөлігі” болғанын айтып, қазір де Мәскеудің Орталық Азияда “жетекші орынға ие болуы керектігіне” тоқталды. Алайда оның Ресей туралы пікірі Қазақстандағы ресми

  • Қазақ ру-тайпаларының отбасы саны тралы тізім дәптері

    (Цяньлуна жылнамысының 23-жылы 1-ай) 1758-жылы ақпан 21-құжат 1758 жылғы ақпан айында хатталып, тіркелген «Қазақ тайпаларының саны туралы» тізбеде: «Орта жүзде: тарақты, арғын, найман, керей, уақ, төлеңгіт, қыпшақ қа­тарлы 7 тайпа бар», екендігі көрсетіледі де, олардың саны, кімнің билігінде екендігі құжат түрінде жазылған. Көне тарихи мағлұмат ретінде , бұл деректер «Қожаберген батыр»  атты зерттеу кітабтің  192-194 беттерінде толық берілген. Мұнда біз әуелі 21-құжатты ерекше атағымыз келеді, өйткені, өзгеқұжаттарда сақталған мағлұматтарға қарағанда, бұл құжаттың арғытүпнұсқасын өзге емес, Абылай ханның өзі жазып берген. Демек, мұндағыаталған тұлғалар – Абылай хан мойындаған, санасқан Орта жүз қазақбасшылары.                  Ашамайлы-керейдің 10 000 отбасы Тұрсынбай батырдың (Балта-керей Тұрсынбай атанаған батыр. –З.Т.)

  • Ныгматуллинге хат

    Құрметті Нұрлан Зайруллаұлы! Түрік парламентінің спикері М.Шентоп мырза біздің елге келіп кеткеннен кейін біраз мәселенің әлі күнге дейін басы ашылмай қалып отыр. Қазірге дейін нұршылар мен гүленшілер сектасы туралы аз жазылған жоқ. Феткуллах Гүленнің жұмысына сараптама жасап қарасақ, оның жамағатындағы капиталдың жалпы көлемі 50 млрд доллардан асып кетеді екен. Бұл ақшаның бәрін олар заңды жолмен тауып отырған жоқ. «Нұршылардың» есірткі тасымалы мен қару- жарақ саудасы сияқты табысы көп кәсіпке де қатысы болуы мүмкін. Түрік баспасөзі осыған дейін олардың Түркиядағы бар капиталдың 30 пайызына («ислам капиталы») дейін иелік етіп отырғанын талай рет жазды. Мемлекет тарапынан қысым көргеннен кейін нұршылар астыртын әрекетке көшіп, спецслужбаға ұқсайтын арнаулы қызметті де құрыпты. Олар түркітілдес халықтар

  • ДӘСТЕМ САЛ ҚАРАБАСҰЛЫ

    Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы биылғы жылдың сәуір айында еліміздің бас газеті «Егем- енді Қазақстан» газетінде жариялаған мақаласында туған жер тарихын, оның тәуел-сіздігі мен бостандығы үшін күрескен тұлғалар есімін қайта жаңғыртуды ұсынды. Осы ретте бүгінгі қазақ елінің солтүстігінде өмір сүрген ру-тайпалар тарихы осы күн- ге дейін маман-тарихшылар назарынан тыс қалып келе жатқандығ белгілі. Бүгінгі жастар түгіл ақсақалдардың өзі елдің кешегісі турал жарытып ештеңе айта алмайды. Оған оларды кіналаудың өзі қиын сияқты. Кешегі кеңес үкіметі заманындағы қысаң саясат өткенімізді білуге мұрша бермегендін қалай жасыра аламыз. Қазақстанның солтүстігі мен Батыс Сібір өлкесі орта ғасырда біріңғай саяси-этника- лық аумақ болған. Керейдің тайпасының Тайбұға әулеті негізін қалаған, тарихта «Сібір хандығы» деп аталатын мемлекет аумағында тек керейлер

  • ҚОЖАБЕРГЕН БАТЫР

    Бахыт Еженханұлы тарих ғылымдарының докторы , «Қожаберген батыр» кітабының авторы 1756-1767 жылдарда қалыптасқан мәнжу-қытай мұрағат құжаттары негізінде 1. Кітабымызға енгізілген Қожаберген батырға қатысты тарихи құжаттар Қолыңызға тиген бұл кітап абақ крейдің шыбарайғыр руынан шыққан Қожаберген батырдың 1756-1767 жылдары аралындағы тарихы туралы сыр шертетін, өз дәуірінде қалыптасқан нақты мұрағат құжаттар негізінде жазылған. Кітап үш бөлімнен тұрады: 1. Аталмыш тарихи кезеңде қалыптасқан қазақ-цин қарым-қатынасы және ондағы Қожаберген батырдың ықпалы сынды тақырыптарға арналған зерттеулер; 2. Қожабергенге қатысты мәнжу-қытай тілдерінде қалыптасқа нақты мұрағат құжаттардың қазіргі қазақ тіліне аудармалары (тарихи-деректанулық ғылыми талапқа сай, мұнда мәнжу тілдегі құжаттардың транскрипциялары да берілген); 3. Құжаттардың факсимиле көшірмелерінің таңдамалы топтамасы. Кітапқа жалпы 70 құжат енгізілді. Уақыт жағынан айтқанда, бұл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: