|  |  | 

Езутартар Әдеби әлем

«Джуан колбасаны джонып джеп джатырсыңдар ма?»

Қалтай Мұхамеджанов ағамыз жұмысқа келгенде:
– Қалай, джігіттер, джағдайларың джақсы ма? – дейтін сол кезде «ж»-ға «д»-ны қосып айтатындарды кекетіп.
Бір күні «Араның» жауапты хатшысы, марқұм Сайлаубек Жұмабековтің бөлмесінде жұмыстың соңында кішігірім «жетім қыздың» тойын жасап жатқанбыз.
– Есікті жаптыңыз ба? – деген сұрағыма «қорықпа, қатырдым» дегендей Сәкең екі көзін бірдей жұмып, басын шұлғып, бас бармағын қайқайта шошайтты.
Апыл-ғұпыл боп жатқанымызда кенет есік сарт етіп ашылды да, ар жағынан Қал-ағаң көрінді. Не істерімізді білмей қатты сасқалақтадық. Ауыздағыны жұта алмай, қақалып-шашалып тұрған пұшайман түрімізді көріп, Қал-ағаң сыр алдырмай әдеттегідей қалжыңға басты.
– Қалай, джігіттер, джуан колбасаны джонып джеп джатырсыңдар ма? – деді түк болмағандай газет-дастарханымыздағы шала туралған, шынында, жуандау шұжыққа көзін тоқтатып. Сол кезде «ж»-ның алдына «д»-ны қосып айтатын шала қазақтарды кекетіп.
– Келіңіз, Қал-аға, келіңіз, дәм алыңыз, – деп, барымызды ұсына беріппіз бәріміз ыңғайсыздықты жуып-шаюдың ретін таппай.
– Жарайды, ала беріңдер. Әй, Толымбек, бері келіп кетші, – деді де, мені соңына ілестірді.
Дәлізге шыққан соң маған:
– Біз сендердей кезімізде бұл бәлеге нан турап жеген адамбыз. Оған ештеңе айта алмаймын. Ең болмаса есіктеріңді бекітіп алсаңдар қайтеді… Айналаның барлығы адам аңдыған анталаған арыз ғой, абай болсаңдаршы, – деп лифтіге қарай беттеді.
Шын мәнінде қатты ұялып қалдық.

«Ара» жабылғаны – қазақ күлкісінің қара жамылғаны»
Газет-журналдар жаппай жабылып жатқан кез. Қағаз жоқ, қаржы жоқ. «Араға» да тықыр таянды. «Әне жабылады, міне жабылады» деген қауесетпен оянып, қайғымен ұйықтаймыз. Бас редакторымыз – Қалтай Мұхамеджанов. Бір жағынан, ол кісінің бедел-абыройын ойлаймыз да, «Араны» жаптырмайтын шығар деген үмітке жүгінеміз.
Бір күні Қал-ағаң осы мәселеге байланысты «не бүк қылам, не шік қылам» деп артынып-тартынып, орталық комитетке кетті. Тақымды қысып редакцияда біз қалдық. Келді түс қайта. Менің кабинетім 12-қабатта лифтінің тура қарама-қарсысында болатын. Есік ылғи ашық. Кімнің келіп, кімнің кетіп жатқаны көрініп тұрады.
Қал-ағаң келді. Жүзінде жеңістің белгісі бар. Көзінде қуақы күлкі ойнайды. Сөзінде де жеңімпаздықтың желі еседі. Шұбап кабинетіне кірдік.
«Ара» жабылмайтын бопты. Сонда Қал-ағаң не айтқан дейсіз ғой.
– Қағаз жоқ дейсіңдер, бізге жай сары қағаз де жетеді. Анау дүкендердегі май орайтын, ет орайтын сары қағаздар да жарайды бізге. Сонымен-ақ журналды шығара береміз. Бізге сол қағаздарды беріңіздер, бәрібір оны орайтын ет те, май да жоқ қой. Ал «Ара» жабылғаны қазақ күлкісінің қара жамылғаны емес пе? – депті.
Осылай бір ауыз сөзбен «Араны» аман алып қалған еді.

Толымбек ӘЛІМБЕКҰЛЫ                                       zhasalash.kz

Related Articles

  • ҰЛЫ ОТАНЫМ-АНАШЫМ

    Отан ,Отан оттан ыстық көрінген, Отан орын алған жүрек төрімнен. Тәуелсз боп арқасында Алланың , Жұлдыз жәйнап ,ай туған күн көгімінен. Ел болмайды артық туған Еліңнен, Елін сату бірдей болар өліммен. Бірлік деген-бик қамал алынбас, Бөрілерге жем болады бөлінген. Осы күнді қадірейік біз бүгін , Жақсылыққа қосып әр кез ізгі үн. Қанша боздақ құрбан етті өмірін, Алу үшін егемен ел тізгінін . Қанша ғасыр өтті Халқым жылауда, (Көздің жасын көрді ақыр бір Алла ). Ата -Бабам жанын берген бұл күнді, Ешкігнің де хақысы жоқ сынауға. Қанден Иттер аса алмайтын бір белден, (Ірітпек боп ін қазып жұр іргемнен). Талай залым ,зәндендерді көрдік біз , Іші тұтын ,сырты бұтын жүргенмен. Елді тонап

  • СӨЙЛЕ, ҚОБЫЗ!

    Құдай бұйыртса, ұлы жазушы Мұхтар Мағауин ағамыз келесі жылы мерейлі сексен жасқа толады. Арқалы ақын Ғалым Жайлыбай ағамыз күллі қазақ елін құдіретті қаламымен тамсандырып келе жатқан қабырғалы қаламгерге мынандай жыр жолдарын жолдапты. СӨЙЛЕ, ҚОБЫЗ! Мұхтар Мағауинге – Сөйле, Мұхтар Мағауин! Қарашаның ызғары – нұры тайған қарашық. Кісінеп тұр бесті айғыр үйірінен адасып. Қара қобыз сарыны мұхиттарға жанасып, Алты қырың беріде. бес құрылықтан әрі асып… Азынаса қу тақтай жүрекке ұғар тіл берді, Шыңғыс ханның құйқасы шымыр етіп үлгерді… … Армандының арманын замандардан зарлатып – Жалған күннің жалғанын Сізден өзге кім көрді?! Тоғыз қанат ақ орда қоңыр салқын деп қалдым, Қарашаның ызғары қай жағымнан кеп қалдың?.. Ішігіңіз, ағатай, Хандар киер бұлғыннан –

  • ДӘСТЕМ САЛ ҚАРАБАСҰЛЫ

    Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы биылғы жылдың сәуір айында еліміздің бас газеті «Егем- енді Қазақстан» газетінде жариялаған мақаласында туған жер тарихын, оның тәуел-сіздігі мен бостандығы үшін күрескен тұлғалар есімін қайта жаңғыртуды ұсынды. Осы ретте бүгінгі қазақ елінің солтүстігінде өмір сүрген ру-тайпалар тарихы осы күн- ге дейін маман-тарихшылар назарынан тыс қалып келе жатқандығ белгілі. Бүгінгі жастар түгіл ақсақалдардың өзі елдің кешегісі турал жарытып ештеңе айта алмайды. Оған оларды кіналаудың өзі қиын сияқты. Кешегі кеңес үкіметі заманындағы қысаң саясат өткенімізді білуге мұрша бермегендін қалай жасыра аламыз. Қазақстанның солтүстігі мен Батыс Сібір өлкесі орта ғасырда біріңғай саяси-этника- лық аумақ болған. Керейдің тайпасының Тайбұға әулеті негізін қалаған, тарихта «Сібір хандығы» деп аталатын мемлекет аумағында тек керейлер

  • Абайдың Мәшһүр Жүсіпке қойған сұрағы

    Тобықтының еліне сапарлап шыққан Мәшһүр Жүсіп бірер кісімен ақынның үйіне кіріп келгенде Абай оған әлденеше тосын сауал қойып: – Ақымақ басқа адырайып көз бітеді, дуалы ауызға сылдырлаған сөз бітеді. Келбетсіз емес екенсің. Айтшы, құдай қайда? Жұмақ пен тозақ қайда? – депті. Сонда Мәшһүр іркілместен: – Абайдың құдайы қайда екенін білмеймін. Менің құдайым, міне, жүрегімде тұр. Жұмақ пен тозақ әркімнің өз үйінде, қатының ақылды болса – жұмақ, ақымақ болса – тозақ, – деген екен. Абай сонда: «Мәшһүрім, десе дегендей екенсің, төрге шық» – деп құрмет көрсетіпті. *** Ақ неке Ұрпақ! Перзент! Жан біткеннің көкірегін әп-сәтте ізгі сезімге, мақтанышқа, қуанышқа толтыратын қайран жалғыз ауыз қасиетті сөз! Сенің атың да, затың да мәңгілік.

  • Бабалар сөзі:

    Тағбаш халқының алдауына сенгендіктен, Арбауына көнгендіктен, Інілі-ағаның дауласқанынан, Бекті халықтың жауласқанынан, Түркі халқы елдігін жойды …. Түркі бектері түркі атын жоғалтып, Тағбаш атын тұтынып … Міне, Түркі халқының жоғалу тарихы қайда жатыр? *** Араб басқыншылығы: Арабтар келгенімен тек келмеді, Бас болды ат артына бөктергені. Сынтастың жазуларын қырып тастап, Тарихқа қиянат қып өктемдеді … Кешегі ойма жазу орынына Жыландай ирелеңдеп әріп мінді, – З. Рүстембеков *** Еділді тартып алғаны, Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны, Жағаға қолды салғаны. Ойылды тартып алғаны, Ойдағысы болғаны, Қоныстың бар ма қалғаны? – Мұрат Мөңкеұлы *** Көшпенді ел қазаққа жер жоқ десіп, Қазақ жерін мұжыққа берді кесіп. Шариатсыз, низамсыз зорлықпенен, Ауыр тауды мойнына ілді тесіп …

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: